ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82

28 
 

 
интеллекттің  әрбір  түрі  маманның  кәсіби  құзыреттілігі  болып 
табылатын белгілі бір құзыреттілік түсінігін құрайды;   

 
 ұлттық  музыканың  құралдары  арқылы  тұлғаның  шығармашылық 
дамуы  «вербальді  емес  білім»  негізіндегі  барлық  тәжірибелік  бағыттың 
шынайы 
іс-әрекеттік 
өзара 
байланысындағы 
үдеріске 
тәжірибелік 
бағыттылығын айқындайды; 

 
ұлттық  музыканың  құралдары  арқылы  тұлғаның  интеллектуалды 
дамуы  мәселесінің  жеткіліксіз  зерттелуі,  аталған  дамудың  диагностикалық 
әдістемесін жасауды қажет етеді.  
Сонымен,  біздің  анықтауымызша  «интеллект  дегеніміз    адамның  ақыл-ой 
бастамасы мен эмоцияналдық күйзелісі бірлестігіндегі ойлау мүмкіндігі». Осы 
тұжырымды нақтылай түсу және студенттердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы 
интеллектуалды  дамуының  мәнін  анықтау  мақсатында  оның  психологиялық 
аспектілері  мен  ерекшеліктері  қарастырылады.  Осы  мақсатта  шетелдік  және 
отандық  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерге  талдау  жасалады.  Ол 
туралы келесі параграфта кеңінен баяндалады.  
  
1.2  Студенттерді  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың  психологиялық ерекшеліктері 
Бүгінгі музыкалық білім берудегі негізгі күрделі мәселенің бірі  - музыка 
пәні  мұғалімдерінің  озық  технологиялар  мен  әдіснамаларды,  жастардың 
психикалық  және  интеллектуалдық  дамуын  диагностикалаудың  әртүрлі 
тәсілдерін  меңгерген  мамандар  даярлаудың  жаңа  деңгейіне  ауысуы.  Осы 
тұрғыдан  бастапқы  міндеттердің  қатарына  студенттердің  жеке-типологиялық 
сипаттамалары  жатады.  Тағы  бір  міндеттердің  бірі  болып  музыка 
мұғалімдерінің  шығармашылық  даралығы  мен  жан-жақты  дамуына  мүмкіндік 
беретін  білім  мазмұнын  жобалау  табылады.  Осылайша,  21-ші  ғасырдағы 
жоғары  педагогикалық  білім  беруді  жаңғырту  барысында  оқыту  мен  жеке 
тәсілдерді енгізу мүмкіндіктері қарастырылады [50]. 
Студенттердің  даму  мәселесін  зерттеу  барысында  тұлғаның  біртұтас 
дамуын  есте  сақтау  қажет.  Осыған  байланысты  оның  біртұтастығы  мен 
тұрақтылығын 
қамтамасыз 
етуде 
тұлғаның 
интеллектуалдық 
даму 
құрылымының өзара байланысын ескерген жөн.   
Л.М.Митина,  В.В.Сериков  және  т.б.  ғалымдар    тұлғалық  мәселені 
объективті  негіздеуде  оны  қоршаған  әлемдегі  өзара  байланыстың 
белсенділігінен  туындайтын  жаңа  бейнедегі  психологиялық  адам  тұрғысынан 
қарастырған [51-52].  
Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды  дамытуды  
анықтау  үшін  тұлғаның  құрылымдық-мазмұндық  кешенін  зерттеудегі  әртүрлі 
ғылыми тәсілдер сарапталды.   
С.Л.Рубинштейн  тұлғаның  табиғи  психологиялық  шығармашылығын 
ашуда  мынадай  құрылымдық  элементтердің  өзара  байланысын  анықтады:  
тұлғаның  бағыттылығы  (динамикалық  тұжырымдаманы  ерекшелейді) 
ынталандырушылық,  қажеттіліктерін,  қызығушылықтарын,  ойларын  анықтау; 


29 
 
сипаты  адамның  әлемге  деген  қарым-қатынасын  анықтайтын  жалпылама 
белгіленген жүйесіндегі жеке тұлғаның қызығушылығын ояту;  қабілет қандай 
да  бір  шығармашылық  қызметтің  түрлерін  жүзеге  асырудағы  табыстылықты 
қамтамасыз  ететін  психикалық  құрам,  тұлғалықты  анықтау.  Ол  тұлғаның 
қабілетіндегі  психологиялық  мән  деп,  тұлғаның  бір  материалдан  басқа 
материалға  қол  жеткізуі  барысындағы    психологиялық  іс-әрекеттің  дұрыс 
қалыптасуын  қажетсінуінен    көрінеді,  деген  тұжырымға  келеді.  Оның 
шығармашылық ерекшелігінің сапалық қабілеті жалпыға ортақ болуынан талап 
етіледі [53].  
В.В.Сериковтың  еңбегінде  тұлғалық  түсінік  «адамның  өзінің  мәні  мен 
мүмкіндігін,  қоршаған  ортамен  (басқа  адамдармен,  табиғатпен  өзара 
байланысы)  байланысын  түсінудегі,  оны  жүзеге  асырудағы  кіріктірілген 
қабілеттің  (нағыз  және  әлеуеттік)  және  оны  (қабілетін)  өмірлік  тіршілік  пен 
адамдардың  өзара  қарым-қатынасында    қолдануын»  қамтиды.  Ол  адамды 
физикалық,  эмоционалдық,  интеллектуалды  және  рухани    тұрғыдан  төрт 
құрамға бөліп сипаттайды [52, 88 б]. 
Л.М.Митина  тұлғаның    бағыттылық,  кешендік,  иілгіштік  (эмоционалдық 
және мінез-құлықтық) ерекшеліктерін анықтаған [51, б. 167].  
Э.Ф.Зеердің  жұмысында    болашақ  маман  тұлғасының  кәсіби  құрылымы 
ұсынылған  [48,  51  б].  Ол  тұлғалық  құрылым  негізінде  тұлғаны  белсенді  іс-
әрекет  пен  әлеуметтік  байланыстың  субъектісі  ретінде  сипаттайды.  Сондай-ақ  
ол  маманның  төрт  тұлғалық  құрылымын  былайша  сипаттайды:  кәсіби 
бағыттылық  (бейімділік,  қызығушылық,  қарым-қатынас,  күту,  орнату, 
ынталар);  кәсіби  құзіреттілік  (білімдер,  іскерліктер,  дағдылар,  біліктіліктер); 
кәсіби  маңызды  сапалар  (зейінділік,  бақылаушылық,  шығармашылық, 
табандылық, мазмұндық, өзін-өзі бақылау, дербестігі және т.б.); кәсіби мәндегі 
психологиялық-физиологиялық 
құрам 
(энергетикалық, 
нейротикалық, 
экстравертировалық, көру-қозғалу координациясы, реактивтілік және т.б.).   
Зерттеушілер тұлғалық құрылымның кешенін қарастыра отырып шамамен 
20%  (E.Л.Яковлева  [36,  б.  23])  адамның  өмірдегі  табыстылығын  анықтайтын 
интеллектуалды  даму  деңгейінің  көрсеткіші  интеллектуалды  мәнділік 
(Б.Г.Ананьев [44, б. 306]) екенін айқындайды.  
Тұлғаның  интеллектуалдық  әлеуетін  қалыптастыруға  байланысты 
қажеттілік 
танымды 
зерттеудің 
мәселесіндегі 
ерекшелік 
Қазақстан 
Республикасының  жоғары  мектептерінде  тәжірибелік  білім  берудің  заманауи 
даму  жағдайына  ие  болады.    Мәселен,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық  университетінің  ғалымдары  «Қазақстан  Республикасының 
үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  ұлттың  интеллектуалдық  әлеуетін  дамыту» 
жобасын  жасады  (С.Ж.Пралиев  [54],  Ж.И.Намазбаева  [55]).    Онда  Қазақстан 
Республикасында  білім  алушы  тұлғалардың  интеллектуалды  дамуының 
мақсаты  мен  міндеті,  әдіснамалық  негіздері  мен  даму  принципі,  негізгі 
ерекшеліктері,  тұлғаның  дамуы  үшін  жағдай  мен  ресурстарды  қамтамасыз 
етудің  бір  текті  жобалық  тұжырымдамалары  құрастырылған.  Авторлар 
тұлғаның әлеуетін ашу мақсатында  алдымен, оның интеллектуалды қабілетінің 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау