5.2. Жеке қатер
Өндірістік объектінің кез келген жұмыскері үшін авария туындаған кезде опат болу қатері бар. Белгілі бір уақыт (жыл) кезеңінде өмірдің қиылуы - жұмыс түріне байланысты, соның ішінде объектінің әртүрлі потенциалды қатер мәндерімен сипатталатын учаскелерде адамның жұмыс аусымы ішінде объект бойынша жүріп-тұруының ұзақтығына байланысты кездейсоқ оқиға болып табылады.
Қауіпсіздікті басқару мақсаты үшін осы кездейсоқ оқиғаның туындауының сандық шарасы – белгілі бір адамның жеке қатер аталатын қауіпті өрт факторларымен зақымдалу жиілігі пайдаланылады.
Сонымен, жеке қатер кәсіпорынның белгілі бір жұмыскерінің жыл ішінде қауіпті өрт факторларымен зақымдалуының күтілетін жиілігі ретінде анықталады.
Өндірістік объектінің аумағы бөлінген алаңдар нөмірленеді:
i = 1, … I.
Еесптеулерді көрсетуге ыңғайлы болу үшін өндірістік объектінің жұмыскерлері нөмірленеді:
m = 1, …, M.
Жұмыскердің нөмірі m, оның қызметінің атауын, санатын және оның кәсіби қызметінің қауіпсіздікті бағалауға қажетті басқа да ерекшеліктерін білдіреді.
Өндірістік объектінің жұмыскері m үшін жеке қатер шамасы Rm (жыл-1), ол объекті аумағында болған кездегі, мына арақатынастың көмегімен анықталады:
, (5.3)
мұндағы Р(i) – кәсіпорын аумағының i алаңындағы потенциалдық қатердің шамасы, жыл-1; qim – жұмыскердің m объекті аумағының i алаңында болу ықтималдығы.
Өндірістік объектінің жұмыскері m үшін жеке қатер шамасы Rm (жыл-1), ол өндірістік объектінің ғимаратында болған кездегі, мына өрнек бойынша анықталады:
, (5.4)
мұндағы Pi – ғимараттың i жайындағы потенциалдық қатердің шамасы, жыл-1; qim –жұмыскердің m i-жайда болу ықтималдығы; N – ғимараттағы жайлар саны.
Өндірістік объект жұмыскерінің m жұмыскердің өндірістік объект аумағында және ғимараттарда болуы кезіндегі жеке қатері (5.3) и (5.4) формулалар бойынша есептелген жеке қатер шамаларының жинағы ретінде анықталады
Ықтималдық qim қарстырылатын адамның жыл ішінде аумақтың белгілі бір алаңында және/немесе ғимараттың i-жайында болу уақытына сүйеніп, өндірістік объектіде жабдықтарды және ғимаратты пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру шешімдерінің негізінде анықталады.
Ғимараттың i-жайындағы потенциалдық қатердің шамасы Pi (жыл-1)былайша анықталады:
, (5.5)
мұндағы J – ғимаратта өрт туындау сценарийлерінің саны; Qij –өрттің j- сценарийінің жыл ішінде іске асу жиілігі, год-1; Qdij – адамның өрттің j- сценарийінің іске асуы басында i-жайда болуы кезінде зақымдалуының шартты ықтималдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |