Адам зақымдалуының шартты ықтималдығы Qdij мына формула бойынша анықталады:
, (5.6)
мұндағы РЭij – өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i -жайда болған адамдарды эвакуациялаудың ықтималдығы; Dij – өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i-жайдағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың тиімді жұмыс істеуінің ықтималдығы.
Эвакуации ықтималдығы РЭij мына формула бойынша есептеледі:
, (5.7)
мұндағы PЭПij – өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i –жайдағы адамдарды эвакуациялық жолдар бойынша эвакуациялаудың ықтималдығы; PД.Вij – i –жайдағы адамдардың авариялық шығу есіктері арқылы немесе өзге құтқару құралдарының көмегімен ғимаратты тастап шығу ықтималдығы.
Деректер болмағанда авариялық шығу есіктері арқылы немесе өзге құтқару құралдарының көмегімен ғимаратты тастап шығу ықтималдығын PД.Вij 0,03 тең қабылдауға, аталған шығу есіктері мен құралдар болғанда, және олар болмағанда 0,001 –тең қабылдауға болады.
Эвакуациялық жолдар бойынша эвакуациялау ықтималдығы по PЭПij мына формуламен есептеледі:
(5.8)
мұндағы: блij – өрттің j- сценарийінің іске асуы басталғаннан эвакуациялық жолдарға адамдар үшін жол берілген шекті мәндегі қауіпті өрт факторларының таралуы нәтижесінде жолдардың жабылуына дейінгі уақыт, мин; tРij - өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде адамдарды i-жайдан эвакуациялаудың есептік уақыты, мин; Н.Эij – өрттің j- сценарийінің іске асуы басталғаннан адамдарды i-жайдан эвакуациялау басталғанға дейінгі уақыт аралығы, мин.
Егер өрттің туындау орны адамдар бір мезгілде байқайтын зал жайы болса, онда Н.Эij нөлге тең қабылданады. Бұл жағдайда эвакуациялық жолдар бойынша эвакуациялау ықтималдығы PЭПij мына формулабойынша анықталады:
(5.9)
мұндағы нбij – өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде адамдарды i-жайдан эвакуациялауға қажетті уақыт.
Шамалар блij, Н.Эij , нбij , tРij өрт қауіптілігі әртүрлі топтағы ғимараттарда, құрылғыларда және құрылыстарда өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау әдістемесінде баяндалған әдістер бойынша есептеледі.
Есептік ретінде адам зақымдалуының максималды шартты ықтималдығын сипаттайтын анағұрлым келеңсіз өрт туындау сценарийлерінің бірін қарастыруға болады. Бұл жағдайда өрт туындауының есептік жиілігі ғимаратта мүмкін болатын өрт туындауының барлық сценарийінің іске асуының жиынтық жиілігіне тең қабылданады.
Өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i –жайдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың тиімді жұмыс істеуінің ықтималдығы Dij мына формула бойынша есептеледі:
, (5.10)
мұндағы K – өртке қарсы қорғаныстың техникалық құралдарының саны; Dijk - өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде ғимараттың i –жайы үшін k- техникалық құралдың нәтижелі іске қосылуының (міндеттің орындалуының) ықтималдығы.
Техникалық құралдардың нәтижелілігі жөнінде деректер болмағанда шама Dij 0-ге тең қабылданады.
Шама Dij анықтау кезінде өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i –жайда болған (эвакуацияланатын) адамдардың адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдар ғана есепке алынуы керек.
Бұл ретте мына шараларды ескеруге жол болады:
- қарастырылып отырған жайдыжәне эвакуация жолдарын түтіннен қорғайтын жүйелердің болуы;
- автоматты өрт сигнализациясы қондырғыларын өрт кезінде хабарландыру және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен байланыста пайдалану;
- өрт ошағы жайында стационарлық өрт сөндіру қондырғыларының болуы.
Өрт ошағы жайындағы адамдардың зақымдалуының шартты ықтималдығын анықтау кезінде бұл жайдағы АУПС и СОУЭ, сондай-ақ қорғалатын жайдағы адамдарды эвакуациялағаннан кейін ғана іске қосуға болатын өрт сөндіру қондырғылары болуын (мысалы, газбен автоматты өрт сөндіру жүйесі болғанда) ескеруге жол берілмейді (өртті жайдағы адамдардың барлығы бір мезгілде байқауы мүмкін емес жағдайларды есепке алмағанда).
Өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа техникалық құралдарды есепке алуға тиісті негіздеме болғанда жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |