4.3. Лап еткен өрттің іске асуы кезінде ұлғаятын жану өнімдерімен зақымдалу өлшемдері
Лап еткен өрт үшін газбуауа бұлты жануының жоғарытемпературалы өнімдерінің әсер ету зонасына түскен адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы 1-ге тең, ал бұл зонадан тысқарыда адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы 0-тең қабылдануы керек.
ҚОСЫМША 5 ӨРТ ҚАТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ғимараттардың (ғимарат бөліктерінің – өрт бөліктерінің), құрылғылар мен құрылыстардың (бұдан әрі - ғимараттар), сондай-ақ өндірістік объектілердің аумақтары мен оның маңайындағы аумақтар үшін потенциалдық, жеке және әлеуметтік қатерлердің мәндерін есептеу төменде баяндалған әдістемелер бойынша жүргізілуі тиіс.
5.1. Өндірістік объектінің аумағы және объект маңындағы аумақ үшін потенциалды қатер
өндірістік объектілердің аумақтары мен оның маңайындағы аумақтарда белгілі бір нүктедегі а потенциалдық қатердің шамасы Р(а) (жыл-1) мына арақатынастың көмегімен анықталады:
(5.1)
мұндағы J - аварияның даму сценарийлерінің саны (оқиғалардың логикалық тармағы тармақшаларының); Qdj(a) – аварияға себеп болатын нақты оқиғаға жауап беретін авария дамуының i-сценарийінің іске асуы нәтижесінде белгілі бір нүктеде а адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы; Qj - авария дамуының i-сценарийінің жыл ішінде іске асу жиілігі, жыл-1.
Адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы Qdj(a) пробит-функциялардың мәндері бойынша анықталады.
Шама P(a) авария дамуының әрбір сценарийінің іске асу жиілігін ескере отырып қауіпті факторлармен зақымдалу зоналарын өндірістің бас және ахуалдық жоспарларына, оларды аварияға себепші сәйкес оқиғаға (жабдық элементіне, технологиялық қондырғыға) және тиісті метеорологиялық сәйкес зақымдалу зонасын бағдарлауға (төгілу өрті, ағыстық жану, лап еткен өрт, газбуауа бұлтының қалыптасуы және жануы үшін) байланыстыра отырып енгізу жолымен анықталады. Қатерді есептеу кезінде әртүрлі типтік жел бағыттарымен, олардың күтілетін туындау жиілігімен байлаысты метеорологиялық жағдайлар қарастырылады.
Қатерді есептеу процедурасы әртүрлі өртқауіпті жағдайларды қарастыруды, қауіпті өрт факторларымен зақымдалатын зоналарды және көрсетілген өртқауіпті жағдайлардың іске асу жиілігін анықтауды көздейді. Есептеулер жүргізуге ыңғайлы болу үшін жергілікті жердің аумағы зоналарға бөлінеді, олардың ішіндегі шамалар P(a бірдей болжамдалады.
Қажет болған жағдайларда адамның зақымдалуының шартты ықтималдығын бағалау бірден артық қауіпті факторлардың бірлескен әсерін ескеріп жүргізіледі (кезеңді тармақшалар үшін «ЖӘНЕ» өту жағдайымен). Мысалы, өрт ошағындағы қысым астындағы ТТС сұйыққоймасының жарылысымен байланысты аварияның даму сценарийінің іске асуы кезінде адамның зақымдалуының шартты ықтималдығын есептеу үшін от шарының сәулелік жылу шығаруынан бөлек, қысу толқынының әсерін есепке алу қажет.
Авария фдамуының j сценарийі іске асуының нәтижесінде бірнеше қауіпті факторлардың бірлескен тәуелсіз әсерінен адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы Qdj(a) былайша анықталады:
(5.2)
мұндағы h – қауіпті өрт факторларының қарастырылатын саны; Qk - k-қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы; Qdjk(a) – қауіпті фактормен зақымдалудың шартты ықтималдығы.
Потенциалдық қатерді есептеулердің нәтижелері өндірістік объектілердің картасында (ахуалдық және/немесе бас жоспарда) мәндері бірдей тұйық сызықтар түрінде (Р(а функциясының изосызықтары ) көрсетіледі.
Р(а функциясының изосызықтары қатер контурлары деп аталады. Олардың физикалық мәні мынада, олар объект аумағын (сондай-ақ кәсіпорын айналасындағы жерді) адам өліміне алып келетін авариялардың қауіпті факторларының күтілетін жиілігі белгілі шектерге алынған аумақтарға бөледі.
Қатер контурлары кәсіпорында жұмыс істейтіндердің санына немесе олардың лауазымдық міндеттеріне байланыты емес, тек қана пайдаланылатын технологиямен және қолданылатын жабдықтың сенімділігімен анықталады.
Потенциалды қатер объектінің өрт қауіпсіздігінің шарасы (критерий рұқсат етілгендік/рұқсат етілмегендік өлшемдері) ретінде пайдаланылады. Өндірістік объектіге жақын орналасқан қоныс аймағындағы адамдар үшін жеке қатер осы аймақтағы потенциалды қатердің 5.1).формула бойынша есептелген шамаларына тең қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |