Жалпы шарттары туралы ережелер



жүктеу 5,11 Kb.
Pdf просмотр
бет2/42
Дата21.12.2017
өлшемі5,11 Kb.
#5101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

ҚР  заңнамасымен  тікелей  белгіленген  жағдайларда,  Банк  салық  органдарына  шоттың 
ашылуы жəне жабылуы туралы хабарлама береді. 
Заңды  тұлғалардың  жəне  жеке  тұлғалардың  банктік  шоттары  клиенттің  таңдауы  бойынша 
ұлттық  валютада  (теңге),  АҚШ  долларымен,  еуромен  жəне  бұл  жағдай  Банктің  ішкі 
нормативтік құжаттарымен қарастырылған болса, басқа валютада ашылуы мүмкін. 
Заңды  жəне  жеке  тұлғалармен  ашылатын  банктік  шоттардың  санына,  сондай-ақ  банктік 
шоттар бойынша ең жоғары қалдық көлеміне шектеу қойылмайды.   
Кəсіпкерлік  қызметін  заңды  тұлға  құрусыз  жүзеге  асыратын  жеке  тұлғалар  заңды  тұлға 
шотының  тəртібі  (кəсіпкерлік  қызметпен  байланысты  операцияларды  жүзеге  асыру  үшін) 
бар  жəне/немесе  жеке  тұлға  шотының  тəртібі  (кəсіпкерлік  қызметпен  байланысы  жоқ 
операцияларды жүзеге асыру үшін) бар банктік шоттарға ие болуы мүмкін. Бұл ретте банктік 
шоттың тəртібі бакнтік шоттың тиісті шартының талаптарымен анықталады.    
8. 
Жинақ шоттары салымдарды орналастыру үшін арналған. Банк салымдары дегеніміз – түрлі 
дəрежедегі  клиенттерге  ақшаны  өз  атына  немесе  клиенттің  ақшаны  сақтау,  жинақтау  жəне 
салым бойынша сыйақы түріндегі кіріс алу қажеттігіне байланысты анықталған талаптарына 
сəйкес  үшінші  тұлғаның  пайдасына  Банкте  сақтауына  немесе  жинақтауына  мүмкіндік 
беретін өнімдер кешені. Банкпен ұсынылатын салымдар жедел жəне шартты болып бөлінеді.   
Салымдар бойынша өнімдер үш негізгі топқа бөлінеді: 
•  бактегі  салымдарға  орналастыруға  уақытқа  бос  ақша  қаражатына  ие  заңды  тұлғаларға 
ұсынылатын өнімдер;  
•  ҚР  аймағындағы  қызметі  өз  тараптарынан  ҚР  заңнамасын  орындалуы  мақсатында 
арнайы салымдарды орналастыруды қажет ететін клиенттерге ұсынылатын өнімдер; 
•  жеке тұлғаларға ұсынылатын өнімдер. 
9. 
Салымды  қабылдау  барысында  Банк  пен  клиент  арасында  салымды  қабылдау  жəне  беруге 
байланысты  барлық  талаптар  көрсетілген  банктік  салым  шарты  жасалады.  Банктік  салым 
шартымен қарастырылған салым сомасы жəне мерзімі Банк тарапынан салымның тиісті түрі 
үшін белгіленген ең төменгі салым сомасы жəне мерзімінен кем болмауы тиіс.  
10.  Заңды тұлғалардың салымдары бойынша сыйақыға, сыйақыны есептеу немесе төлеу күніне 
сəйкес  қолданыста  болған  ҚР  салық  заңнамасымен  белгіленген  тəртіпте  жəне 
мөлшерлемелер  бойынша,  төлем  жасау  көзінен  ұстап  қалу  арқылы  салық  салынады 
(Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасына  сəйкес  салымдары  бойынша  сыйақысына 
төлем көзінен  табыс салығы салынбайтын заңды тұлғаларды қоспағанда). Бұл ретте, Клиент 
өтініш  берген  жағдайда,  оның  алдағы  уақытта  салық  органдарымен  есептесуі  үшін  Банк 
төлем көзінен ұсталатын табыс салығы туралы тиісті анықтаманы ұсынады.     
Жеке  тұлғалардың  салымдары  бойынша  сыйақыға  төлем  көзінен  ұсталатын  салық 
салынбайды. 
11.  Жеке тұлғалардың Банкке енгізетін салымдары жəне ағымдағы шоттарындағы қалдықтар ҚР 
қолданыстағы  заңнамасымен  белгіленген  тəртіпте  жəне  талаптарда  жеке  тұлғалардың 
салымдарын (депозиттерін) міндетті кепілдендіру (сақтандыру) нысаны болып табылады.  
12.  Заңды  жəне  жеке  тұлғалардың  салымдары  бойынша  сыйақыны  есептеу  үшін 30 күнге  тең 
шартты ай жəне 360 күнге тең шартты жыл қабылданған. Бұл ретте қосымша жарналар жəне 
олардың бөліктерін шоттан алу (егер ондай жағдайлар орын алған болса) ескеріле отырып, 
салымның жинақ шотында болуының нақты мерзімі есепке алынады.  
Салым  бойынша  сыйақыны  төлеу  салымшының  Банктегі  ағымдағы  шотына  есепке  қосу 
арқылы немесе жинақ шотындағы салымға қосу (капиталдау) арқылы салымның шарттарына 
байланысты  бір  жолғы  тəртіпте  немесе  қандай  да  бір  мерзімділікпен  (ай  сайын,  тоқсан 
сайын, жыл сайын жəне т.б.) жүргізіледі. 
Салым  мерзімінің  барысында  салым  бойынша  сыйақы  мөлшерлемесі  Банк  тарапынан 
келесілерге өзгертілуі мүмкін: 
•  салым  немесе  оның  бір  бөлігі  (егер  тиісті  салым  бойынша  салымның  бөліктерін  алуға 
жол  берілетін  болса)  мерзімінен  бұрын  талап  етілген  жағдайда – банктік  салым 
шартында  бекітілген  салым  шарттарын  ескерумен,  осындай  талап  ету  күніне  сəйкес 
Банктің уəкілетті органымен бекітілген мөлшерлемеге. Бұл ретте, егер салым шартымен 
басқасы  қарастырылмаған  болса,  осындай  өзгертілген  сыйақы  мөлшерлемесі  бойынша 
салым бойынша сыйақы  салымды орналастырудың толық мерзімі үшін қайта есептеледі; 
•  банктік  салым  шартының  əрекет  етуінің  мерзімі  ұзартылған  жағдайда – осындай 
мерзіміне  ұзарту  күніне  сəйкес  Банктің  уəкілетті  органымен  тиісті  түрдегі  салымдар 
(жəне тиісті мерзімі жəне валютасы) түрі үшін бекітілген мөлшерлемеге; 
•  маңыздылығына салым бойынша белгіленген сыйақының мөлшері байланысты болатын 
шарттар  өзгерген  жағдайда – осындай  шарттардың  жəне  мəніне  жəне  банктік  салым 


шартының  талаптары  негізге  алына  отырып  анықталатын  мөлшерлемеге.  Аталған 
өзгертулер қосымша келісім жасау арқылы енгізіледі;  
Салым шартында анықталған талаптарда жəне тəртіпте банктік салым шартын бұзу арқылы 
банктік салым шартының əрекет ету кезеңінің кез келген уақытында талап етілуі мүмкін.  
Жеке  талаптардағы  шарттарды  жасау  барысында,  сондай-ақ  Банкпен  ұсынылатын 
стандартты  емес  өнімдердің  шеңберінде  сыйақыны  төлеу  тəртібі  жəне  шарттары 
Ережелердің  осы  тармағында  анықталған  шарттардан  өзгешеленуі  мүмкін.  Осындай 
жағдайларда сыйақыны төлеудің тəртібі мен шарттары салымшылармен жасалатын банктік 
салым шарттарымен анықталады. 
13.  Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу барысында Банк Жеке тұлғалардың 
салымдарын  (депозиттерін)  кепілдендіру  қорының  шекті  мөлшерлемелерін,  депозиттер 
нарығындағы  мөлшерлеме  деңгейін,  банкаралық  ресурстардың  құнын,  ҚР  ҰБ  қайта 
қаржыландыру  мөлшерлемесінің  көлемін,  қаржы  нарығының  коньюнктурасын  жəне  
бағаның құралуының басқа жа маңызды факторларын басшылыққа алады.  
Салымдар  бойынша  нақты  шарттар  салымның  түрі  мен  валютасына,  сыйақы  төлеу 
мерзімділіге,  оны  орналастыру  мерзіміне  жəне  дербес  өнімдер  бойынша  басқа  да 
параметрлеріне  байланысты,  Директорлар  Кеңесінің  қабылданатын  депозиттердің  шекті 
сомалары  жəне  мерзімдері  бойынша  бекіткен  шарттарының  шегінде,  сондай-ақ  № 1 
Қосымшада белгіленген депозиттер (банкаралық депозиттерді қоспағанда) бойынша сыйақы 
мөлшерлемелерінің шекті көлемдеріне байланысты Банктің уəкілетті органымен бекітіледі.    
Жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  салымдары  бойынша  сыйақы  мөлшерлемелері  (номиналды 
жəне ЖТСМ) банктік салым шартында көрсетіледі (егер қандай да бір себептермен ЖТСМ 
шартта көрсету мүмкін болмаған болса немесе қосымша келісім салым бойынша сыйақының 
мөлшерін  анықтайтын  болса,  банктік  салым  шартына  қатысты  қосымша  келісімде 
көрсетіледі). 
 
