ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82

30 
 
қалыптасуына, ой-өрісінің кеңеюіне, білімнің толығуына мән береді. Олардың  
интеллектуалды 
даму 
деңгейін 
анықтау 
нәтижесінде 
студенттердің 
интеллектуалды дамуын жоғары деңгейге көтерудің   мақсаты мен міндеттерін 
анықтайды,  аталған  дамудың  олардың  түрткісі  мен  ынтасы,  қажеттілігіне 
сәйкес  қалыптастыруды қарастырады.  
Абай 
атындағы 
ҚазҰПУ-ның 
Психология 
ҒЗИ-да 
профессор 
Ж.И.Намазбаеваның  басшылығындағы зерттеу тобы интеллектуалды тұлғаның 
интеллектуалды  дамуының  кіріктірілген  моделін  жасаған,    факторларын,  
интеллектуалды  тұлғаның  шығармашылық  дамуындағы  оңтайлы,  әлеуметтік 
және ноосфералық, тұлғалық қабілеттерді анықтаған. 
Біздің зерттеуіміз үшін Е.М.Арынның еңбегі қызығушылық тудырады. Ол  
адамның дамуы болып саналатын интеллектуалды саланы құрайтын негіздерді  
анықтап,  жіктеп  көрсетеді:  физикалық,  қажеттілік-ынталандырушылық; 
бейнелік, жобалық-шығармашылық; коммуникативтік; эмоционалдық-сезімдік. 
Осы ретте автор тұлғаның әлеуметтік құрылымында келесі кешенді анықтаған: 
психофизиологиялық 
әлеует 
(физикалық, 
психикалық, 
әлеуметтік); 
психологиялық-педагогикалық 
әлеует 
(ынталандырушылық, 
мақсаттық, 
саналық); 
әлеуметтік-педагогикалық 
әлеует 
(білім 
беру, 
тәрбиелік, 
ұйымдастырушылық) [56].    
Заманауи психологиялық-педагогикалық әлеуетті талдау барысында ғалым 
Ш.Т.Таубаеваның  «интеллектуалды  әлеует  –  тұлғаның  интеллектуалдық  даму 
деңгейі,  шығармашылық  мүмкіндігі,  елдің  ресурстары,  салаларындағы 
кешендік  ерекшеліктер»  деген  тұжырымын да негізге  аламыз.  Оның  зерттеуін 
екі  бағытта  қарастыруға  болады:  білімді  меңгеруші  адамның  танымдық  және 
қайта  жасаушы  қызметке  бағытталатын  жиынтығы;  қоғамның  мақсатқа  жету 
жолдары  арқылы  жүйенің  материалдық-техникалық  формасы  мен  таңбалық 
жүйесі,  мәдени  білімі,  әлеуметтік,  техникалық,  ғылыми  жиынтығы. 
Интеллектуалдық әлеует қоғамның генетикалық қорын, мәдениетін, ғылымын, 
танымы мен білім беру жүйесін, қоғамдық даму деңгейін анықтайды.   
Ш.Т.Таубаева  болашақ  маманның  тұлғалық  әлеуетін  оның    жүйелік 
құрамы тұрғысынан  анықтауда  тұлғалық синтез және кәсіби сапа оның кәсіби-
тұлғалық  дамуы  мен  тиісті  дейгейге  жеткізудің  кәсіби даярлығын  қамтамасыз 
етудің  негізіне  сүйенеді.  Ол    студенттердің  құрылымындағы  гносеологиялық 
әлеуетті  оларға  жалпы  білім  беру,  оларды  кәсіби  және  арнайы  даярлаудың 
жүйесі ретінде қарастырады [57].   
Біз  автордың  көзқарасын  толық  қолдай  отырып,  елдің  интеллектуалдық 
әлеуеті ондаған жылдар бойы, ғасырлар бойы халықтың даму құралы ретінде 
қоғамның  алға  жылжуы,  оның  мәдениеті  дамуының  жинақталған  әлеуеті 
болып табылатынын байқадық. Бұл тек қана елдегі білімді адамдардың, атап 
айтқанда    ғалымдардың,  суретшілердің,  инженерлердің,  әртістердің, 
педагогтардың, жазушылардың және т.б. санымен өлшенбейтіндігін білдіреді.  
Бұл  –  дербес  танымның  деңгейі  мен  жекелеген  тұлғаның  және  барлық 
халықтардың  ақыл-ой  сапасындағы  қызметі,  әртүрлі  халықтардың,  әсіресе 
қабілетті, талантты және білімді – интеллектуалды таңдаулы топтың белсенді 


31 
 
ақыл-ой  деңгейі.  Автордың  сөзін  толықтары  келе,  Қазақстанның  болашақ 
интеллектуалды  таңдаулы  тобын  қалыптастыру  үшін  ұлттық  музыканың 
үлкен қорының  мәнін ашу қажеттігін айтамыз.    
Соңғы жылдары Қазақстандық зерттеуші Л.М.Нарикбаева интеллектуалды 
ұлттың  субъектісін  «интеллектуалды  тұлға»  түсінігімен  байланыстырады. 
«Интеллектуалды  тұлға»  анықтамасында  заманауи  қазақстан  қоғамының 
полиэтникалық даму кезеңі үшін беделді, адамгершілік-рухани сапасы дамыған, 
интеллектуалдық-шығармашылық  әлеуеті  терең,  ұлттық  дербес  танымның 
жоғары  деңгейімен  ерекшеленетін,  интеллектуалды  қабілетінің  арқасында 
инновациялық-шығармашылық  дербес  білім  беру  қызметіне  дайын,  өмірдің 
барлық кезеңіндегі қарым-қатынас деңгейі жоғары тұлға деп есептейді.  
Біздің  пікірімізше,  автор  «тұлғаның  интеллектуалды  әлеуеті»  жөніндегі 
түсінігін  интеллектуалды  ұлтты  қалыптастыру  ұғымымен  сәйкес  анықтаған. 
Ол  тұлғаның  интеллектуалды  әлеуетін  қалыптастыру  факторын  анықтай 
отырып,  оларды  интеллектуалдық  және  шығармашылық  қабілеттің 
арасындағы  жалпы  байланысты;  интеллектуалды-шығармашылықтағы  мінез-
құлықтағы  жекелеген  механизмді,  белгілі  бір  қызмет  саласындағы  тұлғаның 
әлеуметтік  бағытын,  әсер  ету  ортасын  (оқу,  ғылыми,  кәсіби)  негіздейді.  
Л.М.Нарикбаева  тұлғаның  интеллектуалды  әлеуетін  «жеке  психологиялық 
жүйе»  (ең  алдымен,  ақыл-ой  ресурстары)  және  тұлғаның  ресурстары  (оның 
білімі,  білігі,  сенімі,  бағыттылығы  және  т.  б.)  тұрғысынан  қарастырады.    Ол  
тұлғаның «туа біткен» және «жүре пайда болған» мүмкіндігін ескере отырып 
оның  шығармашылық  әлеуметтік-белсенді  іс-әрекетін  іске  асыруға,  өзін-өзі 
жүзеге асыру мен өзін-өзі дамытуына септігін тигізетіндігін» айтады  [58].  
Отандық 
зерттеушілер 
ұлттың 
интеллектуалды 
әлеуетін 
қалыптастырудың қоғамдық мәні мен маңызын негіздейді. Олар осы тұрғыдан  
адам  қарым-қатынасының    жеке  тұлғалық,  субъектілік,  адамилық  және 
даралық төрт бағытын және  олардың даму жолдарын қарастырады. Бұл жерде 
біз  акмеологиялық  тәсілді  негізге  ала  отырып  болашақ  маманның 
интеллектуалды  дамуы,  оның    сапасының  жоғары  шыңына  жетуі  тиіс  деп 
түсінеміз:   
–  жеке  тұлға  тұрғысынан  –  жекелеген  адамның  өзіне  тән  әдетінің, 
қабілетінің, талантының болуы; 
–  субъектілік  –  кәсіби  қызметіне  қойылған  талаптарға  сәйкес  әлеуетін 
жүзеге асыра алуы және  жетістікке жету, нәтижелерге қол жеткізу қабілетінің  
болуы; 
–  адамилық – адамның кәсіби-мазмұндық, әлеуметтік жүйедегі тұлғалық 
сапасының болуы; 
–  даралық – әрбір жеке тұлғаның қайталанбас ерекшелігіндегі қасиеттер, 
оның біртұтас интеллектуалдық мәніндегі құрылымдардың жиынтығы [59].    
Әрине, біз болашақ маманның интеллектуалды дамуын осы төрт бағытта 
жүргізу  қажеттігін  қолдаймыз.  Дегенмен,    студенттің  даралығы  қарым-
қатынас  жасау  мен  қызметі  жағынан  (оқу-кәсіби  және  ғылыми)  мінез-
құлқының  ерекшелігіндегі  өнімнің  жас  шамасына  сәйкес  келетін  әлеуетті 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау