Ескерту. 287-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
32-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
288-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы
1. Ұжымдық еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, осы Кодекстің
289-бабының 1-тармағына сәйкес ресімделген келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық
шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша
қызметкерлердің талаптары туралы жұмыс беруші жазбаша хабардар етілген күннен бастап немесе
жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі өз шешімдерін хабарламаған жағдайда осы Кодекстің 290-
бабында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап туындаған деп есептеледі.
2. Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) сот тәртібімен
шешіледі.
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
289-бап. Қызметкерлердің талаптарын ресімдеу мен
мәлімдеу тәртібі
1. Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді белгілеу және өзгерту,
қызметкерлер мен жұмыс берушінің, жұмыс берушілер бірлестігінің арасындағы ұжымдық шарттар мен
келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау мәселелері жөніндегі талаптары қызметкерлердің жалпы
жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады және бекітіледі.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерінің жалпы санының жартысынан астамы
қатысса заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың
кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің көпшілік дауысымен
қабылданды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткізуге мүмкіндік болмаған
кезде, қызметкерлердің өкілді органы өздері ұсынған талаптарын қолдайтын қызметкерлердің
жартысынан астамының қолын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.
2. Қызметкерлердің талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс берушілерге, жұмыс
берушілердің бірлестіктеріне күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі.
3. Аталған талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің қызметкерлері қойған жағдайда, бұл
талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе өңірлік бірлестіктері не қызметкерлер уәкілеттік
берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы мүмкін.
4. Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызметкерлердің талаптар қою жөнінде
жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі келтіруге әсер ететін қандай да болмасын араласудан
қалыс қалуға міндетті.
Ескерту. 289-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
290-бап. Қызметкерлердің талаптарын қарау
Жұмыс беруші қызметкерлердің қойған талаптарын оларды алған күннен бастап үш жұмыс
күнінен кешіктірмей, жұмыс берушілердің бірлестігі бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға және
оларды шешу үшін шаралар қолдануға, ал көрсетілген мерзімде шешуге мүмкіндік болмаған кезде
туындаған келіспеушіліктерді одан әрі қарау үшін өз өкілдерін көрсете отырып, өздерінің
шешімдері мен ұсыныстарын қызметкерлерге жазбаша түрде жеткізуге міндетті.
Ескерту. 290-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
291-бап. Бітімгерлік рәсімдер
1. Қызметкерлердің талаптарын осы Кодекстің 290-бабында көзделген тәртіппен шешу мүмкін
болмаған кезде олар бітімгерлік рәсімдер тәртібімен қаралады.
Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың өкілдері) қабылдамаған немесе
олардың ішінара қанағаттандырған талаптары алдымен бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге
қол жеткізілмесе - еңбек арбитражында қаралады.
2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне алады.
Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы бітімгерлік рәсімдерге
қарағанда дербес рәсім болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.
292-бап. Татуластыру комиссиясы
1. Татуластыру комиссиясын тараптар жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың
өкiлдерi) өз шешiмiн қызметкерлердің (олардың өкiлдерiнің) назарына жеткізген не хабарламаған
не ұжымдық келiссөздер барысындағы келiспеушiлiктер хаттамасы жасалған күннен бастап
күнтiзбелiк үш күн iшiнде құрады.
2. Татуластыру комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен тепе-тең негiзде
қалыптастырылады. Татуластыру комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс берушiнiң актiсiмен және
қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.
Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi татуластыру комиссиясының жұмыс істеуі үшін
қажетті жағдайлар жасайды.
3. Татуластыру комиссиясы қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын құрылған
күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды. Татуластыру
комиссиясының талаптарды қарау тәртiбi, қараудың көрсетiлген мерзiмiн ұзарту тараптардың
келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
4. Татуластыру рәсiмі процесінде татуластыру комиссиясы қызметкерлермен (олардың
өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлердің бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен),
мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi тұлғалармен консультациялар жүргiзедi.
5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi
қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және татуластыру
комиссиясының шешімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалады.
6. Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады,
ал дауларды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.
Ескерту. 292-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
293-бап. Еңбек арбитражы
1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссиясының жұмысы
тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі республикалық, салалық немесе өңірлік комиссия мүшелерінің
қатысуымен құрады.
2. Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртібі
тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде бес адамнан құрылуға тиіс. Еңбек
арбитражының құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар,
Достарыңызбен бөлісу: |