7.4. Ситуациялық есептер
1. Инфекциялық полиатриті бар науқас 6 ай бойында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдады. Емдеу курсының соңына қарай науқасты қыжылдау, эпигастрий аймағының ауырсынуы мен ауырлық сезімі мазалай бастады. Науқас қандай препарат қабылдаған? Дамыған асқынулардың себебі неде?
2. Инфекциялық полиатритпен ауыратын науқас ұзақ уақыт бойында препарат қабылдаған. Уақыт өте, науқас бетінің ісіне бастағанын байқап дәрігерге көрінеді. Тексеру нәтижесінде науқастың несебінде белоктар мен эритроциттер анықталады. Науқас қандай препарат қабылдаған? Дамыған асқынулардың себебі неде? Осы препарат тағы қандай асқынуларды дамытуы мүмкін?
3. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді анықтаңыз.
Пре-парат |
Енгізу жолы
|
Жартылай бөліну уақыты
|
Науқастың ұзақ уақыт бойында қабылдай алуы, шыдамдылығы
|
Химиялық құрылысы
|
Шығарылу қалпы
|
А
|
Ішке
|
8-12
|
++
|
Пропион қышқылы-ның туындысы
|
Таблеткалар 0,25
|
Б
|
Ішке, тік ішекке
|
2-5
|
-
|
Индол уксус қышқылы-ның туындысы
|
Капсула, дражелер 0,025 г (0,05); тік ішектік суппозиторий
|
В
|
Ішке, сыртқы қолда-нуға
|
35-тен аса
|
-
|
Пиразолон туындысы
|
Таблеткалар 0,15 жағынды 20 г
|
4. Невралгия мазалайтын науқасқа ²асқазан жарасы² қосымша ауруын ескере отырып ҚСЕД тобынан қайсы препаратты тағайындауға болады?
5. Препаратты анықтаңыз:
- жартылай бөліну уақыты 38-45 сағат;
- интерлейкин – 1 түзілуін тежейді;
- 10-20 мг дозада анальгезиялаушы және дене қызуын төмендетуші, ал 20-40 мг дозада қабынуға қарсы әсер көрсетеді;
- асқазан кілегей қабатын аспиринге қарағанда кем зақымдайды;
- Бехтерев ауруын, остеоартозды, подаграның өршуін, ревматоидты артритті емдеуге тағайындалады.
6. Ревматоидтық миокардиті бар екі науқас дене қызуын төмендетуші қасиеті бар А және Б препараттарымен емделді. Емнің басталуынан 1,5 ай өткен кезде А препаратын қабылдап жүрген науқаста анемия, лейкопения мен тромбоцитопения дамиды. Ал, Б препаратын қабылдаған науқаста қанағыштық, гематурия мен қан ұю уақытының ұзаруы байқалады. Препараттарды анықтаңыз және дамыған асқынулардың себебін анықтаңыз?
7. Препаратты анықтаңыз:
- фенацетиннің метаболиті;
- простогландиндердің өндірілуін негізінен ОНЖ-де тежейді;
- Өте күшті антипиретикалық, анальгезиялаушы және әлсіз қабынуға қарсы әсер көрсетеді;
- әсері 20-30 минутта дамып, 4 сағат бойында сақталады;
- тромбоцитопения, метгемоглобиннің, бауырдың зақымдалуын шақыруы мүмкін.
8. Науқас асқазан жарасының өршуіне байланысты дәрігерге қаралды. Науқас эпигастрий аймағының ауыратынына, лоқсу сезіміне, нәжістің қараюына (мелена), әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: науқастың суықтап, дене қызуы жоғарлап, басының ауырғанына байланысты анальгезиялық препаратты 1 апта бойында қабылдағаны анықталды. Науқас қандай препарат қабылдаған? Асқазан жарасының өршуі неге байланысты? Дамыған асқынулардың алдын қалайша алуға болады?
9. Операция жасауға болмайтын өкпе рагі бар науқасқа ауырсыну сезімін жеңілдету мақсатпен, морфин дәрісі егіледі. Бұл жағдайда науқаста жедел іш қату байқалады (непроходимость кишечника). Ренгенографиялық тексеру кезінде тоқ ішектің бірінші бүгілу деңгейінде рентген – контраст заттың стазы байқалды. Науқасқа лапоротомия жасалды, бірақ тоқ ішекті зерттегенде оның ішінде ісіну немесе ісіктің бар екені анықталмады.
Морфин еккеннен кейін науқас ішінің қату себебі неде? Бұл процесті қандай еммен қайтаруға болады? Наркотикалық анальгетиктердің қай дәрілері ішектің түйілуін болдырмайды?
10. Кеудесі суық қарумен терең жарақаттанған талықсу жағдайында және қан түкіріп жөтелетін науқас стационарға түсті. Науқастың жөтелін басатын және талықсу сезімін басатын қай дәріні оған беруге болады?
11. Науқас адам жүрегінің өте қатты ауырғаның сезді. Туысқандары шақырған жедел жәрдем бригадасы науқастың стенокардиясы бар екенін анықтады. Науқастың жағдайы қиындай түсіп, ауырсыну сезімі күшейе түсті. Нәтижесінде айқын брадикардия пайда болды. Ауырсыну шогын болдырмау үшін науқасқа қандай дәріні енгізу керек.
12. Бауыр шаншуы бар (печеночные колики) науқасқа анальгетикпен бірге спазмолитик (түйілуді жоятын дәрі) тағайындалды. Ауырсыну азайды. Науқасқа қай анальгетик берілді? Неге анальгетикпен бірге спазмолитик берілді? Біріңғай салалы бұлшық ет түйілуінде анальгетик тобының ішінен қайсысын таңдауға болады?
13. Операцияның алдында, хирургиялық стационарда науқасқа медициналық дайындық (премедикация) жүргізілді, яғни өте күшті анальгетик нейролептикпен бірге енгізілді. Нәтижесінде ауырсыну сезімі жақсы деңгейде басылып, науқас тынышталды, бірақ науқастың тыныс алуы бұзылды. Тынысты қалыпқа келтіру үшін дәрі енгізіп, науқасқа анестезиологиялық аппарат қосылды, соның арқасында науқастың тыныс алуы қалыпқа келді. Науқасқа премидикация кезінде қай дәрі енгізілді? Оның мақсаты неде? Тыныс не себептен бұзылды? Тыныс алу бұзылғанда қандай дәрілерді енгізуге болады? Науқастың тынысы қандай аппаратқа қосылғаннан кейін қалыпқа келді?
14. Өте ауыр жағдайда, улану белгілерімен науқас стационарға түсті. Науқасты объективті түрде зерттегенде мыналар байқалды: науқастың кома жағдайында болуы, терісі мен шырышты қабатының көкшілденуі, брадикардия болуы, көз қарашықтарының өте күшті тарылуы (жарық сезімталдығының сақталуы), дене температурасының төмендеуі, тізе рефлексінің сақталуы. Улану қай дәрімен болған? Бұл симптомдардың пайда болу себебі? Улануға қарсы көрсетілетін негізгі көмек түрлері.
15. Сіз арнайы шақырумен науқас Ивановқа келдіңіз. Науқас кома жағдайында, рефлекс қоздырғыштары төмен, тынысы сирек, цианоз, артериалық қысымы төмен, тамыр соғуы өте әлсіз. Көзінің жарыққа сезімталдығы сақталған. Туысқандарының айтуынша науқас Иванов 20 сағат бойы ұйықтап жатыр. Сіздің диагнозыңыз. Қандай көмек көрсетесіз?
16. Ауырсыну сезімін басу үшін науқасқа А препараты енгізілді, ол ауырсыну сезімін басты, бірақ тыныс алу орталығын тежеді. Оны болдырмау үшін науқасқа Б дәрісі берілді. Б дәріні бергенде, науқасқа берген А дәрісінің әсері жойылып кетті. Науқасқа қандай дәрілер берілген? Бұл дәрілердің әсерлерін немен түсіндіресіз?
17. Кішігірім операция кезінде жансыздандыру мақсатымен науқасқа ауырсыну сезімін күшті басатын дәрімен бірге тыныштандыратын дәрі қосарландырып берілді. Бұл дәрілер жылдам жансыздандырып, ауырсыну сезімін жойды, бірақ науқастың сана сезімі сақталды. Науқасқа қандай дәрілер берілді және ауырсыну сезімін басатын мұндай жансыздандыру түрін қалай атайды?
18. Бір қоянға А дәрісінің улы мөлшерін (дозасын) енгізгенде қоянда тетаниялық құрысу – опистонус байқалды, ол өлді. Ал, екінші қоянға Б дәрісінің улы мөлшерін енгізгенде онда клоникалық құрысу байқалды (жиырылу және босаңсу бұлшық еттері кезек-кезек жиырылыу) қояндарға қандай дәрілер дәрілер егілді. ОЖЖ-не әсер орнын көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |