8.Ситуациялық есептер:
Есеп№1
14 жасар пациент К. гастроэнтерологқа эпигастрий аймағындағы ауырсынуымен, асқазан қыжылы, жиі кекіріктің мазалайтынын айтып шағымданды. Анамнезде он екі елі ішектіңің ойық жарасы.
1. Осы науқасқа қандай топтың дәрі-дәрмектерді жазуға болады?
2. Сіздің таңдауыңызды түсіндіріңіз?
3. H2 гистаминді блокаторларының әсер ету механизмі?
4. Омепрозолдың әсері қандай?
5. Омепрозолды және фамотидинді біріктіру мүмкін бе?
Есеп№2
Науқас Николай , 40 жаста , терапевтке тамақтанудан соң қышқылмен, кекірумен, эпигастрий аймағында ауырсынуына шағымданып келді. Диагнозы: созылмалы жара ауруы, өршу сатысы. Анамнезінде: эрозивті гастрит, 10 күн бұрын неврапатологта мойын остеохондрозы бойынша емделген, диклофенакті 5 күн бойы тамаққа байланыссыз қабылдаған.
Жара ауруының өршуінің себебін атаңыз?
Бұл кімнің қателігі?
Мұндай жағдайда не істеу керек?
Есеп№3
22 жастағы науқас 2 айдан астам асқазан жарасы ауруымен ем қабылдаған.. Емнің нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарған, алайда емдік курстың аяғында науқасты толу сезімі,жүрек айну, метеоризм мазалай бастады. Компенсаторлы гипергастремия байқалады.
1.Науқасқа қандай препарат тағайындалған?
2.Препараттың қолдану ерекшелігін атаңыз.
Есеп№4
Науқас Баходыр 35 жаста , учаскелік терапевтке ранитидиннің сапасына шағымданады.Оның ойынша бұл дәрінің әсері төмендеген.Сұрастыру барысында анықталғаны:әсерін жоғарлату үшін алмагельді бірге қосып бір мезгілде қабылдайды екен.
1)Неге ранитидиннің әсері төмендеген?
2)Жараға қарсы препаратпен ранитидиннің өзара қатынасын қалай анықтаймыз.
3)Ранитидинмен әсер механизмімен жағымсыз әсерін көрсетіңіз.
Есеп№5
Науқас Асан, 35 жаста, учаскелік терапевтке ранитидинді қолданғанда әсерінің болмағанына шағымданып келді. Сұрастырғанда әсерін жоғарылату мақсатында қосымша альмагельді қабылдауды бастаған, ол осы екі препаратты бір уақытта қолданатыны анықталды.
1.Не үшін ранитидиннің әсері төмендеді?
2. Антацидтерді қалай қолдану керек?
3.Ранитидин әсер ету механизмі және жанама әсері?
Есеп№6
Науқас К., Helicobacter pylori инфекциясы анықталмаған, асқазан жара ауруының өршуіне фамдотидин 40мг/тәу. тағайындалды. Бірақ, 1 аптадан кейін «ашқарындық», түнгі эпигастрий аймағындағы ауырсыну мазалаған.
1.Фамотидин әсерінің болмау себебі?
Есеп№7
Науқас асқазан жара ауруымен зардап шегеді. Базальды және стимуляциялық секрециясы жоғарлап, асқазан сөлінде Helicobacter pylori анықталған. Емдеуші дәрігері ранитидинді тағайындаған.
1.Қандай препарат Helicobacter pylori- ге және асқазанның шырышты қабатын қорғау үшін қажет?
Есеп№8
16 жастағы науқас асқазан жарасының емі үшін 2 айдан астам емделген. Емнің нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарған, алайда емдік курстың аяғында науқасты толу сезімі,жүрек айну, метеоризм мазалай бастады. Компенсаторлы гипергастремия байқалады.
1.Науқасқа қандай препарат тағайындалған?
2.Препараттың қолдану ерекшелігін атаңыз.
Есеп№9
Науқас Тоқтар, 43 жаста, учаскелік терапевтке ранитидинді қолданғанда әсерінің болмағанына шағымданып келді. Сұрастырғанда әсерін жоғарылату мақсатында қосымша альмагельді қабылдауды бастаған, ол осы екі препаратты бір уақытта қолданатыны анықталды.
1.Не үшін ранитидиннің әсері төмендеді?
2. Антацидтерді қалай қолдану керек?
3. Ранитидин әсер ету механизмі және жанама әсері?
Достарыңызбен бөлісу: |