 
3-бөлім. Заем операцияларын жүргізудің жалпы шарттары  
14.  Банк  тарапынан  заемдер  (кредиттер)  заңды  жəне  жеке  тұлғаларға  мерзімділік, 
қайтарымдылық  жəне  ақылылық  шарттарында  ұсынылады  жəне  Банктің  уəкілетті 
органдарымен бекітілетін Банктің ішкі кредиттік жəне кепілдік саясаттарына сəйкес жүзеге 
асырылады.  
Клиенттің  кредит  беру  туралы  өтінімін  қарау  жəне  шарт  жасау  барысында  Банк  клиенттен 
ҚР  заңнамасымен  жəне  Банктің  ішкі  нормативтік  құжаттарымен  қарастырылған  құжаттар 
топтамасын талап етеді. 
Заем  ұсыну  туралы  шарттың  міндетті  талабы  болып  банктің  ол  туралы  жəне  жасалатын 
мəміле  (заем  операциясы)  туралы  мəліметтерді,  сондай-ақ  тараптардың  өз  міндеттемелерін 
орындауына  байланысты  ақпаратты  кредит  бюроларының  деректер  қорына  ұсынуына 
берілген қарыз алушының жазбаша келісімінің бар боуы табылады.  
15.  Банктік  заем  шартының  мазмұнына  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  нарығын  жəне  қаржы 
ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау  агенттігінің  «Банктік  заем  шартының  міндетті 
шарттарынның  тізімін  бекіту  жəне  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  нарығын  жəне  қаржы 
ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау  агенттігі  Басқармасының  «Кредит  беру  бойынша 
құжаттаманы жүргізу Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына 
толықтырулар  мен  өзгертулер  енгізу  туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы  № 18 
қаулысына
 
сəйкес белгіленген банктік заем шартының міндетті шарттары енгізілген. 
16.  Банк  тарапынан  берілетін  заемдер  (кредиттер)  бойынша  қамтамасыз  ету ретінде  Банк  үшін 
қабылдауға  жарайтын  кез  келген  мүліктің  (ақша,  бағалы  қағаздар  жəне  басқа  қаржы 
құралдарын, жылжымалы жəне жылжымайтын мүлікті, мүліктік жəне басқа құқытарды қоса 
алғанда)  кепілі  (кепілсалымы),  үшінші  тұлғалардың  кепілдіктері  мен  кепілгерлігі, 
тұрақсыздық айыбы жəне заңнамамен немесе шартпен қарастырылған, Банк үшін жарамды 
деп танылған басқа да қамтамасыз ету тəсілдері қабылдануы мүмкін.  
Клиенттің  жоғары  кредит  қабілеттілігі  жəне  сенімділігі  анық  болған  жағдайда,  Банк  ҚР 
заңнамасымен  немесе  Банктің  ішкі  құжаттарымен  белгіленген  шектеулерді  ескере  отырып, 
қамтамасыз етусіз кредит (бланктік кредит) ұсыну туралы шешім қабылдауға құқылы. 
Қамтамасыз  етуге  қатысты  жалпы  талаптар  Банктің  кепіл  саясатымен  белгіленеді. 
Қабылданатын  қамтамасыз  етудің  Банк  үшін  жарамдылығы  туралы  шешім  əрбір  нақты 
жағдайда Банктің уəкілетті органымен қабылданады. 
17.  Заемдер (кредиттер) бойынша өнімдер үш негізгі топқа бөлінеді: 
•  кəсіпкерлік қызмет үшін корпоративтік бизнеске ұсынылатын өнімдер; 
•  кəсіпкерлік қызмет үшін шағын жəне орта бизнеске ұсынылатын өнімдер; 
•  жеке  тұлғалардың  тұтынушылық  мақсаттарына  (дайын  немесе  құрылысы  аяқталмаған 
тұрғын  үйлерді  сатып  алуға  арналған  ипотекалық  кредиттер,  жаңа  немесе  ұсталған 


жүктеу 5,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау