5. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде далалық жабдықталым ақшасының
мөлшері есепке алынбайды.
6. Далалық жабдықталым
ақшасын төлеудің тәртібі, шарттары мен мөлшері, далалық жағдайдағы
жұмыс уақытын есепке алу тәртібі келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді және
жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
7. Далалық жағдайлардағы жұмыс кезінде қызметкерге демалыс күндері үшін далалық
жабдықталым ақшасын төлеу оны ол қай жерде (далалық жұмыстар жүргізілетін объектіде, учаскеде,
ұйымның
далалық базасында, жұмыстар жүргізілетін жерден тысқары) өткізуіне байланысты
жүргізіледі. Мұндай тәртіп еңбекті ұйымдастырудың, еңбек пен тынығу режимінің қабылданған
нысандарына қарамастан қолданылуы мүмкін.
159-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты
есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеу
1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша
әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен берілген
еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша
әлеуметтік жәрдемақылар төлеу
үшін негіз болып табылады.
3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке
жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе
мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының
сәйкес есептелген олардың
заңнамасына
орташа жалақысының есебімен төленеді.
3-1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық
құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық
туындаған
қызметкерге;
2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа)
уақыт үшін;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен қызметкердің кінәлі екені анықталған
жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
4) қызметкердің ішімдік, есірткі және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туындаған
ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде;
5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін уақытша еңбекке жарамсыз күндер
үшін төленбейді.
4. Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды тағайындау
және төлеу тәртібін – еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жұмыс берушілер
қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне
қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.
Ескерту. 159-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19
N 9
(2008.01.01
бастап қолданысқа
енгізіледі), 2009.05.05.
N 159-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.07.05
N
452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
03.07.2014
№ 227-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
160-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды
(зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері
1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске және
Қазақстан Республикасының
сәйкес өтейді.
өзге де заңдарына
2.
Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық
жауапкершілігі нақтылануы мүмкін.
3. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты тарапын басқа
тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп
соқпайды.
161-бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтіргені
үшін материалдық жауапкершілігі басталатын
жағдайлар
1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал (зиян) үшін
материалдық жауапкершілігі, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
өзге заңдарында
өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе
әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық
пен келтірілген залал (зиян) арасындағы себепті байланыс үшін басталады.
2. Жұмыс беруші қызметкер алдында:
1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген
залал үшін;
2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;
3) қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық
жауаптылықта болады.
3. Қызметкер жұмыс берушінің алдында:
1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін;
2) қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін материалдық
жауаптылықта болады.
4. Қызметкер мен жұмыс беруші ұжымдық шартта, еңбек
шартында белгіленген басқа
жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады.
162-бап. Жұмыс берушінің қызметкерге оны еңбек ету
мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген
залал үшін материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, еңбек шартының
талаптары біржақты өзгертілген,
қызметкер жұмыстан шеттетілген, еңбек шарты негізсіз бұзылған
жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің алмай қалған жалақысы мен оған
тиесілі өзге де төлемдерді оған өтеуге міндетті.
2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісілген
актілерінде қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залалды жұмыс
берушінің өтеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі мүмкін.
163-бап. Қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін
жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі
Қызметкердің мүлкіне залал келтірген жұмыс
беруші оны еңбек шартының, ұжымдық шарттың
талаптарына сәйкес толық көлемде өтеуге міндетті.