домицильденген вексельдер төлемі, делдалдық тəртібінде вексельдер акцепті, форфейтинг
операциялары (тауар (жұмыс, қызмет) сатып алушылардың борыштық міндеттемелерін
сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы төлеу).
30. Банк сонымен қатар меншікті бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
31. Банктің осы бөлімде көрсетілген операцияларды жүргізуінің нақты шарттары Банктің ішкі
нормативтік құжаттарында, сондай-ақ клиенттермен жасалатын нақты шарттарда
белгіленеді.
6-бөлім. Басқа операциялар жүргізудің жалпы шарттары
32. Жоғарыда аталған операциялардан басқа, Банк Лицензияларға, ҚР заңнамаларына жəне
Банктің ішкі құжаттарына сəйкес басқа операцияларды да жүргізуге құқылы:
• банктердің жеке жəне заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы жəне жүргізуі, онда
осы тұлғаларға тиесілі тазартылған қымбат металдардың нақты саны көрсетіледі;
• құйма тазартылған қымбат металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобының
металдары), қымбат металдардан жасалған мəнеттерді сатып алу, кепілге, есепке алу,
сақтау жəне сату;
• қымбат металдардан жəне асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу,
кепілге, есепке алу, сақтау жəне сату;
• сенімгерлік операциялар: ақшаны басқару, сенімгердің мүддесіндегі жəне оның
тапсыруымен ипотекалық қарыз бойынша талап ету құқығын басқару;
• сейф операциялары: құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің
құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер, сейф жəшіктерін
(ұяшықтарын), шкафтар мен ғимараттарды жалға алу;
• Банктің жəне банктік операциялардың жекелеген түрімен айналысатын ұйымдардың
қызметін автоматтандыру үшін қолданылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз
етуді іске асыру;
• ақпарат тасымалдағыштың кез келген түрінен банк қызметіне қатысты арнайы
əдебиеттерді алып пайдалану.
• меншік мүлігін іске асыру;
• қаржы қызметіне байланысты мəселелер бойынша кеңес беру қызметтерін ұсыну;
• банк қызметіне байланысты мəселелер бойынша өзге тұлғалардың, ҚР-дың
секьюриттеу туралы заңнамасына сəйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының
облигацияларын, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық жəне өзге
де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушыларының мүдделер өкілдігі;
• мамандардың банк-қаржы қызметі саласындағы біліктіліктерін жетілдіру бойынша
оқытуды ұйымдастыру;
• сақтандыру ұйымдары – ҚР резиденттері атынан сақтандыру шарттарын жасау,
сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қоры атынан зейнетақымен қамтамасыз ету туралы
шарт жасау.
33. Банктің осы бөлімде көрсетілген операцияларды жүргізуінің нақты шарттары Банктің ішкі
нормативтік құжаттарында, сондай-ақ клиенттермен жасалатын нақты шарттарда
белгіленеді.
7 тарау. Банктік операцияларды жүргізу мөлшерлемесі мен тарифтері
34. Банк операция жүргізгені үшін клиенттерден Банктің өзі белгілеген қолданыстағы
тарифтеріне сəйкес комиссиялары мен сыйақыларын ұстап қалады.
35. Банктік операцияларды жүргізгені үшін комиссиялар мен тарифтердің базалық
(стандарттық) жəне ең төменгі мен ең жоғарғы мөлшерлемесі (№ 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12
Қосымшалар), сонымен қатар, депозит пен кредиттің сыйақы мөлшерлемесі, сомасы жəне
мерзімі бойынша шекті көлемдері (№ 1, 2 Қосымшалар) Директорлар Кеңесімен бекітіледі.
Оларды өзгерту де Директорлар Кеңесінің құзіретіне жатады жəне Банктің басқа
органдарына табыс етілмейді.
36. Директорлар Кеңесімен, уəкілетті органдармен немесе Банктің лауазымды тұлғаларымен өз
құзіреті шегінде бекітілген банктік операцияларды жүргізгені үшін комиссиялар мен
тарифтердің базалық (стандарттық) жəне ең төменгі мен ең жоғарғы мөлшерлемесі, сонымен
қатар, депозит пен кредиттің сыйақы мөлшерлемесі бойынша шекті көлемдері шеңберінде
жеке клиенттерге (клиенттер санатына) немесе жекелеген өнімдер бойынша дербес тарифтер
белгіленуі мүмкін.
37. Банк филиалдарда (ондағы жайларда) көруге жəне танысуға ыңғайлы жерлерде жəне өзінің
корпоративтік веб-сайтында осы Ереженің 65 тармағының есебімен, қолданыстағы базалық
ең жоғарғы жəне ең төмен мөлшерлеме мен тарифтерге өзгертулер бекітілген жəне енгізілген
күні, ішкі құжаттардың нөмірлері мен оларды бекіткен (қабылдаған) орган туралы
мəліметтер көрсетілген, банктік қызмет үшін базалық ең жоғарғы жəне ең төмен
мөлшерлемесі мен тарифтері туралы маңызды ақпаратты орналастырады.
38. Банк клиенттермен жасалатын шарттарда жəне заем мен салымдар бойынша сыйақы көлемі
(банкаралықтан бөлек) туралы ақпаратты жариялағанда, оның ішінде ҚБК анықталған тəртіп
пен жағдайда баспа арқылы жария еткенде сыйақы мөлшерлемесін дұрыс, жылдық, тиімді,
салыстырмалы түрде есептеп (нақты құнын) көрсетеді.
39. ҚР резиденті емес клиенттер үшін шетел валютасында жүргізілген операциялар бойынша
шетел валютасында белгіленген комиссиялар төлемі клиенттің қалауы бойынша теңгеде
(Банктің шетел валютасын сату бағамы бойынша, айырбастағаны үшін комиссиясыз) немесе
шетел валютасында жүзеге асырылады. ҚР резиденті емес клиенттер үшін шетел
валютасында жүргізілген операциялар бойынша шетел валютасында белгіленген
комиссиялар төлемі – шетел валютасында – Банктің валюталық операцияларын жүргізу
жөніндегі қызметтерін төлегенде, сонымен қатар, банктік жəне валюталық заңдарға сəйкес
банктік қызметтерді шетел валютасында көрсетуді қарастыратын шарттар бойынша
тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлегенде; ұлттық валютада (теңге) –
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағамы бойынша айырбастағаны үшін
комиссиясыз.
40. Барлық пошталық, телеграфтық, телекстік, телефон жəне тағы басқа шығындар, егер өзгесі
тарифтермен белгіленбеген болса, қосымша нақты құны бойынша өндіріп алынады. Банктің
үшінші банктер (корреспондент банктер) бойынша клиенттердің банктік операцияларды
шетел валютасында (OUR комиссиясы) жүргізу туралы тапсырмасын орындау жөніндегі
шығындары сол шығындардың нақты құны бойынша өтеледі.
41. Егер клиенттің тапсырмасын орындау жөніндегі Банктің қызмет құны тарифпен
белгіленбеген жағдайда немесе клиенттің тапсырмасын орындау үшін Банкпен стандарттан
тыс міндеттемелерді қабылдауын не Банктің қалыпты рəсімдерімен қарастырылмаған
қосымша жұмысты жүргізуін талап етсе, Банк ондай комиссиялық сыйақының көлемін
клиенттің тапсырмасын орындау жөніндегі өзінің жеке шығындары есебінен өз бетімен
белгілейді.
42. Банкпен көрсетілетін қызметтердің басым көпшілігі, ҚР салық заңдарына сəйкес қаржы
қызметі ретінде қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылған. Заңды тұлғаларға тиісті
тарифтер ҚҚС сомасының есебісіз көрсетілген. Жеке тұлғаларға тиісті тарифтер ҚҚС
сомасының есебімен көрсетілген.
43. Банкпен өндіріп алынған комиссия тапсырма күшін жойған (қайтарып алынғанда) жағдайда
клиентке қайтарылмады.
8 тарау. Банк пен клиенттің құқықтары, міндеттері жəне жауапкершілігі
44. Банк пен оның клиенттері ҚР қолданыстағы заңдарына жəне Банк пен клиент арасында
жасалған шарттарға сəйкес құқылы, міндетті жəне жауапты болып табылады.
Банк пен клиент арасында жасалатын шарттар Банкпен белгіленген тəртіпте əзірленген жəне
бекітілген үлгілі нысандар бойынша жасалады.
45. Шарттар: (а) Банк тарапынан жəне клиент тарапынан қол қойылатын шарттар, жəне (б)
клиент мақұлдайтын жəне тиісті өтінішке қол қою арқылы оған қосылатын, операцияларды
жүргізу, қызмет көрсету, тараптардың құқықтық қатынас талаптары бар қосылу шарты
болып бөлінеді.
Банк жəне клиент тарапынан қол қойылатын шарттарда, егер өзгесі осы шарттың
талаптарымен қарастырылмаған болса, өзгертулер мен толықтырулар тек тараптардың
келісімі бойынша енгізіледі.
Қосылу шарттарына өзгертулер мен толықтырулар Банкпен біржақты тəртіпте енгізіледі.
Клиент қосылу туралы өтінішке қол қойып, қосылу шартына келешекте енгізілетін
өзгертулермен жəне толықтырулармен алдын ала мақұлдайтынын білдіреді. Қосылу
шарттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, жаңа редакциядағы қосылу
шарты клиенттер онымен танысу үшін Банктік филиалдары мен бөлімшелеріндегі
хабарландыру тақтасына ілінеді жəне/немесе корпоративтік веб-сайтқа орналастырылады.
Енгізілген өзгертулермен жəне толықтырулармен келіспеген жағдайда, клиент осы шартпен
белгіленген тəртіпте Банкке тиісті өтініш беру арқылы шартты бұзуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |