Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет18/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35

20) 
Қазақстан 
Республикасы 
халықтарының 
ұйымшылдыққа, 
ынтымақтастыққа жəне нығаюға жетуіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының 
рөлін; 
21) 
Жер 
шарындағы 
негізгі 
нəсілдерді, 
Н.Н.Миклухо-Маклай 
зерттеулерінің қорытындыларын; 
22)  табиғатты  пайдалану,  географиялық  орта,  қоршаған  орта,  ресурспен 
қамтамасыз етілу ұғымдары туралы; 
23)  табиғат  ресурстарының  жіктелуін  (пайда  болу,  қолданылу,  сарқылу 
деңгейі  бойынша),  жекелеген  елдер  бойынша  олардың  орналасу  жəне 
шоғырлану ерекшеліктерін;  
24)  қоғам  мен  табиғат  арасындағы  байланыстың  қазіргі  кезеңдегі 
ерекшеліктерін; 
25) экологиялық проблемаларды шешудің негізгі бағыттарын; 
26)  ҒТР  ұғымы  (негізгі  белгілерін,  құрамдас  бөліктерін,  техника  мен 
технологияның  даму  жолдарын,  шаруашылық  дамуының  негізгі  бағыттарын 
жəне ҒТР жағдайында шаруашылықтың салаларын орналастыру факторларын); 
27) 
Қазақстан 
Республикасындағы 
инновациялық-индустриалдық 
реформалардың  бағыттарын  жəне  экономиканың  ғылыми-техникалық 
жаңаруын; 
28) ҒТР жағдайында адам факторының рөлін жəне сапалы білімнің жеке 
тұлғаның  қазіргі  замандағы  шаруашылыққа  маман  ретінде  бейімделуіндегі 
маңызын; 
29)  дүниежүзілік  шаруашылық,  оның  дамуының  негізгі  кезеңдері, 
халықаралық  географиялық  еңбек  бөлінісі,  халықаралық  экономикалық
 
ықпалдастық, экономиканың типтері ұғымдарын;  
30)  дүниежүзілік  шаруашылықтың  негізгі  орталықтарын  жəне  аумақтық 
айырмашылықтарын, халықаралық экономикалық байланыстың түрлерін;  
31)  дүниежүзілік  шаруашылықтың  салаларын  орналастырудың  негізгі 
заңдылықтарын жəне факторларын; 
32)  ҒТР  саланың  құрылымына,  өнеркəсіпті  орналастыруға  əсерін  жəне 
оның дамуының негізгі бағыттарын; 
33)  дүниежүзілік  өндіруші,  энергетика  жəне  өңдеуші  өнеркəсіптің 
жетекші салаларының орналасуының негізгі орталықтарын жəне аймақтарын; 
34) дүниежүзінің негізгі ауыл шаруашылық аудандарын; 
35) көліктің негізгі түрлерін жəне дүниежүзілік қатынас жолдарын; 
36) халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерін; 
37) ТМД елдерін, көршілес, алыс шет елдер, кедендік одақ ұғымдарын; 
38)  ТМД  елдерінің  геосаяси  жəне  экономикалық-географиялық 
жағдайының өзіне тəн сипаттарын; 
39)  халықының,  табиғат  жағдайларының  жəне  ресурстарының    негізгі 
сипатын, 
ТМД 
елдері 
шаруашылығының 
жəне 
аумағының 
ішкі 
айырмашылықтарын; 
40)  ТМД  елдеріндегі  экономикалық  реформаларды  жəне  олардың 
арасындағы ықпалдастық процестерін білулері тиіс. 
21. 10 сыныптың соңында оқушылар: 
 
 


1)  терминдер,  түсініктер  жиынтығын  жəне  Жер  туралы  заңдылықтарды, 
Күн жүйесіндегі Жердің орны жайлы түсіндіре; 
2)  Жер  қабығының  заңдылықтарын  жəне  ерекшеліктерін,  терминдер, 
түсініктер жиынтығын, олардың маңызын түсіндіре; 
3)  мазмұны  жəне  қолданылуы  əр  түрлі  карталарды  оқу,  бөлімде  аталған 
нысандарды көрсету жəне карталардың өлшеуіш қасиеттерін
 
қолдана; 
4) геосаяси жағдайды сипаттай; 
5) дүниежүзі саяси картасының нысандарын қабырға картасынан көрсете 
жəне кескін картаға белгілей; 
6)  елдегі  жəне  дүниежүзіндегі  саяси  оқиғаларға,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының басылымдарына, мəтіндерге талдау жасау; 
7)  дүниежүзі  жəне  жекелеген  елдерді  халқының  ұдайы  өсуі,  жастық-
жыныстық  құрамы,  халықтың  тығыздығы  жəне  орналасуы,  демографиялық 
саясаты,  нəсілдік,  тілдік,  ұлттық,  діни  құрамы,  урбандалу  деңгейі 
ерекшеліктеріне қарай салыстыра; 
8)  ақпарат  көздеріне  сүйене  отырып,  табиғатты  пайдаланудың  түрлерін 
сипаттай; 
9)  Жер  шарында  минералдық  ресурстардың  таралуын  талдай  жəне  əр 
түрлі елдердің ресурспен қамтамасыз етілуін анықтай; 
10)  күнделікті  өмірдегі,  өнеркəсіптегі,  саудадағы,  көліктегі,  ауыл 
шаруашылығындағы  ғылыми-техникалық  жаңаруды  дəлелдейтін  нақты 
мысалдар келтіре; 
11)  дүниежүзілік  шаруашылықтың  жетекші  салаларын  орналастыру 
факторларын анықтай; 
12)  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  дүниежүзі  шаруашылығы 
салаларының жағдайы туралы материалдарына талдау жасай; 
13) əр түрлі ақпарат деректерінің көмегімен дүниежүзі шаруашылығының 
салаларына сипаттай; 
14)  қабырға  жəне  кескін  карталардан  дүниежүзі  шаруашылығы 
салаларының жетекші елдерін көрсете; 
15) карталардан, сонымен қатар кескін картадан, ТМД елдерінің аумағын 
көрсете; 
16)  ТМД  елдерін,  олардың  аумағындағы  табиғат  жағдайлары  мен 
ресурстарының,  халқының  жəне  шаруашылық  ерекшеліктерінің  арасындағы 
ұқсастық пен айырмашылықты анықтау мақсатында салыстыра; 
17) 
елдердің 
жəне 
аумақтардың 
экономикалық-географиялық 
сипаттамасын құра алулары тиіс. 
 
 
5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
 
22. 11 сыныптың соңында оқушылар: 
1) Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың, Аустралия 
жəне  Мұхит  аралдарының  тарихи-географиялық  аймақтарын,  жетекші  елдерін 
жəне олардың астаналарын;  
 
 


2) адамзаттың ілгері басуындағы Азия өркениеттінің рөлін;
  
3)  Азия,  Шетелдік  Еуропа,  Америка,  Аустралия  жəне  Мұхит  аралдары 
елдерінің  экономикалық-географиялық  жағдайына,  табиғат  жағдайлары  мен 
ресурстарына, 
халқына, 
урбандалуына, 
АҚШ 
мегалополистеріне,  
шаруашылығына,  ішкі  айырмашылықтарына,  экономиканың  негізгі  жəне 
экспорттаушы салаларына тəн сипатын; 
4) Еуроодақ көлемінде елдердің ықпалдастығының негізгі сипатын; 
5)  шаруашылықтың  жетекші  салаларының  орналасуын  (АҚШ  негізгі 
өнеркəсіптік орталықтары мен белдеулері, елдердің негізгі өнеркəсіп жəне ауыл 
шаруашылығы аудандарын, негізгі көлік магистральдарын);  
6) алынған білім негізінде Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, 
Аустралия  жəне  Мұхит  аралдарының  ірі  жəне  дүниежүзі  экономикасы  үшін 
маңызды  елдерінің  экономикалық-географиялық  ерекшелігін, «экономикалық 
тұрпаты»; 
7)  Африканың  ірі  елдерінің  экономикалық-географиялық  жағдайының, 
аймақтарының  табиғат  жағдайлары  мен  ресурстарының,  халқының, 
урбандалуының, 
аймақтар 
бойынша 
шаруашылықтың 
ішкі 
айырмашылықтарының,  елдер  экономикасының  көпсалалы  жəне  бірсалалы 
мамандану  салаларының,  олардың  халықаралық  географиялық  еңбек 
бөлінісіндегі орнының өзіндік сипатын; 
8) Африканың дамушы елдері экономикасының артта қалуының себебін; 
9)  Африканың  негізгі 
өнеркəсіптік  жəне 
ауылшаруашылықты 
аудандарын, көлік жүйесінің ерекшеліктерін; 
10)  Антарктида  жəне  Антарктиканы  қазіргі  кезеңде  зерттеудегі 
жетістіктерді, ресейлік, кеңестік, қазақстандық зерттеушілер мен ғалымдардың 
қосқан үлесін; 
11) ғылыми, мəдени, рекреациялық орталықтар мен аудандарды; 
12)  Қазақстанның  Азияның,  Шетелдік  Еуропаның,  Американың, 
Африканың,  Аустралия  жəне  Мұхит  аралдарының  жетекші  елдерімен  қарым-
қатынасын; 
13)  ғаламдық  проблемалардың  түрлерін,  мəнін,  оларды  шешудің  негізгі 
жолдарын жəне бұл проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың 
маңызын;  
14) ғаламдық жəне аймақтық проблемалардың оң шешімінің мысалдарын 
білулері тиіс.  
23. 11 сыныптың соңында оқушылар: 
1)  карталардан,  сонымен  қатар  кескін  карталардан  Азияның,  Шетелдік 
Еуропаның,  Американың,  Африканың,  Аустралия  жəне  Мұхит  аралдарының 
тарихи-географиялық аймақтарын, жетекші елдерін жəне олардың астаналарын 
көрсете; 
2) Азияның, Шетелдік Еуропаның, Американың, Африканың, Аустралия 
жəне  Мұхит  аралдарының  аймақтары  мен  елдеріне  экономикалық-
географиялық сипаттама бере, алынған нəтижелерге презентация жасай;  
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау