Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Анемия (қаназдық) синдромында қолданылатын дәрілер.
Гипергликемия және гипогликемия синдромдарында қолданылатын дәрілер 2.Сабақтың мақсаты: Анемиялық, геморрагиялық, миело – және лимфопролиферативті синдромының жетіспеушілігінде тағайындалатын препараттарды дұрыс тағайындап, практикалық қызметте рецептура ережелерін қолдана отырып дәрілерге рецепт жазу. Дәрілердің фармакодинамикасын және фармакокинетикасын, көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін және кері әсерлерін түсіндіру. Фундаментальды және клиникалық пәндер интеграциясы негізінде студенттерді және әр жастағы балалардың эндокриндік жүйесінің патологиялық жағдайларында қолданылатын дәрілік заттармен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты: Анемиялық, геморрагиялық, миело – және лимфопролиферативті синдромының жетіспеушілігінде тағайындалатын дәрілердің фармакологиясында қолданатын дәрілердің негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық қасиеттерін игеру. Эндокриндік жүйе патологиясинда жиі кездесетін синдромдарда қолданылатын негізгі топтағы дәрілік заттардың әсер механизмін,фармакологиялық әсерін,қолдану көрсетпелерін және жағымсыз әсерін түсіндіру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Анемиялық синдром кезінде қолданылатын препараттар: темір сульфаты және препараттары, құрамындағы (сорбифер Дурулес, тардиферон), темір фумараты (ферронат, хефенол), темір хлориді (гемофер), темір тотығының сульфаты (актиферрин, тардиферон, ферроградумет), ферковен, феррум лек, комплексті темір препараттары (мальтофер, фелатум), эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, фоль қышқылы.
Темір препараттары. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері, педиатриялық тәжірибеде тағайындау ерекшеліктері.
Темірдің сіңірілу үрдісінде аскорбин қышқылының маңызы.
Фолий қышқылымен цианокобаламин фармакотерапиялық әсер механизмі.
Қолдануға көрсетулер.
Дамуы мүмкін жанама әсерлері.
Геморрагиялық синдром кезінде қолданылатын препараттар. Тікелей және тікелей емес антикоагулянттар, фибринолиз ингибиторлары, тромбқа қарсы препараттар, тамыр өткізгіштігіне әсер ететін препараттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
Миело- және лимфопролиферативті синдромға тағайындалатын препараттар.
Гипергликемия синдромында қолданылатын дәрілер (ұйқы безі гормондары дәрілері). Механизм әсері, көрсетпелер және кері көрсетпелері, қосымша әсерлері.
Пероральды синтетикалық антидиабетикалық дәрілер, механизмі, жағымсыз әсерлері.
Гипогликемия синдромында қолданылатын дәрілер (глюкагон, адреналин гидрохлориді, глюкоза). Механизм әсері, көрсетпелер және кері көрсетпелері, жағымсыз әсерлері.
Қант диабетінде қолданылатын синтетикалық дәрілік заттар.Әсер механизмі, фармакологиялық әсері,қолдану көрсетпелері және жағымсыз әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |