Жұмыс беруші сот шешімінің мәтінін көпшілікке көрінетіндей
қолжетімді жерлерде
орналастыруды қамтамасыз етеді.
Ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі дереу орындалуға, ал ереуіл тоқтатылуға тиіс.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе сот
тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан Республикасының
заңдарында
белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
6. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатушы адамдар Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
03.07.2014
№ 227-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
304-бап. Ереуілдерді заңсыз деп танудың салдары
Сот ереуілді заңсыз деп танығанда, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға
немесе өткізуге
қатысқан қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін.
305-бап. Локаутқа тыйым салу
Ереуіл өткізуді қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында локаутқа, яғни
қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысуына байланысты, осы Кодекстің 54-
бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, солармен жасалған еңбек
шарттарын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға тыйым салынады.
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
306-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін
әзірлеуге және қабылдауға;
2)
алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз
техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау,
қызметкерлердің жеке және
ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға
және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер
жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай
тәртібін белгілеуге;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының
сақталуын мемлекеттік
қадағалау мен бақылауға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды
мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін нормативті түрде бекітуге;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен
қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық
деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы
төлеу
шарттарын белгілеуге;
11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік озық
жұмыс тәжірибесін таратуға;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың
біліктілігін арттыруға;
13)
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
Заңымен.
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас ақпараттық жүйенің жұмыс
істеуін қамтамасыз етуге;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа
бағытталған.
Ескерту. 306-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
; 03.07.2013
№ 124-V
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
307-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және
қадағалау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылауды және
қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган,
еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және өз құзыретіне
сәйкес өзге де уәкілетті
мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
308-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі талаптар
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының
белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде
нормативтік құқықтық актілерімен
олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға
бағытталған ережелерді, рәсімдер мен нормативтерді
қамтуға тиіс.
2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін
жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға
міндетті.
Ескерту. 308-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.