Жалпы шарттары туралы ережелер



жүктеу 5,11 Kb.
Pdf просмотр
бет6/42
Дата21.12.2017
өлшемі5,11 Kb.
#5101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте жəне мерзімдерде жүзеге асырылады.  
Банктің  клиенттер  өтініштерін  қарау  тəртібіне  қатысты  толық  талаптар  Банктің  ішкі 
нормативтік құжаты – Банк Басқармасымен бекітілген, «Казкоммерцбанк» АҚ Клиенттердің 
өтініштерін  (шағымдарын,  сұратуларын,  ұсыныстарын)  қарау  тəртібі  туралы  ережемен 
регламенттеледі. 
58.  Банк клиенттердің келесі өтініштерімен жұмысты жүзеге асырады: 
1)  
пошта  байланысы  арқылы,  Банктің  электрондық  поштасына  жəне www.kkb.kz 
интернет-ресурсына түскен жазбаша өтініштері; 
2)  
телефон  бойынша  немесе  клиенттің  Банкке  тікелей  келуі  барысында  алынған  ауызша 
өтініштері. 
59.  Банктің  орталық  офисіндегі  жəне  Банктің  филиалдарындағы  уəкілетті  тұлғалар  жеке 
тұлғаларды  жəне  заңды  тұлғалардың  өкілдерін  дербес  қабылдауды  айына  бір  реттен  кем 
болмайтын  Банктің  Басқарма  Төрағасымен,  филиал  директорымен  (филиалда)  бекітілген 
қабылдау кестесіне сəйкес жүргізеді. 
Қабылдау жұмыс орны бойынша белгіленген жəне жеке жəне заңды тұлғаларға хабарланған 
күндер мен сағаттарда жүргізіледі. 
Егер  өтініш  Банктің  уəкілетті  тұлғасы  тарапынан  қабылдау  барысында  шешіле  алмайтын 
болса, клиент өтінішін жазбаша нысанда мазмұндайды жəне онымен жазбаша өтініш ретінде 
жұмыс жүргізіледі. 
60.  Банкке немесе оның жекелеген қызметкерлеріне қатысты шығамдар немесе кінəрат-талаптар 
бар  болған  жағдайда,  сұрақтар  мен  ұсыныстар  болған  жағдайда,  сондай-ақ  банкпен 
жүргізілетін  операциялар  жөніндегі  қосымша  ақпаратты  алу  үшін,  сондай-ақ  Ережеде 
айтылмаған  операцияларды  жүргізу  талаптары  жөнінде  клиенттердің  Банкке  (Банк 
филиалына)  келуіне,  Банктің  Call Center орталығына  телефон  соғуына  немесе Homebank 
қаржы порталына немесе Банктің корпоративтік веб-сайтына хабарлама жазып қалдыруына 
болады: 
 
Корпоративтік веб-сайттың мекенжайы 
http://www.kkb.kz/
  
Homebank 
қаржы 
порталының 
мекенжайы  
https://www.homebank.kz/  
Call – Center 
(727) 2 585 444 немесе 8-8000-8000-90 
Бас Банкінің мекенжайы  
Алматы қаласы Гагарин даңғылы 135ж 
Казақстан  бойынша  филиалдар  мен 
бөлімшелердің мекенжайы 
Call-center  телефоны  бойынша  немесе  корпоративтік 
веб-сайтында  
ҚҚК координаттары 050000, 
Алматы 
қ., 
Əйтеке 
би 
к-сі, 67, 
тел.(727)2788024, 
факс (727)2725297, 
https://www.afn@afn.kz 
 
61.  Жеке  жəне  (немесе)  заңды  тұлғаның  қарау  үшін  басқа  субъектілерден,  лауазымды 
тұлғалардан  ақпарат  алу  немесе  белгілінген  орынға  бару  арқылы  тексеру  жүргізу  қажет 
болмайтын өтініші Банк тарапынан 15 күнтізбелік күн  ішінде қаралады.  
Жеке  жəне  (немесе)  заңды  тұлғаның    қарау  үшін  басқа  субъектілерден,  лауазымды 
тұлғалардан ақпарат алуды немесе белгілінген орынға бару арқылы тексеру жүргізуді қажет 
ететін  өтініші  субъектіге,  лауазымды  тұлғаға  түскен  күннен  бастап  30  күнтізбелік  күн 
ішінде қаралады жəне ол бойынша шешім қабылданады. 
Қосымша  зерделеу  немесе  тексеру  қажет  болған  жағдайларда,  өтінішті  қарау  мерзімі  30 
күнтізбелік күннен  аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін. Қарау мерзімі ұзартылған кезден 
кейінгі 3 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарланады. 
Егер өтініште мазмұндалған мəселелерді шешу ұзақ уақытты талап ететін болса, онда өтініш 
оны қараудың аяқталуына дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы өтініш берушіге 
3 күнтізбелік күн ішінде хабарланады. 
Заңнамада  белгіленген  жалпы  мерзімдердің  аясында  өтінішті  қарау  мерзімі 
«Казкоммерцбанк» 
АҚ 
Клиенттердің 
өтініштерін 
(шағымдарын, 
сұратуларын, 
ұсыныстарын) қарау тəртібі туралы ережеде белгіленген тəртіпте ұзартылады. 
62.  Банктің  өтінішті  қарау  барысында  ұсынылған  ақпарат  жеткіліксіз  болған  жағдайда, 
клиенттен қосымша құжаттар мен мəліметтерді сұратады. 
63.  Банк  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  өтініштерінің  объективті,  жан-жақты  жəне  уақтылы 
қаралуын  қамтамасыз  етеді,  клиенттерге  өтінішті  қараудың  нəтижелері  жəне  қабылданған 
шаралар туралы хабарлайды. 
64.  Өтінішті  қараудың  нəтижелері  туралы  жазбаша  жауап  клеинтке  мемлекеттік  тілде  немесе 
өтініш  берілген  тілде  беріледі  жəне  аталған  жауабында  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасының, Банктің  ішкі  құжаттарының, қаралатын  сұраққа  қатысы  бар  шарттың  тиісті 


талаптарына,  сондай-ақ  қаралатын  сұрақтың  нақты  жағдайларына  сілтеме  жасай  отырып 
жəне клиентке қабылданған шешімге байланысты шағымдану құқығын түсіндірумен клиент 
тарапынан  мазмұндалған  əрбір  сұрауға,  талап  етуге,  ізденуіне,   ұсынысына  жəне  басқа 
сұрағына дəйекті жəне негізді дəлелдер келтірілген.  
 
11-бөлім. Қорытынды ережелер 
 
65.  Егер  Банктің  Директорлар  Кеңесі  заңды  жəне(немесе)  жеке  тұлғалар  үшін  банк 
операцияларын  жүргізу  бойынша;  төлем  карточкалары  бойынша;  агент  банктерге 
жəне(немесе)  корреспондент  банктерге  арналған  төлем  карточкалары  бойынша 
мөлшерлемелеріне 
жəне(немесе) 
тарифтеріне 
(базалық 
жəне(немесе) 
шекті) 
өзгертулерді/толықтыруларды  бекітетін  болса,  Директорлар  Кеңесімен  бекітілген  соңғы 
күндегі мөлшерлемелер мен тарифтер қолданылады. Бұл рете бұрынғы тарифтер Ережелерге 
тиісті өзгертулер енгізусіз автоматты түрде күшін жоғалтады. 
66.  Егер РҚ заңнамасының өзгеруі нəтижесінде Ереженің жекелеген ережелері заңнамаға қайшы 
келсе, осындай ережелер Ереже мəтініне тиісті өзгертулерді енгізусіз автоматты түрде күшін 
жоғалтады.  Егер  Ереженің  ережесінің  бірі  жарамсыз  деп  танылса,  бұл  қалған  ережелерге 
əсерін тигізбейді. Жарамсыз ереже заң бойынша қолданылуы мүмкін жəне тиісті қатынасты 
реттейтін ережемен ауыстырылады. 
67.  Осы  Ережелер 2011 жылғы «01» тамыздан  бастап  қолданысқа  енеді.  Заңды  тұлғалардың 
теңгедегі  жинақтаушы  шоттары  (салымдары)  бойынша  ең  төменгі  шекті  сыйақы 
мөлшерлемелеріне қатысты № 1 Қосымшаның талаптары 2010 жылғы «01» қазаннан бастап 
қолданысқа  енгізілді. 2011 жылғы «01» тамыздан  бастап  өзгертулері  мен  толықтырулары 
ескеріле отырып Директорлар кеңесімен (26.11.09 жылғы № 11.2 Хаттама, тіркеу № Н-1100 
26.11.09ж.)  бекітілген  «Казкоммерцбанк»  АҚ  операцияларын  жүргізудің  жалпы  шарттары 
туралы Ережелердің күші жойылған деп танылады. 
 
Қосымшалар: 
(1)  № 1 Қосымша.  Қабылданатын  депозиттер  бойынша  шекті  сомалар,  мерзімдер  жəне 
сыйақы мөлшерлемелерінің көлемдері; 
(2)  № 2 Қосымша.  Ұсынылатын  кредиттер  шекті  сомалар,  мерзімдер  жəне  сыйақы 
мөлшерлемелерінің көлемдері; 
(3)  № 3 Қосымша.  Заңды  тұлғаларға  арналған  банктік  операцияларды  жүргізу 
мөлшерлемелері мен тарифтері (базалық жəне шекті);  
(4)  № 4 Қосымша.  Жеке  тұлғаларға  арналған  банктік  операцияларды  жүргізу 
мөлшерлемелері мен тарифтері (базалық жəне шекті);  
(5)  № 5 Қосымша.  Заңды  тұлғаларға  арналған  төлем  карточкалары  бойынша 
операциялардың мөлшерлемелері мен тарифтері (базалық жəне шекті);  
(6)  № 6 Қосымша.  Агент  банктерге  (Тапсырыс  беруші  Банк)  арналған  төлем 
карточкалары  бойынша  операциялардың  мөлшерлемелері  мен  тарифтері  (базалық 
жəне шекті);  
(7)  №7 Қосымша. Корреспондент банктерге арналған операция жүргізу мөлшерлемелері 
мен тарифтері (базалық жəне шекті);  
(8)  №8  Қосымша.  Жеке  тұлғаларға, "VIP" санатына  жəне "Premier" санатына 
жатқызылған  жеке  тұлғаларға  арналған  төлем  карточкалары  бойынша 
операциялардың мөлшерлемелері мен тарифтері (базалық жəне шекті);  
(9)  №9  Қосымша. VIP" санатына  жəне "Premier" санатына  жатқызылған  жеке 
тұлғаларға көрсетілетін қызмет тарифтері;  
(10)  №10  Қосымша.  Тұтынушылық  кредит  беру  барысында  қолданылатын 
комиссиялар; 
(11)  №11 Қосымша. Шағын жəне орта бизнеске кредит беру барысында қолданылатын 
комиссиялар; 
(12)  №12  Қосымша.  Корпоративтік  бизнеске  кредит  беру  барысында  қолданылатын 
комиссиялар. 
 
Заң Департаменті 
Банк операцияларын құқытық қамтамасыз ету басқармасы 
 


жүктеу 5,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау