Жұмыс беруші қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін толық емес
жұмыс уақыты режимін тоқтатуды қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып жүргізеді.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
49-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілігі
өзгерген, мүлкінің меншік иесі ауысқан немесе
жұмыс беруші қайта құрылған кездегі еңбек
қатынастары
Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілігі өзгерген, мүлкінің меншік иесі ауысқан
немесе жұмыс беруші қайта құрылған жағдайларда қызметкерлермен еңбек қатынастары өзгеріссіз
жалғаса береді.
50-бап. Жұмыстан шеттету
1.
көзделген жағдайларда, жұмыс беруші тиісті
Қазақстан Республикасының заңдарында
уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.
2. Жұмыс беруші осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа:
1) жұмыста алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында
болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан тапсырмаған;
3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын пайдаланбаған;
4) Қазақстан Республикасының
сәйкес міндетті болып табылатын болса,
заңнамасына
медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген;
5) егер оның іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға, еңбекті қорғау,
өрт қауіпсіздігі ережелерінің не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін
болса, қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.
2-1. Толық материалдық жауаптылықты өзіне алғаны туралы жазбаша шарттың негізінде
қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген
қызметкерді жұмыс берушінің жұмыстан шеттетуіне құқығы бар.
3. Жұмыстан шеттету кезеңінде қызметкердің жалақысы сақталмайды және еңбекке уақытша
қабілетсіздігі бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен жәрдемақы төленбейді.
4. Қызметкерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға және
(немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жұмыс берушінің актісімен жүзеге асырылады.
5. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы сақталады.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.12.19
N 9
(2008.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
51-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері
Мыналар:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің
сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін
болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;
9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер
еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
52-бап. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек шартының бір
тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші
тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні қызметкер мен жұмыс берушінің
арасындағы келісу бойынша айқындалады.
4. Еңбек шартында қызметкермен келісім бойынша, жұмыс берушінің қызметкерге бір жылғы
орташа жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы төлей отырып, осы баптың 2-тармағында белгіленген
талаптарды сақтамай-ақ еңбек шартын бұзу құқығы көзделеді.
53-бап. Мерзiмiнiң өтуіне байланысты еңбек шартын
тоқтату
1. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне байланысты тоқтатылады.
2. Еңбек шартында келiсiлген мерзiмге сәйкес қызметкердiң соңғы жұмыс күнi белгiлi бiр
мерзiмге жасалған еңбек шартының мерзiмi өткен күн болып табылады.
Егер еңбек шартының мерзiмi өткен соң еңбек қатынастары iс жүзiнде жалғаса берсе және
тараптардың ешқайсысы бұлардың тоқтатылуын талап етпесе, онда шарттың қолданылуы белгiленбеген
мерзiмге ұзартылды деп есептеледi.
3. Жұмыстың аяқталған күні белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шартының
мерзiмi өткен күн болып табылады.
4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердiң жұмысқа шығатын күннiң алдындағы жұмыс
күнi уақытша болмаған қызметкердiң орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен
күнi болып табылады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
54-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек
шартын бұзудың негіздері
1. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша:
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі
тоқтатылған;
2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;
3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе
орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
4) өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан
қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған;
6) қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп
сағат бойы жұмыста болмаған;
7) қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға
ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық
масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған;
Достарыңызбен бөлісу: |