Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет4/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

2) 
«Адамның  шығу  тегі» (3 сағат).  Адамның  тірі  табиғаттағы  орны. 
Homo sapiens-түрінің  жануарлар  дүниесіндегі  жүйелік  орны.  Адам 
эволюциясының  кезеңдері:  ежелгі  адамдар,  ертедегі  адамдар  ,осы  заманғы 
алғашқы адамдар. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері. Homo sapiens-
түрініңпопуляциялық  құрылымы;адам  нəсілдері.  Адамның  биоəлеуметтік 
қасиеттері.Антропогенездің  қозғаушы  күштері.  Ф.Энгельс  маймылдың  адамға 
айналуындағы  еңбектің  рөлі  туралы.  Адамның  қалыптасуында  сөздің,ақыл-
ойдың  жəне  қоғамдық  қатынастардың  рөлі.  Адам  эволюциясында  əлеуметтік 
жəне биологиялық бағыттардың өзара қарым-қатынасы.’’Əлеуметтік дарвинизм 
‘’жəне  нəсілшілдіктің  кертартпалық  мəні.  Адамның  əлеуметтік  дамуындағы 
қоғамдық  тіршілік  заңдарының  жетекші  рөлі.  Көрсетілім:  адамның  жəне  
омыртқалы жануарлардың қаңқаларының модельдері. 
20. «Организм  жəне  ортаның  өзара  қарым-қатынастары  Экология 
негіздері» (11 сағат): 
1)  «Биосфера  туралы  түсінік» (3 сағат.)  Биосфера-жердің  тірі  қабығы. 
Биосфераның  құрылымы : литосфера,гидросфера,  атмосфера.Биосфераның 
құрам  бөліктері:тірі  зат,  түрлік  құрамы,  əртүрлілігі  жəне  биомассаға  қосқан 
үлесі,  биожанама  (енжар,биоенжар)заттар  (В.И.Вернадский).  Табиғатта 
заттардың  айналымы.  Көрсетілім:биосфераның  құрылымын  жəне  оның  құрам 
бөліктерін  сипаттайтын  сызбанұсқалар,  биосферадағы  тірі  организмдер 
əртүрлілігі мен түрлік құрамының кестелері, табиғаттағы заттар айналымының 
сызбанұсқасы; 
2)  «Организм  жəне  ортаның  өзара  қарым-қатынастары» (5 сағат.)  Тірі 
организмдердің  табиғи  бірлестіктері.Биогеоценоздар  .Биогеоценоздардың 
құрамдас  бөліктері:  тпродуценттер,консументтер,редуценттер.Биоценоздар, 
олардың  түрлік  əртүрлілігі,популяциялар  тығыздығы,  биомассасы.  Ортаның 
абиотикалық факторы.Температураның жарықтың, ылғалдылықтың жəне басқа 
 
 


3)  «Организмдер арасындағы қарым-қатынастар» (3 сағат). Организмдер 
арасындағы  қарым-қатынастың  формалары.  Жағымды  қатынастар:  симбиоз, 
кооперация,  мутуализм,  комменсализм.  Антибиотикалы  қ  қатынастар: 
жыртқыштық, 
паразитизм, 
бəсеке. 
Бейтарап 
қатынастар-нейтрализм. 
Көрсетілім:тірі 
табиғат 
дүниелері 
өкілдерінің 
симбиоздық(селбесіп) 
тіршілігінің мысалдары. 
21. «Бионика» (1 сағат).  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  құрылымдық 
принциптерін  адамның  щаруашылық  əрекетінде  пайдалану.  Табиғаттағы  тірі 
тіршілік  иелерінің  формалары  жəне  олардың  өнеркəсіптік  аналогтары 
(құрылыстық ғимараттар, машиналар, механизмдер қондырғылар). Көрсетілім: 
тірі организмдер құрылымына ұқсас өнеркəсіптік аналогтардан мысалдар. 
 
 
4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
  
22. 10-сынып оқушылары: 
1)  тірі табиғаттың негізгі құрылым деңгейлерін; 
2)  жасушалық теорияның негізгі қағидаларын; 
3)  жасушаның химиялық құрамын; 
4)  нəруыздардың  нуклеин  қышқылдарының  ликидтердің,  АТФ  жəне 
бейорганикалық заттардың жасуша жəне организм тіршілігіндегі рөлін; 
5)  генетикалық код, геннің құрылысы мен қызметін; 
6)  прокариоттар  жəне  эукариоттар,  автотрофтар  мен  гетеротрофтар 
жасушаларының құрылысы мен қызметін; 
7)  пластикалық  жəне  энергиялық  алмасумен  олардың  маңызын, 
өсімдіктердегі пластикалық алмасу ерекшеліктеріне жəне ғарыштық рөлін; 
8)  зат алмасудағы ферменттердің рөлін; 
9)  хромосомалар,  олардың  тұқым  қуалау  ақпаратын  сақтау  жəне 
ұрпақтарға берудегі рөлін: 
10)  хромосомалар  санының,  пішіні  мен  мөлшерінің  əр  түр  өкіцлдеріне 
тəн тұрақтылығын; 
11)  митоз, мейоз, ұрықтану, олардың маңызын; 
 
 


12)  генетикалық əдістерді, адам генетикасын зерттеу ерекшеліктерін; 
13)  тұқымқуалаушылықтың  фзаңдылықтарын,  модификациялық  жəне 
үйлесімдік өзгергіштіктерді, олардың себептерін; 
14)  фенготип қалыптасуда генотип пен орта жағдайларының маңызын; 
15)  мутациялардың эволюциядағы, генетиканың селекция мен денсаулық 
сақтаудағы  рөлін білуі тиіс. 
23. 10-сынып оқушыларында: 
1)  автотрофтар  мен  гетеротрофтар,  прокариоттар  мен  эукариоттар 
жасушаларын салыстыру; 
2)  митоз бен мейозды анықтау; 
3)  организмдердің көбею əдістерін ажырата білу; 
4)  фенотип пен генотипті, гомо жəне гетеро зиготаны салыстыру; 
5)  организмдердің мутациялық жəне модификациялық өзгергіштіктерін 
анықтау; 
6)  эволюция үүшін мутацияның маңызын түсіндіру; 
7)  селекция үшін генетика заңдарын негіздеу біліктігі болуы тиіс. 
 
 
5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
  
24. 11-сынып оқушылары: 
1) 
тірі табиғаттың эволюциясы туралы түсінік; 
2) 
Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары; 
3) 
Ч.Дарвиннің қолдан жəне табиғи сұрыпталу туралы ілімі; 
4) 
тіршілік үшін күрестің формалары; 
5) 
мутациялардың эволюциялық рөлі ; 
6) 
Табиғи сұрыпталудың формалары; 
7) 
түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар; 
8) 
эволюциялық процестің негізгі бағыттары, 
9) 
биологиялық прогреске жету жолдары; 
10)  эволюцияның  негізгі  заңдылықтары:  дивергенция,  конвергенция, -
параллелизм; 
11)  архей,протерозой ,палеозой,мезозой кайнозой замандарында жерде 
тіршіліктің дамуы; 
12)  биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері; 
13)  адамның биоəлеуметтік қасиеттері; 
14)  əлеуметтік дарвинизмнің,, кертартпалық рөлі; 
15)  организм жəне ортаның қарым-қатынастары; 
16)  биосфераның құрылымы жəне оның құрам бөліктері; 
17)  ортаның 
биотикалық, 
абиотикалық 
жəне 
антропогендік 
факторлары; 
18)  орта факторлары əрекетінің қарқындылығы, шектеуші фактор; 
19)  организмдер арасындағы қарым-қатнастардың формалары; 
20)  антропогендік факторлардың биоценоздарға əсері; 
21)  экологиялық кешендер түзудің шараларын туралы білуі тиіс. 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау