Жалпы шарттары туралы ережелер



жүктеу 5,11 Kb.
Pdf просмотр
бет5/42
Дата21.12.2017
өлшемі5,11 Kb.
#5101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

46.  Банк  пен  клиенттер  шарттың  талаптарын,  шарттың  талаптарымен  жүктелген 
міндеттемелерін 
орындауға 
міндетті. 
Шартпен 
қарастырылған 
міндеттемелерін 
орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Банк пен клиенттер заңдармен жəне 
тиісті шарттардың талаптарымен қарастырылған жауапкершілігін көтереді.  
Шартпен тараптардың жауапкершілігін жоятын немесе шектейтін талаптары қарастырылуы 
мүмкін,  мəселен  тежеусіз  жойқын  күш  жағдайлары  (форс-мажор),  айыптың  жоқтығы, 
шарттың қарсы тарапының дұрыс емес əрекеттері жəне т.б.   
 
 
9-бөлім. Клиенттермен жұмыс тəртібі туралы ереже 
 
47.  Банктің лицензиясына сəйкес Банк ұлттық жəне шетел валютасымен операциялар жүргізеді.   
48.  Банк қызметін алу үшін клиент Банкке өтініш ұсынады (осындай өтінішті тапсыру Банктің 
ішкі  нормативтік  құжаттарымен  қарастырылған  банк  қызметін  ұсыну/көрсету  тəртібіне 
жəне(немесе) процедурасына сəйкес қажет болған жағдайда).  
49.  Банк  қызметінің  əрбір  түрі  бойынша  банк  қызметін  ұсыну  туралы  өтініш  Банктің  уəкілетті 
органдары/бөлімшелері  (қызметкерлері)  тарапынан  Банкке  өтініш  берілген  кезден  кейінгі 
төмендегілерден аспайтын мерзімде қаралады: 
1)   банктік шотты ашу жəне жүргізу: 5 жұмыс күні; 
2)   төлем карточкаларын шығару (бірден берілетін Visa Electron Instant Card жəне шешімнің 
қабылдауына  жəне  қажетті  құжаттардың  бар  болуына  байланысты  берілетін  кредит 
карточкаларын қоспағанда): карточканы жеткізуге жұмсалған уақытты есепке алмағанда, 
10 жұмыс күні; 
3)   төлем карточкасына кредит лимитін ұсыну: 45 жұмыс күні;  
4)   кредиттерді ұсыну: 
-  шағын жəне орта бизнеске кредит беру аясында: 30 жұмыс күні*; 
- жекелеген клиенттерге кредит беру аясында: 30 жұмыс күні*; 
- корпоративті клиенттерге кредит беру аясында: 70 жұмыс күні*, 
*Банктің  жоғарыда  тұрған  уəкілетті  органы  тарапынан  өтінішті  қарау  қажет  болған 
жағдайда,  шағын,  орта,  бөлшек,  корпоративтік  кредит  беру  аясында  қаржыландыру 
туралы өтінішті қарау мерзімі əрбір жағдайда 30 жұмыс күніне ұзартылады. 
5)   салымды қабылдау: 3 жұмыс күні; 
6)   төлемдерді жəне ақша аударымдарын жүзеге асыру: 3 жұмыс күні; 
7)   кассалық операциялар:  3 жұмыс күні; 
8)   бағалы қағаздар нарығындағы операциялар: 45 жұмыс күні; 
9)  вексельдермен жүргізілетін операциялар: 90 жұмыс күні; 
10)  банк кепілдіктерін жəне аккредитивтерді шығару/авизолау: 15
 
