Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет20/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

7)  əр  түрлі  деректерді  пайдалана  отырып  ел  халқына  салыстырмалы 
сипаттама беру; 
8)  жастық-жыныстық  пирамидаға  жəне  атластың  тақырыптық 
карталарының деректеріне талдау жасау; 
9)  дүниежүзі  халықтарының  дəстүрлі  қолөнерлік  кəсіптері  жайлы 
баяндамалар дайындау; 
10)  дүниежүзі  елдерінің  табиғат  ресурстарымен  ресурстық  қамтамасыз 
етілуін анықтау;  
11)  өз  өлкесінің  жəне  аймағының  рекреациялық  ресурстық  əлеуетін 
анықтау жəне дəлелдеу; 
12)  ҒТР  жағдайындағы  Қазақстан  Республикасының  индустриалдық-
инновациялық  реформаларын  жəне  экономиканың  ғылыми-техникалық 
жаңаруы сұрақтары бойынша мерзімді басылымдарды, ғылыми əдебиетті жəне 
нақты мысалдарды талдау (баяндамалар əзірлеу);  
13)  мерзімді  басылымдардың  дүниежүзі  шаруашылығының,  оның 
салаларының  жағдайы  туралы  материалдарын  талдау  жəне  нəтижеге 
презентация жасау;   
14)  шикізат  пен  отын,  металлургия  өнімдерінің,  автомобиль,  су  көлігі, 
электронды  техника,  роботтар,  өнеркəсіп  станоктарын  жасаудың,  ауыл 
шаруашылығы  (бидай,  күріш,  май,  талшық,  сергіткіш,  қой,  ірі  қара,  шошқа, 
балық)  өнімдерінің  негізгі  түрлерін  шығаратын  көшбасшы  елдерді  кескін 
картаға белгілеу;  
15) аумақтың экономикалық-географиялық сипаттамасын құрастыру; 
16)  Орталық  Азия  (ТМД)  елдерінің  экономикалық  байланыстары  мен 
ынтымақтастығы  жəне  ықпалдастықтың  болашағы  «біз  бір-бірімізге  не  үшін 
қызықпыз жəне пайдалымыз» атты кестені толтыру; 
17)  Орталық    Азия  елдерінің  (ТМД)  ықпалдастықтығы  сұрақтары 
бойынша интерактивті семинар; 
18) тақырыптық карталармен жұмыс істеу; 
19) сызбанұсқаларды, диаграммаларды, кестелерді талдау;  
20)  Азияның,  Шетелдік  Еуропаның,  Американың,  Африканың, 
Аустралияның, Мұхит аралдарының, Антарктика жəне Антарктиданың  тарихи-
географиялық аймақтарының шекараларын кескін картаға түсіру; 
21) кестелер, кластерлер құрастыру; 
22) ресурстардың түрлерін, таралу аумақтарын жəне қолданылу деңгейін 
көрсетіп «Азияның табиғат ресурстары» анықтама кестесін құрастыру; 
23)  экономикалық  дамудың  əр  түрлі  үлгілері  бар  Азия  елдеріне    жоспар 
бойынша  салыстырмалы  сипаттама  жасау  (саяси-географиялық  жағдайы, 
экономикалық-географиялық  жағдайы,  табиғат  жағдайы  мен  ресурстары, 
халқының саны жəне сапасы, экономикалық ерекшеліктері, экспортқа шығатын 
өнім (елдер оқушының таңдауына қарай), қорытындыда Қазақстанда қолдануға 
болатын экономикалық даму тəжірибесін көрсету);  
24)  баяндама  дайындау («Азия  елдерінің  ірі  қалалары», «Азия  елдері 
халықтарының ежелгі мəдениеті», «Адамзаттың дамуындағы Азия өркениетінің 
рөлі», «Азияның  демографиялық  рекордтары», «Елдің  дамуындағы  жеке 
 
 


тұлғаның  рөлі» (Кемаль  Ататүрік – Түркия,  Дэн  Сяо  Пин – Қытай,  Махатма 
Ганди,  Джавахарлал  Неру – Үндістан,  Ли  Куан  Ю – Сингапур,  Махатхира 
Мохамада – Малайзия);  
25)  оқулық  мəтінімен,  анықтамалық  деректермен  жəне  басқа  ақпарат 
көздерімен  жұмыс  істеу  (келесі  параметрлер  бойынша  Еуропа  елдерін  тауып, 
дəптерге жазу: аумағының көлемі ірі бес мемлекетті, халқының саны жағынан 
ірі  бес  мемлекетті,  жалпы  ішкі  өнім  көрсеткіші  ең  жоғары  бес  мемлекетті,  
урбандалу дейгейі ең жоғары бес мемлекетті, халқының тығыздығы ең жоғары 
бес  мемлекетті  (тығыздықты  есептеу),  оқушының  таңдауы  бойынша 
параметрлерді қосуға болады); 
26)  жоспар  бойынша  Батыс  Еуропаның  екі  шағын  капиталистік  еліне 
салыстырмалы сипаттама жасау; 
27)  мамандану  салаларын  жəне  экспорттық  өнімдерін  көрсете  отырып, 
Еуропаның ірі өнеркəсіптік орталықтарына талдау жасау; 
28) «Еуропа елдерінің ірі қалалары» тақырыбына баяндама дайындау; 
29) ауызша саяхат жасау арқылы АҚШ сипаттама беру (картаның, оқулық 
мəтінінің  жəне  басқа  да  ақпарат  құралдарының  көмегімен,  елдің  экономикасы 
үшін  ең  маңызды  штаттарды  атап  көрсету,  экономикалық-географиялық 
негіздеме  беру,  дəлелдемелер  келтіру,  олардың  ерекше  өзгешеліктерін  атап 
көрсету,  қорытындыда  Қазақстанда  қолдануға  болатын  экономикалық  даму 
тəжірибесін көрсету);  
30) «Латын  Америкасы  елдерінің  ірі  қалалары», «Бразилияның, 
Мексиканың    урбандалу  ерекшеліктері»  тақырыптарына  баяндамалар 
дайындау; 
31)  аймақтар  бойынша  ресурстардың  негізгі,  маңызды  жəне  тапшы 
түрлерін анықтау мақсатында, ерекше қорғалатын аймақтарды көрсете отырып 
«Африканың  бес  аймағының  табиғат  ресурстарының  ерекшеліктері»  құрама 
кестесін толтыру; 
32) елдің экономикалық-географиялық сипаттамасын жасау; 
33) «Африка  елдерінің  ірі  қалалары», «Мысыр  пирамидаларының 
құпиялары», «Сахельдің  «қанттануы» – себеп-салдарлық  байланысы»  үлгі 
тақырыптарына баяндамалар дайындау; 
34) атлас карталарының жəне оқулық мəтінінің көмегімен Аустралияның 
экономикалық байланыстарын көрсететін картасызба құрастыру; 
35)  Аустралия  Одағы,  басқа  елдермен  табиғи  жəне  экологиялық-
экономикалық проблемалардағы ұқсастықтарын табу;  
36) ғаламдық проблемалар, олардың түрлері жəне шешу жолдары туралы 
оқулық, мерзімді басқа да басылымдардың, интернет материалдарын талдау. 
 
 
«Физика» пəнінен оқу бағдарламасы  
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 
 
 
1. Түсінік хат 
 
 


 
1. «Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 
жылғы 23 тамыздағы  №1080  Қаулысымен  бекітілген  орта  білім  берудің 
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартына сəйкес əзірленген. 
2.  Физика – əлемде  материяның  неғұрлым  қарапайым  жəне  жалпылама 
қасиеттерін зерттейтін табиғат туралы ғылым. Физиканың ғылыми, техникалық 
жəне  гуманитарлық  əлеулеті  бар,
 
адамзат  мəдениеттiң  маңызды  құраушасы 
болып табылады 
3. Жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретіндегі физиканың гуманитарлық 
мəні,  ол  оқушыны  қоршаған  дүние  туралы  объективті  білім  алуға  мүмкіндік 
беретін ғылыми таным əдістерімен қаруландырады. 
4.  Қазіргі  қоғамға  бейімделу  үшін  əрбір  адамның  тəжірибесіне  қажетті 
базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру білім 
беретін  мектептің  оқу  жоспарындағы  «Физика»  пəнінің  ерекшелігі  болып 
табылады. 
5.  Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы 10-11-сыныптарға  арналған 
«Физика»  оқу  пəнін  оқытудың  басты  мақсаты – оқушылардың  ғылыми 
дүниетаным  негіздерін,  əлемнің  жаратылыстанымдық  бейнесін  біртұтас 
қабылдай  алуды  қалыптастыруға,  құндылық  бағдарларды  тəрбиелеуге  ықпал 
ету.  
6. Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз 
етіледі:  
1)  қазіргі  «Жаратылыстану»  білім  саласындағы  «Физика»  оқу  пəнінің 
маңызын  түсіндіру  жəне  физика  ғылымының  əдістерін  меңгерту  негізінде 
ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;  
2)  оқушылардың  ғылыми  түсініктер  жүйесі  негізінде  сын  тұрғысынан 
ойлауын дамыту; 
3)  оқуға  жауапкершілікпен  қарауға,  қоршаған  ортаны  қорғау  жəне 
табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға; 
қоғам  жəне  адам  өмірінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  дағдыларды 
қалыптастыруға; 
базалық  білім  негізінде  экономикалық  жəне  саяси,  əлеуметтік,  мəдени 
қызметтерге ат салысу дағдысына тəрбиелеу. 
7. 10-11 сыныптарына  арналған  «Физика»  пəнінің  білім  мазмұны 
іргелілік,  жүйелілік,  біртұтастық,  мəдени  үйлесімділік,  түсініктілік, 
сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып алынған. 
8. 10-11 сыныптарына  арналған  «Физика»  оқу  пəнінің  бағдарламасы  ана 
тілі  жəне  əдебиетпен,  математикамен,  химиямен,  биологиямен,  географиямен, 
информатикамен жəне технологиямен пəнаралық байланысты ескереді. 
1) ана тілі (қазақ, орыс): 
тіл лексикасы;  
ауызша  жəне  жазбаша  коммуникация  (əңгіме,  эссе,  шығарма,  реферат, 
шығармашылық жоба); 
коммуникативті мəдениет; 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау