|
Жалпы хирургия кафедрасы
|
бет | 22/57 | Дата | 09.12.2023 | өлшемі | 145,33 Kb. | | #44635 | түрі | Сабақ |
| Әдістеме ФАРМАКОЛОГИЯ (1)Тәжірибелік сабақ №7
1.Тақырыбы: Сульфаниламидтер және антибиотиктер. Дәрілердің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілік заттар. Вирустарға қарсы қолданылатын дәрілер. Дәрілердің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы.
2.Сабақтың мақсаты: Сульфаниламидтер және антибиотиктердің фармакокинетикасы және динамикасын үйрету және білу, және де студенттерге осы топтағы дәрілік заттарды дұрыс тағайындап және оларға рецепт жазуын қалыптастыру. Туберкулезге және мерезге қарсы қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасын үйрету және білу, және де студенттерге осы топтағы дәрілік заттарды дұрыс тағайындап және оларға рецепт жазуын қалыптастыру. Вирустарға және ауру тудыратын саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасын үйрету және білу.
3.Оқыту мақсаты: Медицинада сульфаниламидтер өте кең қолданылады. Сульфанил қышқылының туындылары болып табылатын, кең спектрлі синтетикалық антимикробтық дәрілер 1935 жылдан бастап белгілі. Қазіргі уақытта 20 000-нан астам сульфаниламидтер синтезделген. Олардың 40 шақтысы өте жиі қолданылуда. Антибиотиктер ғасыры басталғалы (ХХ ғ. 40-шы жылдары) инфекциялық аурулардың химиотерапиясы үлкен жетістіктерге жетті.Антибиотиктер қазіргі заман медицинада ерекше орын алуда. Туберкулез бүкіл ағзаның жалпы инфекциялы ауру болып табылады. Туберкулездің микробактерийлері, бактериальды токсиндер және тін ыдырауының өнімдері қалыпты тіршіліктің бұзылуына және патологиялық өзгерістерге алып келеді.Медицинның инфекциялы ауруларды, сонымен бірге венерологиялық аурулармен күресу барысында жетістіктеріне қарамастан, біраз аурулардың пайда болуына себеп болды. Осыған қосымша еліміздің біраз региондарындағы санитарлық жағдайларының нашар болуы әсер етеді. Венерология ауруларының %-тік қатынасы үлкен болып қалуда. Вирустарға және ауру тудыратын саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасын үйрету және білу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|