жұмыс күні 
Клиенттің өтінішіне сəйкес банк қызметін ұсыну стандартты емес тəртіпте (стандартты банк 
өнімдерінің  талаптарын  өзгерту  қажеттігі,  қосымша  ақпаратты  жəне  құжаттарды  алу  жəне 
сараптау  қажеттігі,  құжаттардың  Банктің  уəкілетті  органдарымен  қаралу  қажеттігі  жəне 
бсақасы)  болатыны  болжанған  жағдайда,  өтініш  Банктің  уəкілетті  органдары/бөлімшелері 
(қызметкерлері)  тарапынан  Банкке  өтініш  берілген  кезден  кейінгі  60  жұмыс  күнінен 
аспайтын  мерзімде  қаралады  (Банктің  келесі  операцияларды  (мəмілелерді)  қарауын 
қоспағанда:  вексельдермен  операциялар – 90  жұмыс  күні;  корпоративтік  кредит  беру 
аясында – 90  жұмыс  күні;  шағын,  орта  жəне  бөлшек  кредит  беру  аясында – жоғарыда 
көрсетілген). 
50.  Клиенттің  банк  қызметін  ұсыну  туралы  өтініші  бойынша  шешімін  жоғарыда  көрсетілген 
мерзімдерде  қабылдау  талабы  болып  клиенттің  ҚР  заңнамасымен  жəне  Банктің  ішкі 
құжаттарымен қарастырылған құжаттардың толық пакетін табыс етуі болып табылады.  
Банктің  уəкілетті  органының/бөлімшесінің  (қызметкерінің)  шешіміне  сəйкес,  сондай-ақ 
Банктің  ішкі  нормативтік  құжаттарымен  қарастырылған  басқа  да  негіздемелер  бойынша 
құжаттардың  пакеті  толық  ұсынылмаған,  олардың  құрамында  жетіспеулер  бар  болған 
жағдайда,  қосымша  ақпаратты  жəне  құжаттарды  алу  қажеттігі  болған  жағдайда,  клиенттің 
банк қызметін ұсыну туралы өтініші бойынша шешім қабылдаудың мерзімі тоқтатылады. 
Жоғарыда аталған себептерден болған үзілістен кейін мерзімді есептеу басынан басталады: 
үзіліске дейін өтіп кеткен уақыт жаңа мерзімнің есебіне қосылмайды. 
51.  Банк  өзінің  депозиторларының,  клиенттерінің  жəне  корреспонденттерінің  операциялары 
жəне  депозиттері  бойынша  құпияның,  сондай-ақ  банктің  сейф  жəшіктерінде,  штафтарында 
жəне жайларында сақталған мүлік құпиясын сақтауға кепілдік береді.  Лауазымды тұлғалар
Банк  қызметкерлері  жəне  өзінің  қызмет  бабын  жүзеге  асыруға  байланысты  банк  құпиясы 
болып  табылатын  мəліметтерге  қол  жеткізген  басқа  тұлғалар  банк  құпиясын  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасымен  тікелей  көзделген  тұлғаларға  жəне  негіздер  бойынша 
ашуын қоспағанда, оларды жария еткені үшін заңмен қарастырылған жауапкершілікті алады.     


52.  Банк заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастыруға (ақшаның ізін жасыруға) жəне лаңкестікті 
қаржыландыруға  қарсы  əрекет  ету  бойынша  талаптарды  орындайды  жəне  клиенттер 
жүргізетін  операцияларға  ҚР  заңнамасының  талаптарынан  туындайтын  белгілі  бір 
талаптарды, тыйым салулар мен шектеулерді енгізуге құқығы бар.  
53.  Шетел  валютасын  пайдалану  арқылы  төлем  жүргізу  жəне/немесе  ақша  аудару  жүргізілген 
жағдайларда,  осындай  аударым  операциясы  Банктің  клиент  нұсқауын  орындауға  арналған 
корреспонденциялық  шоты  бар  тиісті  шетел  мемлекетінің  аймағында  ішінара  жүзеге 
асырылады.  Бұл  жағдайда  аударым  операциясының  тиісті  бөлігі  осындай  шетел 
мемлекетінің  заң құзыретінде болады жəне Банк нұсқауы бойынша аударым операциясына 
қатысатын  банк-корреспондент  осындай  шетел  мемлекеті  заңнамасының  талаптарын 
басшылыққа  ала  отырып,  Банктен  клиенттің  аударым  операциясы  бойынша  қосымша 
мəліметтердің,  мəлімдемелердің  немесе  растайтын  құжаттардың  тапсырылуын  талап  етуге 
құқылы.  
Клиент  немесе  Банк  осындай  қосымша  мəліметтерді,  мəлімдемелерді  немесе  растайтын 
құжаттарды  ұсынбаған  жағдайда,  сондай-ақ  корреспондент  банктің  пайымдауынша  клиент 
ақшаның  ізін  жасырумен  немесе  лаңкестікті  қаржыландырумен  байланысты  тұлға  болып 
табылатын  жағдайда,  корреспондент  банк (1) ақша  аударымын  аяқтаудан  бас  тарта 
жəне/немесе (2) клиент  ақшасын  алып,  клиентке  өтеусіз  тиісті  шетел  мемлекетінің 
бюджетіне  немесе  басқа  қорларға  аудара  жəне/немесе (3) клиентті  бұдан  əрі  клиент 
операцияларын  кез  келген  қызмет  көрсетуге  ұсылмайтын  клиенттерге  арналған  банкішілік 
деректер  базасына  енгізе,  сондай-ақ  клиентке  қатысты  қолданған  шаралары  туралы  кез 
келген  уəкілетті  мемлекеттік  немесе  халықаралық  органдарға,  сонымен  қатар  контрагент 
банктерге хабарлай алады.   
Банкке төлем жүргізу жəне/немесе ақша аудару туралы өтінішті кез келген тəсілмен (соның 
ішінде  төлем  карточкасын  немесе  төлем  карточкасының  деректемелерін,  өзінің  банктің 
шотын  қолданумен  немесе  қолданусыз  ақша  аударысым  жүзеге  асыруға  арналған  төлем 
құжатын  пайдалану  арқылы)  бере  отырып,  клиент  өзінің  осы  ережелер  жөнінде  хабардар 
екендігін растайды жəне төмендегілермен сөзсіз келісетінін білдіреді: 
-  Банкке  төлем  жүргізу  жəне/немесе  ақша  аудару  туралы  өтінішті  бере  отырып,  клиент  өз 
атынан  немесе  уəкілетті  өкіл  ретінде  əрекет  ете  отырып,  Банктің  тиісті  корреспондент 
банкке заңмен қорғалатын банк құпиясын (атап айтқанда клиентке банк қызметін көрсетімен 
байланысты Банкте бар ақпаратты) ашуына құқық береді; 
-  Банкте  болмаған,  бірақ  ақша  аударымын  аяқтау  үшін  корреспондент  банкке  тапсырылуы 
талап  етілген  мəліметтерді,  мəлімдемелерді  немесе  құжаттарды  тапсыру  туралы  Банктен 
сұрату  түскен  жағдайда,  клиент  осындай  мəліметтерді,  мəлімдемелерді  немесе  құжаттарды 
Банкті қанағаттандыратын сапада, көлемде жəне осындай сұратуға анықталған мерзімдерде 
ұсынуға міндеттенеді; 
-  клиент  Банк  тарапынан  сұратылған  мəліметтерді,  мəлімдемелерді  немесе  құжаттарды 
тапсырмаған жағдайда, клиент осымен байланысты барлық болуы мүмкін тəуекелдерді өзіне 
алады,  ал  Банк  ақша  аударымын  аяқтаудың  мүмкін  болмауына  байланысты  жауапкершілік 
алмайды  жəне  осыған  байланысты  туындаған  тікелей  немесе  жанама  шығындарды  (нақты 
зиянды жəне алынбай қалған пайданы қоса алғанда) өтемейді. 
Ереженің осы тармағының талаптары Банк пен клиент арасында жасалатын кез келген банк 
қызметін көрсету шартының талаптарына (сонымен қатар банк шотын ашусыз ақша аудару 
шартының талаптарына) енгізілген болып саналады. 
54.  Банктің  валюталық  бақылау  агенті  ретінде  клиенттердің  валюталық  операцияларын  жүзеге 
асыпуы кезінде, валюталық заңнамаға сəйкес валюталық бақылаудың міндетті процедурасы 
жүргізіледі.  Операция  жүргізу  барысында  клиенттер  валюталық  операцияны  жүргізумен 
байланысты  құжаттарды  Банкке  тапсыруға  міндетті.  Клиенттер  валюталық  заңнаманы 
бұзған жағдайда, Банк бұл жайында валюталық бақылау органдарына хабарлауға міндетті.  
55.  Операцияларды  Банктің  есепке  алу  жүйесінде  көрсету  бухгалтерлік  есептің,  қаржы 
есептілігінің  халықаралық  стандарттарының,  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының,  ҚР 
ҰБ,  ҚҚК  жəне  Банктің  ішкі  нормативтік  құжаттарының  талаптарына  сəйкес  жүзеге 
асырылады  . 
56.  Жүргізілген  операциялар  туралы  құжаттаманы  сақтау  Қазақстан  Республикасы 
заңнамасының,  ҚР  ҰБ,  ҚҚК  нормативтік  құқықтық  актілерінің  жəне  Банктің  ішкі 
нормативтік құжаттарының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады. 
 
10-бөлім. Клиенттердің банк қызметтерін ұсыну барысында туындайтын  
өтініштерін қарау тіртібі   
57.  Клиенттердің банк қызметтерін ұсыну барысында туындайтын өтініштерін Банктің қарауы, 
тіркеуі,  сараптауы  жəне  Банк  клиенттерінің  өтініштерін  қорытындылау  Қазақстан 


жүктеу 5,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау