Тәрбие беру мен білім беру – ажырағысыз ұғым



жүктеу 319,73 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі319,73 Kb.
#10581



Есірткіге жол жоқ!
Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы.Адам психикасы – медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген саласы,әсіресе,наркологиялық тұрғыда.Әдетте,жұртшылық алкоголизм мен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелісінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді.Ең дұрысы,ондай жандарды ұға,түсіне білген жөн.Нашақорлыққа салынатындардың дені – жұмыссыздар,босқындар,қаңғыбастар,тағысын тағылар...Бір нашақорды емдеп,қатарға қосу үшін шамамен 1000 АҚШ доллары керек десек,ондай қаражатты қалтасы көтермейтін адамдардың жағдайында не істеуге болады? Шу есірткі сорасын пайдаланатындар қазіргі кезде жастардың ішінде көптеп кездесуде.Қалтасында қаржысы жоқ жастар ұрлық жасайды,қарақшылық шабуылға барады.

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт.Оны әсіресе,жас ағзалар тез қабылдайды.Қазір республикамызда нашақорлықтың дені 15 пен 25 жас аралығындағы жастар.Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды.Өйтпеген жағдайда есінейді,денесі құрысып-тырысып,көздерінен жас ағып,тамақ ішсе құсады,тәбеттері ашылмайды.Басы жиі ауырып,буын – буыны ,аяқ – қолдарының бұлшық еттері шымырлап,ішек қарыны бүріп,іші өтіп,бойынан сұп-сұйық тер парлай бастайды.Мұны олардың тілінде «ломка» дейді.Нашақордың есіл-дерті қайдан болса да есірткі заттарды тауып ішуге болады.Ең қатерлі нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап,тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды.Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе,аш табындай тарпа бас салады.Мұны медицинада «наркотизм», ал оның ауыр түрін «наркомания» дейді.Грек тілінен аударғанда «нарк» - жасанды ұйқы, «мания» - есі кету,есіру деген ұғым береді.

Жалпы республикамызда 1991 жылы құқық бұзудың нашақорлыққа қатысты барлық түрінен 905 тонна есірткі зат алынса,бұл сандық көрсеткіш 1995 жылы 12 тоннаға артты.ҚР-да 2002 жылғы 1 қаңтардағы ресми деректер бойынша 50 мыңнан астам есірткі пайдаланатын адамдар тіркелген.БҰҰ-ның жылдам бағалау сарапшыларының есептеріне жүгінетін болсақ,Қазақстандағы есірткіні пайдаланатын адамдар тіркелген.БҰҰ-ның жылдам бағалау сарапшыларының есептеріне жүгінетін болсақ,Қазақстандағы есірткіні пайдаланатын адамдар саны 500 мыңды құрайды екен,яғни 10 есеге арттық,оның 2/3 немесе 400 мыңын жасөспірімдер мен жастар құрайды.Елбасымыздың Жолдауында : «... есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген.Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек.

Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді.оларды тізіп айта берсек,өте көп.

Қазіргі кезде нашақорлық адамзаттың қасіретті қайғысына айналып,кеңінен етек алып жатыр.Дауасыз дерт ұрпақты уландырып,ағзасын азғырып,тектілігін тоздырып,діңкелететін айықпас кесел.Сондықтан да осы айықпас кеселге жол бермеу,оның алдын алу шараларын ұйымдастыру - бүгінгі таңдағы басты міндет.

Жыл сайын 17-ге толмаған мыңдаған жасөспірімдер нашақорлық салдарынан өмірмен қоштасып,ата-ана туыстарын аңыратып кетеді.

Соңғы 10 жылдың ішінде нашақорлық пен адам ағзасына кері әсер ететін түрлі заттардың таралуы кең етек жайды және ол тек экономикалық,саяси,тәртіп мәселесін ғана емес,жас ұрпақтың денсаулығын,ұлттың болмысын жоятын жойқын қасіретке айналды десек артық айтқандық болмас.Тіпті соңғы уақытта нашақорлыққа жастардың бой ұруы үрей туғызады.Мәселен 1991 жылмен салыстырғанда нашақорлық саны биыл 10 есеге көбейіпті.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек,13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда.Нашақорлардың орташа жасы 30-дан да төмен кеткен.Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен.Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес,бүкілхалықтық іс екенін ,бірігіп жұмыс істеу керектігін ,ортаға салар баспасөз мәслихаты Білім және ғылым министрлігінде болған еді.Баспасөз мәслихатында нашақорлық дертіне шалдыққандардың елуден бірі,емделушілердің оннан бірі ғана анық деген жорамал айтылған.

Наркологиялық орталықтың статистикасы бойынша 1 нашақор жылына 13-15 адамды өзіне тартады.

Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагі» деу керек.Егер ол асқынып кетсе деградацияға,яғни дағдарысқа ұшырайды.Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке – шешем мен үшін жүгіріп жүр-ау,ертең ел-жұртқа қалай қараймын?»,яғни болашағына есеп бермейді.Мақсатқа тек біреу «қайда бар,кімде бар,қалай ақша тапсам?» деп,есірткіні ғана ойлаумен болады.Тіршіліктің бар мәні осы ғана.

Наркотиктердің қазір кең таралып жатқаны – героин,оны қолданған адамның сана-сезімі бұзылып,жүрегі ,бауыры зақымданады.

Баспасөз мәслихатында жас ұрпақты бұдан қалай арашалаймыз деген сұраққа қоғам болып күресу керек деген.Мұны дер кезінде тұзақтап қалмасақ,ертең орны толмас өкінішке ұрынамыз.Сондықтан да болар Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына есірткі зардабы туралы талай айтқан болатын.

Демек,әрбір азамат бұл іске үлес қосуы қажет.Бүгінгі жастардың ой-арманы ,мақсат-мүддесі ,тілегі,тіршілік-тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет-бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз.Сол себептен жастарды тұрмыс салты орнықты,күш-қуаты тасыған,денсаулығы мықты,еліміздің нағыз патриоттары қатарында көруіміз керек.

№40 орта мектепте жасөспірімдер арасында нашақорлықты болдырмау және салауатты өмір салтын насихаттау барысында мектепте нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

Жыл бойы оқушылар арасында нашақорлыққа қарсы күрес,оның алдын – алу және салауатты өмір салтын насихаттайтын сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.

Нашақорлыққа қарсы жұмыс кезінде наркодиспансерлік орталықпен мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үнемі байланыс үстінде болды.Бұл байланыс нәтижесінде оқушылардың есірткінің қаншалықты зиян екендігі жайында толығынан мағлұматтар алып отырды.

Мектепте барлық сыныптарда тәрбие сағаттары, сынақ хат,акция,шығармалар байқауы болып өтті.

«Өміріңді уландырма жас өскін», «Есірткіні еккенің - ажалдан бұрын өлгенің», «Ессіздің еншісі - есірткі», «Ана мен нашақор бала» т.б. тәрбие сағаттары болды және «Нашақорлыққа қарсы спорт» атты дене тәрбиесінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-ші сыныптан 11- ші сыныпқа дейін түрлі жарыстар болып өтті.

Мектеп психологы 9-11 сыныптар арасында «Нашақорлық жайында не білеміз?» деген тест алды.Тестке 5-11 сыныптар 104 оқушы қатысты.Нәтижесінде оқушылар есірткінің зиянының қандай екендігі және пайдасының жоқ екеніне толық көз жеткізді.

«Нашақорлық – Қазақстанның болашағы үшін қауіпті» шығармалар байқауы, «Балалар және есірткі » плакаттар байқауы, «Нашақорлық - Қазақстанның болашағына қауіпті» атты акция өткізілді.Акцияға негізінен мектеп мұғалімдері мен оқушылар, медбикелер ( 157 ) қатысты.

Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан!Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа.Егер сен қызық ретінде сатып алған болсаң,онда тез құтылуға асық.Танысың қанша жерден үгіттесе де ,қарсылық таныт!

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолаңда ,ей,жастар,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.

Адамның өзінен - өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой.Біреуге - біреу ықпал етеді.Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан.Еліктейді,бірінен - бірі артық болып көрінгісі келеді.Қазір оның үстіне не көп,түнгі клубтар көп.Нашаның басты таралатын орны - осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады.Сондықтан,жас ұрпақ ,буыныңды үсікке шалдыра көрме!



СПИД – тің зардабы
СПИД вирусы үшін адам ағзасының ішкі ортасы керек.Ол хайуанаттардың ағзасында өмір сүре алмайды.Оның өсіп өнуіне тек

адам жасушасы керек.Мұны тарататын адам ғана.

СПИД вирусы химиялық,физикалық әсерлерге төзімсіз.Вирусты 57 пайызға дейін қыздырса өледі.Медицинада қолданылатын ,спирт,ацетон,эфир,гидрохлорид т.б.дезинфекциялық заттар СПИД вирусын оп – оңай жоқ қылады.Алайда оны адам оргаанизміне қолдана алмаймыз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тәрбие тұжырымдамасы» мен Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы кешенді бағдарламасы және жас жеткіншектер арасында тәрбие жұмыстарын нақты ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүйесіндегі ЖҚТБ / АҚТҚ – ның індетіне қарсы іс-әрекеттер жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мақсатында Шиелі ауданы,№40 орта мектепте іс-шаралар жоспары жасалып,осы бағытта түрлі жұмыстар жүргізілуде.

№40 мектепте 5-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша тест алынып,қорытынды шығарылды.Бұл тестке 65 оқушы,28 мұғалім қатыстырылды.Тест қорытындысы ,оның диаграммасы жасалып,көрнекті жерлерге ілінді.


1.Сен мектепте жүргенде

Ия

Жоқ

2.Сен біреумен әңгімелескенде







3.Сен бір кеңседе жұмыс істегенде







4.Сен достарыңмен бірге болғанда







5.Сен қол беріп амандасқанда







6.Сен бір-біріңмен құшақтасқанда







7.Сен бірге тамақ ішкенде







8.Сені маса шаққанда







9.Сен бір ыдысты бірге пайдаланғанда







10.Сен бір дәретхананы бірге пайдаланғанда







11.Сен душ қабылдағанда







12.Сен ортақ лезвиямен қырынғанда,ортақ инемен денеге сурет салғанда және құлақ тескенде







13.АҚТҚ – зарарсыздандырылмаған шприцтер мен инелерді пайдаланғанда

14.АҚТҚ – жүкті болғанда,емізген кезде балаға жұғуы мүмкін.









15.АҚТҚ – жыныс қатынасын жасағанда







16.АҚТҚ – жарақат,жара,кілегей қабығы арқылы адам организміне тікелей қан тиген кезде,қан құйғанда,ағзаларды ауыстырған кезде







17.АҚТҚ – мен зақымданған адамда қоғамда бөлек ұстау қажет.







18.АҚТҚ – тек біздің еліміздің проблемасы ма?







19.АҚТҚ мен зақымданған адам өзін білмеуі мүмкін







20.АҚТҚ – су,ауа арқылы тарайды.







5-11 сынып оқушылары және мұғалімдер арасында түрлі сайыстар,кештер ұйымдастырылды.

9-11 сыныптар арасында «СПИД туралы шындық.Оны басқаларға жеткіз...» - атты КВН болып өтті.Нәтижесінде 10 сыныптың «Байлық» командасы жеңіске жетті.

7-11 сыныптар арасында «Дені саудың – жаны сау » атты спорттық ойындардан сайыс болып өтті.Түрлі спорттық ойындардың нәтижесінде 11 сыныптың «Біз біргеміз» командасы жеңіске жетті.

