үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді;
мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді;
түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді;
жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді;
жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік
кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды;
жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.
121-бап. Жалақының мөлшері
1. Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың
күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.
2. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын
(еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының
белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем
заңында
болмауға тиіс.
122-бап. Жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу
1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының
жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшері
деңгейінен
заңымен
ең төмен күнкөріс
кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдері мен әлеуметтік
төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген
уақытқа барабар төленеді.
2. Еңбекке ақы төлеудiң ең төмен стандарты республикалық бюджет туралы заңда белгiленген
және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық жалақының ең төмен мөлшерін және
салалық келісімде айқындалатын салалық арттырушы коэффиценттерді есептеуден айқындалады.
3. Өз еңбек міндеттерін (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердің сағаттық жалақысының ең
төменгі мөлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс
сағатының санына бөлінген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
4. Бірінші разрядты қызметкердің еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында және (
немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төменгі мөлшері немесе айлық
тарифтік ставкасының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының
белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға, ал
заңында
ауыр
, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер
жұмыстарда
үшін - еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартынан кем болмауға тиіс.
Ескерту. 122-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
123-бап. Еңбекке сағаттық ақы төлеу
Жұмыс күні толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты орындалған жұмыстар
үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін еңбек шартының,
ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен еңбекке сағаттық ақы
төлеуді белгілеуге болады.
124-бап. Жалақыны индекстеу
Жалақыны индекстеуді жұмыс берушi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық
актiлерiнде тиiстi кезеңге айқындалған инфляция деңгейiн негiзге ала отырып, келiсiмдерде,
ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен жүргiзеді.
Ескерту. 124-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
125-бап. Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру
1. Қызметкерлерге қойылатын
мен белгілі бір жұмыс түрлерінің
біліктілік талаптары
күрделілігі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
,
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да
қызметшілер лауазымдарының
, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының
біліктілік анықтамалығы
және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде
белгіленеді.
2. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және қызметкерлерге біліктілік
разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер
лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік
сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес
.
жүргізіледі
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшы кәсіптерінің
тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеуді, қайта қарауды, байқап көруді, бекітуді және
қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
. Әр түрлі экономикалық
айқындайды
қызмет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік
тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек
біліктілік сипаттамаларын
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып әзірлейді және бекітеді.
126-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелері
1. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы төлеу
жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижелері үшін
жүргізілуі мүмкін.
Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде
қалыптастырылуы мүмкін.
Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды (айлықақыларды), тарифтік
торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды.
Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты
қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне және олардың түпкі
нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді.
Еңбекке ақы төлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифсіз
жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.
2. Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың сапасын
арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін және еңбекке ынталандырудың басқа да
нысандарын енгізе алады.
3. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелері ұжымдық шарттың,
еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.
4. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда,
қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті болатын негізгі жалақы үлесін (
жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз етуге тиіс.
5. Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті)
есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |