78
Өмірдің бостандығы күйлерде исламдық этика рухымен әр түрлі
теңеулерге баланып беріледі. Оның ең жоғарғы баламасы Құрманғазының
«Ақсақ киік» күйінде бейнеленеді. Мұнда адамдардың кәуһарсыз қиналысы
және ыстық сезімдері аяғы жараланған киіктің қиналысымен теңестіріледі.
Халық жадында музыкалық аспаптардағы саздармен берілетін аңыз-
әңгімелер көп сақталған. Мәселен, «Ақсақ құлан» күйінде «ұлы туралы суық
хабар жеткізген адамның кеңірдегіне қорғасынды ерітіп құямын» - делінген хан
әмірінен соң ешкімнің бата алмаған ісін домбыра орындайды. Домбырадағы
мұңды әуендер арқылы ханға ұлының өлімі туралы суық хабар жеткізіледі.
Домбыраның алдыңғы бетіндегі ойық осыдан қалған деседі.
Аңыздар мен мифтер арқылы біртіндеп қалыптасқан музыкалық
шығармашылық эстетикасы музыканттар мен оларды қоршаған ортаның төл
өнеріне қойған талаптарын айқындауға мүмкіндік береді. Күйшілердің
адамдарды рухтандыратын, мұңын тыныштандыратын қабілеттері жоғары
саналды. Олардың белгілі бір өмірлік жағдаяттарға күй арнауы, адамның
жақсылығы мен даналығын немесе аңыздық адамдарды паш етуі, ақымақтықты,
қорқақтықты, дүниеқорлықты сынауы басты ұстанымдары болды. Музыкант
тамаша музыкалық жадыға ие болуы тиіс, өйткені олардан бір орындаған күйді
немесе әнді жаттап алуы талап етілетін болған. Шығармашылық халық
түсінігінде музыканттың белгілі бір іс-әрекетінің нәтижесі емес, оған алладан
берілген дарындылықтың салдары саналды. Бұған жақсы музыкант болғың
келсе жол айырылысына түнеу керек деген нанымдар дәлел болады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында әнші-сазгерлер жоғары мәртебеге ие болды,
олардың арасында даңқы шыққандарды «сал» немесе «сері» деп атайды. Олар
басқалардан киім киюіне қарай ғана емес, қоғамда өзін ұстау мәнерінің
ерекшелігімен де айрықшаланды. Академик Ә.Марғұланның пікірінше қазақ
салдарының репертуары «эпикалық жырлауымен ғана емес, сондай-ақ
музыкалық-әртістік орындауларымен де, әзіл-қалжың ойындарымен де, кейде
сиқыр-сынды киімдерімен де ерекшеленеді» [177]. Халықтың жадында
көптеген сал, серілер сақталған. Солардың бірқатарына тоқталып өтейік.
ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасының жарқын өкілдерінің бірі Біржан сал
Қожағұлұлы. Ол қазақтың халықтық кәсіби арқа дәстүрлері әндерінің негізін
салушы. Біржан стилі ақындық лебі мен халықты шақырушы негізге ие,
концерттік, виртуоздық-жарқындық стиль саналады. Өйткені оның дауысын
тірілей тыңдауға мүмкіндігі болған адамдар «Біржан ән салғанда оның дауысы
он-он бес шақырым қашықтықтағы ауылға жететін және тау күңірінетін болған.
Мұндай күшті де ұлы дауысты біз бұрын естімеген болатынбыз: кейде ол
ақырын дауыспен ән салғанда аспан асты мен жер үстіндегі бар дүние діріл
қағатын – жер мен тау қозғалатын, теңіз толқитын, тулайтын» деген болатын
[178]. Оның өмірі мен шығармашылығы қазақтың опералық сахнасының
маржанына айналған М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсының
туындауына леп берді. Оның әндерінің арасында қыздардың сұлулығына тәнті
болудан шығарылған «Ләйлім шырақ», «Айтпай» әндері ел арасында танымал
болды.
79
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті қазақ әншілерінің бірі –
Ақан сері. Оның көп қырлы шығармашылығындағы адал атына арнаған
(«Маңмаңгер», «Нұрила»); Жамал қызға ғашықтығы паш етілген
(«Сырымбет»); мұңды күйзеліс, тағдырдың құбылмалылығы туралы ойлар
бейнеленген («Қараторғай»), жауапсыз махаббат жырланған («Мақпал»,
«Құлагер») және т.б. әндерінің орны үлкен.
Жаяу Мұса әндерінің идеялық мазмұны көп қырлы, оның
шығармашылығында әйел-қыздың ауыр өмірінің, бостандыққа ұмтылулары,
назақорлық мотивтерінің бейнелері сынақтық бақылаулар, сатира, табиғат
суреттері арқылы берілген. Мұнда ғашықтық және азаматтық лирика, жоқтау,
мысал үлгілері маңызды орынға ие. Оның әндеріндегі «Ақ сиса», «Хаулау»,
«Толғау» және т.б. әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікке қарсы күрес суреттеледі.
Бірін-бірі сүйетін ғашықтардың лирикалық күйзелістері поэтикалық және
образды түрде «Сұрша қыз», «Шолпан», «Сәулем қыздар», «Гауһар қыз»
әндерінде, «Баянаул», «Жазғы күн», «Ұлытау», «Сарын» және т.б. әндерінде
туған жер табиғаты жырланады.
Қазақтың әнші-композиторы Мұхит Мералиевтің әйел-қыздарға арнаған
лирикалық әндері тұтас бір галереяны құрайды. Оның қартайған шағында
жазылған «Зәуреш» әні барлық балаларынан және жалғыз сүйікті қызынан
айырылған әкенің орасан қайғысы мен терең мұңын шағады. Оның кеңінен
танымал болған «Айнамкөз» әні лирика мен нәзіктікке толы – Мұхиттың сұлу
да шыншыл көзді тамаша қызға арнаған алғашқы әндерінің бірі. Мұхит мектебі
– бұл, жоғары поэтикалық мәтіндегі, тыныстың кеңдігін талап ететін мінсіз,
эмоцияға толы, әсем әнді әдемі нәзік орындау стилі. Мұхит шығармашылығы
әншілерге, оның Орал жағалауындағы замандастарына, сондай-ақ Батыс
Қазақстандағы ізбасарларына көрсеткен өзіндік ықпалы.
Дарынды әнші-композитор Балуан Шолақтың шығармашылығы халық
арасында кеңінен тараған. Оның «Ғалия» әні сүйіктісіне арналған, нәзік
сезімдер жарқын махаббатты жырлайды, өзгеше әуенімен және лирикасының
сабақтастығы тыңдаушысын өзіне баурап алады.
ХІХ ғасырдың соңындағы халықтық-кәсіби әндер орындаушылары
арасындағы басты тұлғаның бірі, «Қарқаралы», «Шіркінай» тамаша әндерінің
авторы - Мәди Бапиұлы. Оның күшті дауысты және виртуоздық вокалды
шеберлікті талап ететін «Қаракесек» әні орындау жағынан күрделілігіне
қарамастан кеңінен танымал болды. Бұл әнде қайғы мен қысымдылықты бастан
кешірген, бостандықты аңсаған халықтың оны жеңуі айтылады. Мұның идеясы
болып күшті еріктің барлық уақытта да біртіндеп күшейіп жеңіп шығатындығы
табылады.
Халық арасында ерекше танымал қазақ әнші-композиторларының бірі,
халықтың сүйіп тыңдайтын «Желдірме», «Шалқыма», «Алтыбасар»,
«Балдырған» және т.б. әндердің авторы Ыбырай Сандыбайұлы. Оның айрықша
танымал әндерінің бірі «Гәкку» сүйікті қызы Хакимаға арналады, автор оның
сұлулығын аққуға теңейді. Оның белгілі әндерінің бірі «Жиырма бес» жастық
шақтың өткендігі, оның қайтып оралмайтындығы өзінің мұңы мен қайғысын
Достарыңызбен бөлісу: |