Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет5/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

25. 11-сынып оқушылары: 
1)  жер  бетінде  тіршіліктің  пайда  болу  процесін  материяның 
эволюциялық  түрөзгерістері  тізбегіндегі  табиғи  оқиға  ретінде  материалистік 
тұрғыда түсіндіру; 
2)  алуантүрлі  организм  түрлері  шығуының  жəне  олардың  тіршілік 
ортасына  бейімділігінің  себептерін  эволюцияның  қозғаушы  күштері  мен 
олардың мəні туралы білімге сүйеніп түсіндіру; 
3)  экологиялық жүйелерде түрлердің бірлесіп тіршілік етуге бейімділік 
белгілерін анықтап түсіндіру; 
4)  өнеркəсіп  пен  ауылшаруашылығындағы  экологиялық  заңдылықтар 
туралы мəліметтерді іс-тəжірибеде қолдану; 
5)  биоценоздың түрлік құрамына талдау жүргізу; 
6)  биоценоздардағы 
кейбір 
өзара 
қарым-қатынас 
формаларын 
айқындау; 
7)  нақты орта жағдайларындағы қоректік тізбектерді сипаттау; 
8)  орман шаруашылығы, балық шаруашылығы тағы басқа ұйымдастыру 
үшін экологиялық білімді дұрыс пайдалану; 
9)  табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғау 
міндеттерін шешу; 
10)  зертханалық жəне практикалық жұмыстарды орындауда техникалық 
қауіпсіздік ережелерін сақтау біліктігі болуы тиіс. 
 
 
6. 10-11 сыныптары оқушыларының деңгейінің тұлғалық нəтижелері 
 
26. Оқушылар:   
1)  ғылыми  жəне  көпшілікке  арналған  əдебиеттермен  жұмыс  істеуде 
пəндік жəне атаулық көрсеткіштерді пайдалану; 
2)  мəтін  тезистерін  конспектілерді,  рефераттар  т.б.  дайындауда 
кеңейтілген жоспар құрып дағдылану; 
3)  электрондық материалды интернетті пайдалану; 
4)  оқулықпен  жұмыс  істеу  барысында  мəтіндерінің  мазмұнына  сай 
кестелер сызбанұсқалар құрастыру; 
5)  жер  бетінде  тіршіліктің  дамуы  мен  адам  эволюциясының  кезеңдерін 
бейнелейтін  кестелер  құрастыруда  оқулықтың  жəне  басқа  оқу  құралдарының 
мəтіндерін пайдалану; 
6)  биологиялық  нысандармен  жұмыс  істеу  үшін  оқулықтың  мəтінін 
пайдалану; 
7)   «əлеуметтік дарвинизм» жəне нəсілшілдікке дəйекті сын айта білу; 
8)  практикалық  жəне  зертханалық  жұмыстарды  орындауда  техникалық 
қауіпсіздік ережелерін сақтау даярлығын көрсете білуі тиіс. 
 
 
7. 10-11 сыныптары оқушыларының деңгейінің жүйелі-əрекеттік 
нəтижелері 
 
 


 
27. Оқушылар: 
1)  органикалық  дүниенің  бірлігін  дəлелдеу  үшін  жасушалық  теорияны 
қолдану; 
2)  будандастыру сызбанұсқасын құрастыруда,зат жəне энергия алмасуға 
есептер  шығаруда,  генетикалық  жəне  молекулалық  биологияға  есептер 
шығаруда генетикалық терминдерді жəне белгілерді(символдарды )қолдану; 
3)  ғылыми  жəне  көпшілікке  арналған  əдебиеттермен  жұмыс  істеуде 
пəндік жəне атау көрсеткіштерін пайдалану; 
4)  мəтін 
тезистеріне, 
конспектілеріне 
кеңейтілген 
жоспар 
құрып,рефераттар презентациялар даярлау; 
5)  эпектрондық ресурстарды, интернетті жұмыс барысында  қолдану; 
6)  оқулық мəтінімен жұмыс істеуде тисті кестелер мен сызбанұсқаларды 
құрастыру; 
7)  органикалық  дүниенің  бірлігін  дəлелдеу  үшін  жасушалық    туралы 
білімін пайдалану дағдыларын көрсете білу тиіс. 
 
 
«Биология» пəнінен оқу бағдарламасы 
(жаратылыстану-математикалық бағыт) 
 
 
1. Түсінік хат 
 
1.  Бұл  бағдарлама  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 23 
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
стандартына сəйкес заттар, химиялық реакциялар мен олардың заңдылықтары, 
сондай-ақ  қоршаған  əлемнің  материалдық  бірлігі  туралы    жаратылыстану-
ғылыми кіріктірілген білімдерін қалыптастыруға арналған. 
2.  Оқу  пəнінің  білім  мазмұны  теориялық  жəне  қолданбалы  негіздер  мен 
«Жалпы  биологияны»  оқытуға  бағытталған  бөлімдер  мен  тақырыптырды, 
практикалық  дағдыларды  меңгеру  мақсатында,  қоршаған  орта  мен  адам 
денсаулығын сақтау мəселелері, зертханалық жұмыстарда берілген. 
3. Оқытудың мақсаты: 
1)  тірі  материя,  оның  биологиялық  құрылым  деңгейлері  туралы  негізге 
алынатын түсініктерді қалыптастыру; 
2) тірі жəне өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру; 
3) жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру; 
4)  өсімдік  жəне  жануар  жасушаларының  құрылысы  туралы  түсінік 
қалыптастыру; 
5)  органикалық  жəне  бейорганикалық  заттардың  рөлі  туралы  білім 
қалыптастыру; 
6) организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; 
7)  органикалық  дүние  дамуының  негізгі  ретінде  генетикалық 
заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыр 
 
 


8)  адамның  тұқымқуалаушылығына  қоршаған  ортаның  қолайсыз 
факторларының зиянды əсері туралы түсінік қалыптастыру; 
4. Оқытудың міндеттері: 
1) түр жəне оның критерий туралы түсініктің мəнін ашып көрсету; 
2) эволюциялық  ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру; 
3) экологиялық факторлар жəне пəннің ролін ашу; 
4) экологиялық міндеттерін ашу; 
5) экосистема, биоценоз, биосфера ұғымдарының маңызын ашу; 
6) экологиялық жүйелерге адамның іс-əрекетінің əсерін ашып көрсету; 
7)  табиғатты  қорғау  бойынша  қазақ  халқының  салт-дəстүрлерінің  мəнін 
ашып көрсету; 
8)  Қазакстанның  табиғатын  қорғау    туралы  Қазақстан  Республикасыеың 
заңдарын негіздеу; 
9)   цитологияның міндеттерін игеру; 
10) жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу; 
11)  энергия  алмасудың  кезеңдерін  жəне  оның  жасушадағы  рөлін 
сипаттау; 
12)  органикалық  дүниедегі  көбею  əдістері  мен  жасушалардың  бөліну 
типтерін игеру; 
13) организмнің дамуын жəне орта жағдайларын сипаттау; 
14) тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; 
15) өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; 
16) селекция жəне биотехнология негіздерін сипаттау. 
5. «Биология» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат; 
11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат. 
6.  Биологияны  оқып  білу  барысында  мына  төмендегі  оқу  пəндерімен 
пəнаралық байланыстар жүзеге асырылады: 
7.Пəнаралық байланыс «Қазақ тілі жəне əдебиетімен»: 
1) сөздік қордың биологиялық терминдермен одан əрі байытылуы; 
2)  органикалық  дүниенің  құрылысы  мен  эволюциясының  ерекшеліктері 
бойынша оқу материалын қабылдау арқылы ауызша сөздің дамуы; 
3)  қысқаша  шығармалар-сипаттамалар,  ойбөлісу  түрінде  материалды 
баяндау,  баяндаманы  дұрыс  көркемдеу,  Эссе,хабарлама,  биологиялық 
диктанттар  жазу,  шығармашылық  тапсырмалар  орындау  арқылы  жазбаша 
сөздің дамуы. 
8. Пəнаралық байланыс математикамен: 
1)  биологиялық  эксперименттердің  тəжірибелердің,  бақылаудың, 
зертханалық  жұмыстардың  қорытындысын  шығаруда  математикалық  білімді 
пайдалану; 
2) биологиялық өлшеулер жүргізу жəне математикалық талдау жасау. 
9. Пəнаралық байланыс тарихпен: 
тарихтың  бірінші  кезеңінің  мəдениетін  оқып  білу,  ашылған  ұлы 
географиялық жаңалықтарды білу; 
10. Пəнаралық байланыс физикалық география: 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау