Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет7/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

сызбанұсқалар;  омыртқалы  жануарлар  ұрықтарының  ұқсастығы,  митоз  жəне 
мейоздың сызбанұсқалары. 
23. «Генетика негіздері (12 сағат)»: 
1) «Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары (7 сағат)»: 
генетиканық даму тарихы; 
 белгілердің Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары; 
тұқым қуалаушылықтың гибридологиялық əдісі; моногибридтік будандастыру; 
басымдылық көрсету заңдылығы; ажырау заңдылығы; толық жəне  толық емес 
доминанттылық; гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесі, 
көптік  аллельдер,  талдаушы  шағылыстыру,  дигибридтік  жəне  полигибридтік 
шағылыстыру,  тəуелсіз  үйлесімділік  заңы,  фенотип  жəне  генотип,  тұқым 
қуалаудың  генетикалық  заңдарының  цитологиялық  негіздері,  жыныстың 
генетикалық  анықталуы.  Жыныс  хромосомаларының  генетикалық  құрылымы, 
гомогаметалы  жəне  гетерогаметалы  жыныс.  Жыныспен  тіркес  тұқым 
қуалайтын  белгілер,  тұқымқуалаушылықтың  хромосомалық  теориясы, 
гендердің тіркесу топтары, белгілердің тіркес тұқым қуалауы, Т. Морган заңы, 
гендердің  толық  жəне  толық  емес  тіркесулері,  хромосомалардың  генетикалық 
картасы,  генотип — біртұтас  жүйе,  хромосомалық  (ядролық)  жəне 
цитоплазмалық  тұқымқуалаушылық,  белгілердің  анықталуында  аллельді 
гендердің  өзара  əрекеттесулері  (доминанттылық,  толық  емес  доминанттылық, 
кодоминанттылық  жəне  аса  жоғары  доминанттылық)  жəне  аллельді  емес 
гендердің өзара əрекеттесулері ( комплементарлық, эпистаз жəне полимерия); 
сарамандық жұмыс, генетикалық есептер шығару; 
24. «Өзгергіштің негізгі заңдылықтары (5 сағат)»: 
1) згергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік: Мутациялар.  
2)  гендік,  хромосомалық  жəне  геномдық  мутациялар,  сомалық  жəне 
генеративтік мутациялар, жартылай летальды жəне летальді мутациялар.  
3)  мутациялардың  себептері  мен  жиілігі,  мутагендік  факторлар, 
мутациялардың эволюциялық рөлі; 
4)  үйлесімдік  өзгергіштік,  гендердің  түрлі  үйлесімдерінің  пайда  болуы 
жəне олардың генетикалық алуантүрлілікті (түрдің шегінде) қалыптастырудағы 
рөлі,  үйлесімдік  өзгергіштіктің  эволюциялық  маңызы,  тұқым  қуалайтын 
өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңы;  
5)  фенотиптік  немесе  модификациялық  өзгергіштік,  белгілер  мен 
қасиеттердің  дамуы  жəне  олардың  жарыққа  шығуында  сыртқы  орта 
жағдайларының 
рөлі, 
модификациялық 
өзгергіштіктің 
статистикалық 
заңдылықтары, доминанттылықты басқару; 
6) көрсетілім: 
тұқымқуалаушылық 
заңдылықтарын, 
хромосомалардың 
айқасуын 
бейнелейтін модель — аппликациялар; 
қоршаған  орта  жағдайларының  организм  өзгергіштігіне  əсерін  көрсететін 
тəжірибе нəтижелері; 
кеппешөп 
материалдары, 
будандық, 
полиплоидтық 
өсімдіктердің 
жинақтамалары, нақпішіндері. 
7) зертханалық жұмыстар: 
 
 


№ 1 «Өсімдіктер  мен  жануарлардағы  өзгергіштікті  зерттеу,  вариациялық 
қатар жəне қисық құрастыру». 
№ 2 «Өсімдік фенотиптерін зерттеу» 
25. «Адам генетикасы (5 сағат»): 
1) адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу əдістері, адамның генетикалық 
əртүрлілігі,  адамның  жəне  адам  нəсілдерінің  шығу  тегі  туралы  генетикалық 
мəліметтер,  адам  белгілерінің  тұқым  қуалау  сипаты,  денсаулықтың 
генетикалық  негіздері,  адамның  генетикалық  денсаулығына  ортаның  əсері, 
генетикалық  аурулар,  генотип  жəне  адамның  денсаулығы,  популяция 
генофонды.  
2)  биологиялық  жəне  əлеуметтік  тұқым  қуалаудың  арақатынасы, 
генетиканың  əлеуметтік  проблемалары,  гендік  инженерияның  этикалық 
проблемалары; 
3)  генетикалық  болжау  жəне  медициналық-генетикалық  кеңес  беру,  оның 
практикалық маңызы, міндеттері жəне болашағы. 
4) көрсетілім: 
адамның хромосомалық аурулары жəне олардың фенотиптік көрініс беруі. 
зертханалық жұмыс № 6. Шежіре құру. 
26. Селекция жəне биотехнология негіздері (9 сағат): 
1)  селекцияның  міндеттері  жəне  əдістері,  генетика — организмдер 
селекциясының  ғылыми  негізі,  селекция  үшін  бастапқы  материал. 
Н.И.Вавиловтың  мəдени  өсімдіктердің  шығу  орталықтары  туралы  ілімі, 
қолтұқым,  іріктеме,  штамм,  өсімдіктер  жəне  жануарлар  селекциясы, 
селекциядағы  қолдан  сұрыптау,  будандастыру — селекциялық  əдіс  ретінде, 
шағылыстыру  типтері,  өсімдіктер  селекциясындағы  полиплоидия,  заманауи 
селекцияның жетістіктері; 
2)  микроорганизмдер,  саңырауқұлақтар,  прокариоттар-биотехнологлиялық 
нысандар; 
3) микроорганизмдер селекциясы жəне оның микробиологиялық өнеркəсіп 
үшін маңызы; 
4)  тамақ  өнімдерін,  дəрумендерді,  ферменттер  мен  дəрілерді 
микробиологиялық өндіру; 
5) биотехнологияның проблемалары жəне болашағы.  
6) гендік инженерия, оның жетістіктері жəне болашағы. 
7) көрсетілім: 
тірі  өсімдіктерді,  кеппешөптерді  нақпішіндерді,  кестелер,  суреттер  мен 
сызбанұсқаларды,  селекциялық  жұмыстардың  нəтижелерін  бейнелейтін  басқа 
да материалдарды пайдалану; 
белгілі  ғалым  селекционерлердің  фотосуреттерін,  өсімдіктердің  жаңа 
іріктемелерін; 
жануарлардың  жаңа  қолтұқымдарын  алудың  əдістерін  бейнелейтін 
сызбанұсқаларды, кестелерді; 
микробиологиялық өндірістің сызбанұсқаларын, микробиологиялық синтез 
өнімдерін көрнекілеу. 
 
