13-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
149-бап. Қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық
міндеттерді орындаған кезде берілетін
кепілдіктер
1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының
жағдайларда қызметкерлер
заңдарында көзделген
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (
лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.
2. Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін аталған
міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен
емес жалақы төленеді.
3. Әскерге шақыру және мерзімді әскери қызмет уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы
) сақталады.
Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
150-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер
үшін кепілдіктер
Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес
өтуге міндетті
кезеңдік медициналық тексерулерден
қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны (лауазымы)
мен орташа жалақысы сақталады.
151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшін
кепілдіктер
Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін донациялау
уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.
заңнамасына
Ескерту. 151-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16.
N 186-IV
Заңымен; өзгеріс енгізілді -
ҚР 06.04.2015
№ 299-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
152-бап. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін
кепілдіктер мен өтемақы төлемдері
1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
2.
жіберілетін қызметкерлерге:
Іссапарларға
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік
төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек шартымен, ұжымдық
шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу осы Кодекстің 183, 187, 226-баптарында көзделген
шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
153-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге
ауыстыру кезіндегі кепілдіктер мен өтемақы
төлемдері
1. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс беруші
қызметкерге:
1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону;
2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын өтеуге
міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері еңбек
шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
154-бап. Экологиялық зілзала және радиациялық қатер
аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын
қызметкерлерге берілетін кепілдіктер
Экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын
қызметкерлерге берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының
.
заңдарында белгіленеді
154-1-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер,
қызметкер үшін кепілдіктер
Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер, қызметкер үшін кепілдіктер Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленеді.
Ескерту. 13-тарау 154-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2015
№ 321-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
155-бап. Қызметкердің жеке мүлкін жұмыс берушінің
мүддесіне пайдалануға байланысты өтемақы
төлемдері
Қызметкер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен пайдаланған кезде
жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық құралдарды пайдаланғаны,
тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану шығыстарына тараптардың келісімі бойынша
өтемақы төлемдерін жүргізеді.
156-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты
бар не қызмет ету учаскелері шегіндегі
қызметтік сапарлармен байланысты болатын
жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдері
1. Қызметкерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету
учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты
тұратын жерінен тысқары жерде болған әр күн үшін келісімде, ұжымдық шартта, еңбек шартында және
(немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.
1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін
учаскелері шегінде қызметтік жол жүрулермен байланысты қызметкерлерге темір жол, өзен, теңіз,
автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық байланыс желілері мен
олардағы құрылыстар, радиорелелік желілер және олардағы құрылыстар, электр берілісінің әуе
желілері және олардағы құрылыстар, байланыс объектілері қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскелеріне қызмет көрсететін қызметкерлер жатады.
2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде сапарда болған
жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға және кері қайтуға жол жүрген нақты күндер
санына барабар жүргізіледі.
3. Өтемақы төлемдері еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режиміне қарамастан жүзеге асырылады.
4. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде өтемақы төлемдері ескерілмейді.
Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10
N 101-IV
(2009.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
157-бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берілетін
өтемақы төлемдері
1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда:
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметін тоқтатқан
жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда;
2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша
еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы
мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
2. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы дәйексіз ақпарат
берген не жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық
шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша еңбек
шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа
жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы төлемінің
неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.
158-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі
мен шарттары
1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының қызметкерлеріне:
1) тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келмейтін тұрақты тұратын жерінен тысқары
жерде;
2) сол сияқты тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, далалық ұйым орналасқан жерге күнде
қайтып келгенімен тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде;
3) еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру жолымен тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде
далалық жағдайда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы төленеді.
2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу дала жұмыстарында болған барлық күнтізбелік күндер
үшін жүргізіледі.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт үшін қызметкерлерге далалық
жабдықталым ақшасы төленбейді.
4. Қызметкер далалық ұйымнан іссапарға шыққан кезде оған далалық жабдықталым ақшасын
төлеу тоқтатылады, ал іссапарға байланысты шығыстар осы Кодекске сәйкес өтеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |