Тәжірибелік сабақ №3
1. Тақырыбы: Эфференттік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер. Холинергиялық синапстың құрылысы, M- және H –холинорецепторларды қоздыратын (холиномиметик дәрілер), M- және H – холинорецепторларды тежейтін дәрілер. (Холинолитиктер).
Дәрілердің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы.
2.Сабақтың мақсаты: Холинергиялық дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасын үйрету және білу, және де студенттерге осы топтағы дәрілік заттарды дұрыс тағайындап және оларға рецепт жазуын қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты Оқу барысында студенттер келесі мәліметтерді меңгеру керек:
- холинорецепторлардың түрлерін;
- холинорецепторлардың локализациясын;
- холинергиялық дәрілердің классификациясын;
- холинергиялық дәрілердің фармакокинетикасын и фармакодинамикасын, дозасын және
шығу формасын, әсер ету механизмін;
- аталмыш дәрілік заттардың қолдануға көрсетпелерін, қарсы көрсетпелерін және
жағымсыз әсерлерін .
Сабақ нәтижесінде дұрыс рецепт жаза білу, тақырыпқа байланысты ахуалды есептерді шығара білу керек, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу,экспериментальды жұмыстарды жасай білу және осы жұмыстардың маңызын және шыққан нәтижелерін түсіндіріп беру керек.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Парасимпатикалық нерв жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
2. Холинергиялық синапстың құрылысы.
3. Холинорецепторлардың түрлері, олардың орналасуы. Ацетилхолин және холино-рецепторлардың өзара әрекетінен туатын эффекттер.
4. Холинергиялық дәрілердің классификациясы.
5. М-, Н-холиномиметиктер, олардың негізгі эффекттері. Қолдануға көрсетпелері.
6. Антихолинэстераздық дәрілер. Әсер ету механизмі. Қолдануға көрсетпелер. Фосфорорганикалық қосылыстарының әсер ерекшеліктері. Жағымсыз әсерлері. Фосфорорганикалық қосылыстармен улану және жедел жәрдем шаралары.
7. М-холиномиметикалық дәрілер. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Мускаринмен улану белгілері және жедел жәрдем шаралары.
8. Н-холиномиметиктер. Әсер ету механизмі. Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. Никотинмен улану белгілері және жедел жәрдем шаралары.
9. М-холиноблокаторлар, өкілдері, шығу формалары, дозалары. М-холиноблокаторлар-
дың фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетпелері, қарсы көрсетпелері және
жағымсыз әсерлері.
10. Атропинмен уланғанда болатын белгілерді көрсетіңіз және қолданылатын препараттарды атаңыз.
11. Н-холиноблокаторлар, классификациясы, өкілдері, шығу формалары, дозалары,
фармакологиялық эффекттері, қолдануға көрсетпелері, қарсы көрсетпелері және
жағымсыз әсерлері.
12. Ганглиоблокаторлар, классификациясы, өкілдері, шығу формалары, дозалары,
фармакологиялық эффекттері, қолдануға көрсетпелері, қарсы көрсетпелері және
жағымсыз әсерлері. Ганглиоблокаторлармен уланғанда көрсетілетін көмек.
13. Перифериялық әсерлі миорелаксанттар немесе курартәрізді заттар. Классификация, әсер ету механизмі, қолдануға көрсетпелері, қарсы көрсетпелері және жағымсыз әсерлері.
14. Перифериялық әсерлі миорелаксанттардың антагонисттері.
Достарыңызбен бөлісу: |