 
 


 
3. Оқу пəнінің 11 сынып оқу пəнінің базалық мазмұны 
 
27. «Кіріспе (1сағат»). 
28. «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жəне дамуы (8сағат)»: 
1)  Жер  бетінде  тіршіліктің  пайда  болуы  туралы  алғашқы  көзқарастар 
(2сағат): 
тіршіліктің пайда болу процесін жəне мəнін түсіндіретін алғашқы ғылыми 
талпыныстар,  Ф.Редидің  тəжірибелері,  В.Гарвейдің  ой-пікірлері,  Л.Пастердің 
тəжірибелері,  тіршіліктің  мəңгілік  теориясы,  жер  бетінде  тіршіліктің  пайда 
болуы туралы материалистік көзқарастар, көрсетілім: Л.Пастер тəжірибелерінің 
сызбанұсқасы; 
2) «Жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары (2сағат)»: 
жер  бетінде  тіршілік  пайда  болуының  алғышарттары:  ғарыштық  жəне 
ғаламшарлық  алғышарттар,  Жер  дамуының  ерте    кезеңдеріндегі  алғашқы 
атмосфера  жəне  химиялық  элементтердің,  бейорганикалық  жəне  органикалық 
молекулалардың эволюциясы, көрсетілім: ғаламшарлық жүйелердің қалыптасу 
кезеңдерінің сызбанұсқасы. 
3) «Жер  бетінде  тіршіліктің  пайда  болуы  туралы  қазіргі  көзқарастар 
(4сағат)»: 
тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар,  А.И.Опариннің теориясы, 
С.  Миллердің  тəжірибелері;  протобиополимерлердің  пайда  болу  теориясы, 
протобионттардың эволюциясы:ішкі ортаның қалыптасуы, органикалық табиғи 
катализаторлардың  жарыққа  шығуы,  генетикалық  кодтың  пайда  болуы; 
биологиялық  эволюцияның  бастапқы  кезеңдері:  фотосинтездің  жүруі, 
эукариоттардың,  жынысты  көбеюдің  жəне  көпжасушалылықтың  пайда  болуы, 
көрсетілім:  біржасушалы  эукариоттардың,көпжасушалы  организмдердің  пайда 
болуының жəне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дамуының сызбанұсқасы. 
29. «Эволюциялық ілім (23 сағат)»: 
1) «Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі 
дамуы (3сағат)»: 
биология  дамуының  Дарвинге  дейінгі  кезеңі.Ғылымда  «Əуелбастан 
мақсатқа  сəйкестілік»  жəне  тірі  табиғаттың  өзгермейтіндігі  туралы 
көзқарастардың  үстемдігі,  өсімдіктер  мен  жануарларды  жіктеп  жүйелеу 
бойынша  К.Линнейдің  жұмыстары.Ж.Кювье  жəне  Ж..де  Сент-Илердің 
еңбектері. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы, алғашқы эволюционис ттер, 
көрсетілім:  эволюциялық  идеялардың  дамуына  үлес  қосқан  ғалымдардың 
портреттері мен өмірбаяндары; 
2) «Дарвинизм (10 сағат)» 
Ч.  Дарвин  ілімі  қалыптасуының  алғышарттары:  жаратылыстану 
ғылымдары 
саласындағы 
жетістіктер, 
Ч. 
Дарвиннің 
экспедициялық 
материалдары.  Ч.  Дарвиннің  қолдан  сұрыптау  туралы  ілімі,  Ч.  Дарвиннің 
табиғи сұрыпталу туралы ілімі, түр - эволюциялық бірлік, жалпыға бірдей жеке 
дара  өзгергіштік  жəне  ұрпақтар  сан  мөлшерінің  артықтылығы,  тіршілік  үшін 
күрес жəне табиғи сұрыпталу; 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау