Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет2/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

2)  «Жасушаның  химиялық  құрамы» (3 сағат).Су  жəне  басқа 
бейорганикалық  заттар,  олардың  жасуша  тіршілігіндегі  рөлі.  Органикалық 
заттар: көмірсулар, нəруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың 
құрылысы  жəне  жасушадағы  рөлі.  Ферменттер,  олардың  тіршілік  əрекеттерін 
реттеудегі рөлі; 
3)  «Жасушаның  құрылысы» (2 сағат).  Жасушаның  негізгі  құрам 
бөліктері.  Түрлі  жасушалық  құрылымдар  мембраналарының  құрылысы  мен 
қызметінің  ерекшеліктері.  Цитоплазма  органоидтері,  олардың  құрылысы  жəне 
қызметі  (эндоплазмалэық  тор,  Гольджи  жиынтығы  жəне  лизосомалар, 
митохондриялар,  пластидтер,жасуша  орталығы,  рибосомалар)  қозғалту 
органоидтері,  олардың  құрылысы  мен  атқаратын  қызметі;  жасушалық 
қосындылар.  Ядро,  оның  құрылысы  мен  қызметі.  Зертханалық  жұмыс: 
Эукариоттық 
(өсімдік, 
жануар,саңырауқұлақ) 
жəне 
прокариоттық 
(бактериялық) жасушалардың құрылысы. 
10. «Тіршіліктің  жасушалық  емес  формалары.  Вирустар  жəне  фагтар»                 
(1  сағат).  Вирустар  жəне  фагтар.ЖИТС-тің  (жүре  пайда  болған  иммундық 
тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері. 
Вирустық аурулардың алдын алу. 
11. «Жасушадағы  зат  жəне  энергия  алмасу» (6 сағат).  Жасушадағы  зат 
жəне  энергия  алмасу.  Зат  алмасу  реакцияларының  катализдік  сипаты. 
Пластикалық  жəне  энергиядық  алмасулар.Энергиялық  алмасудың  негізгі 
кезеңдері.  Жасушалық  тыныс  алу  процесінің  ерекшеліктері.  Органикалық 
заттарды  түзу    əдістері:  автотрофтар  жəне  гетеротрофтар.  Фотосинтез,  оның 
сатылары.  Хемосинтез,  оның  биосферадағы  рөлі.  Нəруыз  биосинтезі. 
Генетикалық  ақпараттың  негізі — ген  түсінігі.  Генетиткалық  код.  Нəруыз 
синтезіндегі  матрицалық  принцип.  ДНҚ-лық  матрицаға  сəйкес  а-РНҚ-ның 
түзілуі. Көрсетілім: өсімдік жəне жануар жасушаларының микропрепараттары; 
фотосинтез процесін бейнелейтін тəжірибелер; жасуша модельдері; ДНҚ жəне 
РНҚ-ның,  түрлі  молекулалар  мен  вирустық  бөлшектердің  моделдері; 
жасушадағы 
метаболизм 
жолдарының 
сызбанұсқалары, “Нəруыз 
биосинтезінің”  аппликациялық — моделі.  Зертханалық  жұмыс: «Эукариоттық 
(өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) жəне прокариоттық( бактериялар) жасушалар». 
12. «Организмдердің көбеюі жəне жеке дамуы» (6 сағат): 
1)  «Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюі» (2 сағат). Өзін-өзі 
ұдайы өндіру — тіріге тəн жалпылама қасиет. Митоз жыныссыз көбеюдің жəне 
көпжасушалы  организмдер  өсуінің  негізі,  оның  фазалары  жəне  биологиялық 
маңызы.  Организмдердің  жыныссыз  көбею  формалары:  қарапайымдар 
жасушаларының  митоздық  бөлінуі,  споратүзілуі;  біржасушалы  жəне 
көпжасушалы  организмдердегі  бүршіктену;  вегетативтік  көбею.  Жыныссыз 
көбеюдің эволюциялық маңызы; 
2)  «Жынысты  көбею» (2 сағат).  Жынысты  көбею.  Мейоз,  оның 
биологиялық 
маңызы. 
Сперматогенез. 
Овогенез. 
Ұрықтану. 
Гүлді 
өсімдіктердегі  ұрықтанудың  ерекшеліктері.  Ұрықтанудың  биолдогиялық 
маңызы; 
 
 


3)  «Жеке  даму  (онтогенез)» (1 сағат).Организмдердің  жеке  дамуы 
(онтогенез)  түсінігі.  Бөліну,  өсу,  жасушалардың  жіктелуі,органогенез,  көбею, 
картаю, организмнің өлуі. Э. Мюллер жəне Э. Геккельдің биогенетикалық заңы; 
4)  «Организмнің  дамуы  жəне  қоршаған  орта» (1 сағат).  Организмнің 
эмбриондық жəне постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының 
рөлі.  Улы  заттардың  (токсиндік):  темекі  түтіні,  алкоголь,  есірткі,  түрлі-түсті 
жəне  ауыр  металлдардың,  радиоактивті  заттардың  эмбриондық  жəне 
постэмбриондық  даму  барысына  əсері(  туа  біткен  кемтарлықтар).  Көрсетілім: 
жыныссыз,  жынысты  көбеюді,  жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  эмбриондық 
жəне  постэмбриондық  дамуын  бейнелейтін  кестелер,  сызбанұсқалар; 
омыртқалы  жануарлар  ұрықтарының  ұқсастығы,  митоз  жəне  мейоздың 
сызбанұсқалары. 
13. «Генетика негіздері» (7 сағат): 
1)   «Тұқымқуалаушылықтың 
негізгі 
заңдылықтары» (4 сағат). 
Генетиканың  даму  тарихы.  Белгілердің  Мендель  ашқан  тұқым  қуалау 
заңдылықтары. 
Тұқым 
қуалаушылықтың 
гибридологиялық 
əдісі. 
Моногибридтік  будандастыру.  Басымдылық  көрсету  заңдылығы.Ажырау 
заңдылығы. Толық жəне толық емес доминганттылық. Гаметалар тазалығының 
заңы,  оның  цитологиялық  негіздемесі.  Көптік  аллельдер.  Талдаушы 
шағылыстыру.  Дигибридтік  жəне  полигибридтік  шағылыстыру.  Тəуелсіз 
үйлесімділік  заңы.  Фенготип  жəне  генотип.  Тұқым  қуалаудың  генетикалық 
заңдарының  цитологиялық  негіздері.  Жыныстың  генетикалық  анықталуы. 
Жыныс  хромосомаларының  генетикалық  құрылымы.  Гомогаметалы  жəне 
гетерогаметалы  жыныс.  Жыныспен  тіркес  тұқым  қуалайтын  белгілер. 
Тұқымқуалаушылықтың  хромосомалық  теориясы.  Гендердің  тіркесу  топтары. 
Белгілердің  тіркес  тұқым  қуалауы.  Т.  Морган  заңы.  Гендердің  толық  жəне 
толық емес тіркесулері. Хромосомалардың генетикалық картасы; 
2)  «Өзгергіштіктің  негізгі  заңдылықтары» (3 сағат).  Өзгергіштіктің 
негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік: Мутациялар. Гендік, хромосомалық 
жəне геномдық мутациялар. Мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік 
факторлар.  Мутациялардың  эволюциялық  рөлі.  Үйлесімдік  өзгергіштік. 
Гендердің  түрлі  үйлесімдерініңң  пайда  болуы  жəне  олардың  генетикалық 
алуантүрліліктің  (түрдің  шегінде)  қалыптасиуындағы  рөлі.  Үйлесімдік 
өзгергіштіктің эволюциялық маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Фенотитік 
немесе  модификациялық  өзгергіштік.  Белгілер  мен  қасиеттердің  дамуы  жəне 
жарыққа  шығуында  сыртқы  орта  жағдайларының  рөлі.  Модификациялық 
өзгергіштіктің  статистикалық  заңдылықтары.  Көрсетілім:  тұқымқуалаушылық 
заңдылықтарын,  хромосомалардың  айқасуын  бейнелейтін  модель — 
аппликациялар; қоршаған орта жағдайларының организм өзгергіштігіне əсерін 
көрсететін  тəжірибе  нəтижелері;  кеппешөп  материалдары,  будандық, 
полиплоидтық  өсімдіктердің  жинақтамалары,  нақпішіндері.  Зертханалық 
жұмыс: «.Өсімдік  фенотиптерін  зерттеу».Практикалық  жұмыс. «Генетикалық 
есептер шығару». 
14. «Адам  генетикасы» (2 сағат).  Адамның  тұқым  қуалаушылығын 
зерттеу  əдістері.  Адамның  генетикалық  əртүрлілігі.  Адамның  жəне  адам 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау