Халықаралық төлемдер жəне ақша аударымдары Банк тарапынан халықаралық банк
тəжірибесінде қолданылатын жəне ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін
нысандарда, тəсілдермен жəне тəртіпте жүзеге асырылады.
Төлем құжаттарының жасанды екендігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда, ақшаның
шотқа қателікпен аударылу дерегі анықталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасымен жəне Банкпен жасалған шартты қарым-қатынастармен
белгіленген жағдайларда Банк клиенттердің (депозиторлардың) келісімінсіз олардың
шоттарындағы ақшаны алуға құқылы.
24. Қолма-қол ақшалай жəне қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сату/сатып алу Банкпен
белгіленген бағам бойынша жүзеге асырылады. Осыған қоса шетел валютасын қолма-қол
ақшасыз түрде сату/сатып алу барысында операция жүргізілген сəтке сəйкес қолданыста
болған Банк тарифтері бойынша айырбастау үшін комиссия алынады.
25. Банк чектер бойынша келесі операцияларды жүргізеді: (а) American Express жол чектерін
сатады жəне қолма-қол ақша етіп береді; (б) Citicorp
Mastercard Travellers Cheques, Thomas
Cook
Group Ltd, Visa жол чектерін қолма-қол ақша етіп береді; (в) ағымдардағы шоттардан
қолма-қол ақша алу үшін заңды тұлғаларға ақшалай чектері бар чек кітапшасын береді; (г) əр
түрлі қызметтер көрсетілімдерге (мысалы, оқыту үшін) төлем жасау мақсатында
қолданылатын коммерциялық чектерді сатады; (д) жол чектерін жəне коммерциялық
чектерді инкассоға қабылдайды.
26. Банк əр түрлі халықаралық төлем жүйелерінің (Visa Inc., MasterСard Worldwide, American
Express жүйелерін қоса алғанда) төлем карточкаларының кең ауқымын теңгеде жəне Банкпен
анықталған шетел валюталарында шығарады. Осыған қоса Банк Diner’s Clubкарточкаларына
қызмет көрсетеді.
Банк Клиенттерге төмендегілерді ұсынады:
• төлем карточкасын ұстаушының шотындағы ақша қалдығының шегінде, сондай-ақ –
жекелеген өнімдер бойынша – Банк кредиті (кредит лимиті) есебінен ақша жұмсауға
мүмкіндік беретін дебеттік төлем карточкалары;
• төлем карточкасын ұстаушы шығыс операцияларын өзінің Банкпен белгіленген тəртіпте
өтейтін Банк кредиті (кредиттік лимит) есебінен жүргізуіне мүмкіндік беретін кредит
карточкалары;
• алдын ала төленген карточкалар.
Сонымен қатар Банк заңды тұлға жəне жеке кəсіпкер болып табылатын Клиенттеріне
төмендегілерді ұсынады:
• ұстаушылары заңды тұлғаның жұмыскерлері болып табылатын корпоративтік төлем
карточкалары;
• заңды тұлға жұмыскерлерінің жалақысын жұмыскерлердің шоттарына есепке қосуға
мүмкіндік беретін Банктің жалақы жобаларына қатысу;
• сауда жəне қызмет көрсету кəсіпорындарына төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет
көрсеті мүмкіндігін беретін эквайринг қызметтері.
Клиент алатын төлем карточкаларының санына жəне түрлеріне шектеулер қойылмайды.
Клиент, Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір шотқа төлем
карточкаларының бірнеше түрін шығаруға өтініш бере алады. Шот иелері – жеке тұлғалар
басқа жеке тұлғаларға, осындай тұлғаларға қосымша карточкалар шығарту арқылы аталған
карточкаларға ақша жұмсау лимитін белгілеумен немесе белгілеусіз өзінің шотына қол
жеткізу мүмкіндігін ұсынуға құқылы.
27. Банктің осы бөлімде көрсетілген операцияларды жүргізуінің нақты талаптары Банктің ішкі
нормативтік құжаттарында жəне/немесе клиенттермен жасалатын нақты шарттарда
белгіленеді.
5-бөлім. Вексельдермен операциялар жəне
бағалы қағаздар нарығында операциялар жүргізудің жалпы шарттары
28. Банк Лицензияларға, ҚР заңнамасына жəне Банктің ішкі құжаттарына сəйкес бағалы
қағаздар нарығында келесі кəсіби қызметті жүзеге асыруға құқылы: номиналды ұстаушы
ретінде клиенттердің шотын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік
жəне дилерлік қызмет; кастодиан қызметі.
Брокерлік жəне дилерлік қызмет аясында Банк, оған ҚР қолданыстағы заңнамасымен рұқсат
етілген бағалы қағаздармен жəне қаржы құралдарымен мəміле жасауға құқылы.
29. Банк Лицензияларға, ҚР заңнамасына жəне Банктің ішкі құжаттарына сəйкес келесі
вексельдермен операцияларды жүзеге асыруға құқылы: есеп операциялары, вексельдерді
инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельге төлем жасауы бойынша қызметтер ұсыну,