5-11 сыныптар арасында «СПИД – ғасыр індеті» атты дебат болып өтті.Дебатта жақтаушы топ болып 5-7-9-11 сыныптар және даттаушы топ 6-8-10 сыныптар болып сайысты.Нәтижесінде жақтаушы топтың айтылған мәселелері нақты,арнайы мысалдармен келтірілгендіктен жақтаушы топ 39 дауыс,даттаушы топ 23 дауыс жинады.

Барлық сыныптарда плакаттар байқауы өткізілді.Плакаттар байқауында 8 сынып жеңімпаз атанды.Байқауда жеңімпаз сыныпқа мектепішілік алғыс хатпен марапаттады.

1 желтоқсан – СПИД –ке қарсы күніне орай акция ұйымдастырылды.

Жоғарыда өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 9-11 сынып оқушылары өз белсенділіктерін танытып,мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды.

Іс-шаралардың ұйымдастырылуы нәтижесінде мектеп оқушылары «Біз СПИД-ке қарсымыз» деген тұжырымға келді.



Дін және қоғам
Дін дегеніміз – адамның шексіз болмысы мен арасындағы байланысты білдіретін сана.Ешбір ғылым,ешбір білім саласы адамның бүкіл ғаламдық болмыспен байланысып дін сияқты айта алмайды.

Еліміз егемендік алғалы ана тілімізбен,дінімізбен қайта қауышты.Ғасырға жуық мерзім құдайсыз қоғамда өмір сүрсек те кәпірге айналып кетпегенімізге,шала болсақ та мұндай күнге мұсылман атымызды жоғалтпай жеткенімізге мың мәрте тәуба дейміз.Қасиетті де,қастерлі дінімізбен қайта қауышып,оның бай да терең тарихымен танысып,бүкіл сыр-сипатын танып білетін күн туғаны қуаныш.Ислам дінін насихаттауда елбасымыз Н.Назарбаевтың : «Біз тегіміз түрік,дініміз қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауымыз қажет» деген сөзін әркім жүрегінде ұстаса,иман байлығымыз артып,еліміз гүлденер еді.

Ислам тәрбиесі барлық уақытта адам баласына иманды үйретіп,иманға шақырып келеді.Осы орайда мектебімізде діни экстремизмге қарсы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Дін еркіндігі және діни бұрмалаушылық» 8-9 сыныптар арасында диспут, «Діни экстремизм дегеніміз не?» 6-8 сыныптар арасында лекция, «Діннің келешегі бар ма?» 9-11 сыныптар арасында дебат, «Құран сүрелерінің тәрбиелік мәні» 11 сыныпта пікірталас, «Имандылық жарасады ұл мен қызға» 7-8 сыныптар арасында дөңгелек стол, «Діни қоғамымыздағы бұрмалаушылық» дебат тағы басқа көптеген жұмыстар атқарылды.

Бүгінгі күні Қазақстан халқының басым бөлігін мұсылман қауымы құрайды.Олар өзге дін өкілдеріне түсіністікпен құрметпен қарайды.

Діни ғұламалар пайымдауынша,аман адам жүрегіне үш түрлі жолмен орнығады.1-озықтар,2-ғұламалар,3-ата жолын ұстанушылар.

«Дін тазалығы қажет» дейтіндерге елеңдеп қалатындар,яғни кейбір діндарлардың бел алып қалғандары байқалады.Мұндай мәселелердің тек шетке шығар тәләбаларды ұлттық діни таным мектебі қажет.

Иманды,ибалы,білімді бала тәрбиелеу,бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

«Арақ ішу күнәға жата ма?» 9-11 сыныптар арасында әдеп пәнінің мұғалімі лекция оқыды.Лекция барысында оқушылардың дінге жақындықтары аңғарылды.Көпшілігі «күнә екенін» білетіндіктерін айтып отырды.

«Діннің келешегін қалай елестетесің» атты пікірталаста «Түбінде мұсылман діні ғана өмір сүреді» деген шешім шығарылды.

Н.Назарбаев «Біз – тегіміз Түркі,дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап – құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек»

... халық Алласына ,тәңірге сеніп,ертеңгі күнін аржақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап,дүниедегі мынадай бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей,Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе.

Ұлттық идея сөз болғанда – оның көш басында дініміз тұруы керек.

Дінімізді,ділімізді,тіліміздісақтау - ұлттығымызды,мемлекеті-

мізді сақтау.Саясат күнде өзгереді,ал дін – мәңгілік.

Ендеше,еліміз тыныш,бейбіт – тату өмір сүру керек десек баршамыз рухани бірлігімізді берік ұстайық!

Рухани мұқтаждығымызды Исламнан іздеп,ата-бабамыз ұстанған жолымыздан адаспайық!


ХХІ ғасыр болашағы – Жас ұрпақ
Тәрбие жұмысының ең негізгісі – ұжымда жеке адамды тәрбиелеу,сондықтан да оқушыларды ұжымда тәрбиелеу педагогтердің алға қойған міндеттерінің бірі болып табылады.

Ұжымдық өмірдің тәжірибесі – бұл ұжымдық қозғалыстың мақсатшыл,өте күрделі тәжірибесі,оның ішінде ұйғарым жасау,талқылау,көпшілікке бағыну,жауапкершілік пен үйлесімділік қағидалары ең көрнекті орынға ие болады.

Баламен жұмыс істеу жолдары мен тәсілдерін қалыптастыру,оқушылар белсенділігін арттыру,қоғам алдындағы парыз бен жауапкершілікті,ұжымшылдық пен жолдастықты,мейірбандық пен қайырымдылықты, қарапайымды-

лық пен сыпайылықты бойына сіңірген өзін-өзі қадірлейтін,талап қоя білетін,алдына қойған мақсатқа жету үшін еңбекқор бола алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Жас ұрпақ» ұйымы жұмыс жасайды.



«Жас ұрпақ» ұйымының негізгі мақсаттары:

-оқушылардың үйлесімді дамуына жағдай туғызу;

-салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

-ана тілін,ұлттық рухын әрқашан жоғары ұстауға тәрбиелеу;

-ұлттық тарихты,салт-дәстүрді,мәдени мұраны мейлінше терең білуге әрі оны мақтан тұтуға тәрбиелеу;

-имандылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу;

-ұйымшылдыққа,іскерлікке баулу;

-жас ұрпақшылардың өзін-өзі басқаруы мен олардың белсенділігін арттыру;



«Жас ұрпақ» ұйымының міндеттері:

-«Жас ұрпақшылар» Қазақстан Республикасы білім беру заңына сәйкес білім алуға,өз қадір-қасиетін құрметтеуге,пікірі мен сенімін еркін білдіруге,жан-жақты дамуға,саналы,тәрбиелі болуға міндетті;

-жалпы азаматтық әдеп ережелерін сақтауға міндетті

-табиғатты аялауға,қорғауға міндетті.



«Жас ұрпақ» ұйымының құрылымы:

-жұмыс жүйесі мектеп әкімшілігі құрамындағы тәрбие бөлімі арқылы бір орталықтан басқарылады;

-«Жас ұрпақ» ұйымының жұмысына мектепішілік өзін-өзі басқару жүйесі басшылық жасайды;

-«Жас ұрпақ» ұйымының өз рәміздері ,анты,құқықтары мен ережесі айқындалған;

-жоғары орталық ұйымның салтанатты жиыны тоқсанына бір рет болады;

-«Жас ұрпақ» ұйымының алқа мүшелері шығарып отыратын тақырыптық қабырға газеті болады;

-«Жас ұрпақ» ұйымына жеткіншектер «Жас ұрпақ» ұйымының антымен қабылданады.

-апта соңында топ жетекшілерінің жұмыс есебі тыңдалып,келесі аптаның жоспары бекітіледі.

«Жас ұрпақ» ұйымының жұмысын ұйымдастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.Тәжірибе көрсеткендей,бұл жұмысты неғұрлым бастауыш сынып жасындағы балалармен жүргізсе,соғұрлым нәтижелі болады.Бұл жаста баланың әр нәрсеге бейім келетіндігі мәлім.Сондықтан да «Жас ұрпақ» ұйымының мақсаты - ұлттық болмысымызға тән қонақжайлық,кішіпейілділік,қарапайымдылық,

ұқыптылық ,жауапкершілік,мейірбандық,тиянақтылық сияқты жақсы қасиеттерді баланың бойына сіңіру.Дәл осы сәттегі баланың әр нәрсеге табиғи қызығуы мен тынымсыздығын ұйым жұмысына бағыттаса,орта сыныпта оны ұйымның жай мүшесі ғана емес,ұйымдастырушысы ретінде де байқауға болады.

Мекбебімізде «Жас ұрпақ» ұйымында 45 оқушы бар.Ұйым оқушылары барлық мерекелерде, атаулы күндерде, кештерде өздерінің белсенділіктерімен,ұйымшылдықтарымен көзге түсіп келеді. «Жас ұрпақ» ұйымының мүшелері жылдан – жылға саны артып келеді.Келер ұрпаққа үлгі қалдыру жөнінде көптеген жұмыстар атқарып келеді.

Мектепішілік барлық атаулы күндерде,мерекелерде «Жас ұрпақшылардың» атқарар рольдерін айрықша айтып өтуге болады.Әрбір мейрамда «Жас ұрпақ» ұйымының қабырға газеті,жеке концерті,түрлі іс-шаралары ұйымдастырылады.Ұйымның президенті 8 сынып оқушысы Нұрмаханова Айдана - барлық іс-шаралардың ұйытқысы.

«Тәуелсіз елдің ертеңі - Жас ұрпақ» атты мектепте «Жас ұрпақ» ұйымының салтанатты жиыны болып өтті.Жиын ұйымның 45 оқушысы мен мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен болып өтті.Ұйымның жаңа мүшелігіне 8 оқушы кірді.Ол оқушылар «Жас ұрпақ» ұйымының антын қабылдап,рапорт тапсырды.

«Жас ұрпақшылар» болашақта сенімді ақтар,тәрбие істерінің жүзеге асуына көп үлес қосары анық.

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Бар өнердің қайнары,барлық тіршіліктің бастауы – сөз. «Сөз сүйектен,таяқ еттен өтеді.» Дүниені билейтін сөз.Аз сөз – алтын ,көп сөз - күміс.Аз сөзбен көп мағына бере білу - өнер.Қазақ тілінің бұған құдіреті жетеді.

Қылыш кеспегенді - тіл кеседі. Тілім мірдің оғындай.Тілім тасқа,басқа пәле тілден.Қазақтың дауылпаз ақыны Мұқағали Мақатаев : «Ал екінші бақытым – тілім менің. Тіліммен тас жүректі тілімдедім» - деп әділ бағасын берді.

Қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі ең негізгі мәселе – еңкейгенге еңкей,шалқайғанға шалқай.Еліңді,жеріңді қорғай біл.Туған жеріңді қастерле,сүй,оның отына күй.Әрбір азамат өз жерін көздің қарашығындай сақтай білуге тиіс деп үйретіп,сол жолда ел қорғаған батыр бабаларымыз Қабанбай,Жәнібек,Өтегендер кейінгі ұрпақтарына үлгілі іс қалдырды.

«Отан – отбасынан басталады» дейді халық даналығы.Демек,бала тәрбиесі - Отан мен ел мүддесі.Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес,күллі қоғамның келешегі,бүршік атар гүлі екеніні жадымыздан әсте шықпағаны абзал.Бір сәт «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек,бала тәрбиесіне балалық шағынан-ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес. «Дала Демосфені» деп аталған Қаздауысты Қазыбек бидің «Біз қазақ...» және Т.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» жырлары бүгінгі ұрпақты өз жерін,елін сүюге баулиды.

«Жаным – арымның садағасы» - деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа,ал ХХ ғасырдың өр ақыны Ж.Молдағалиев еліне,жеріне сүйіспеншілігін ,өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып,ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық,ерлік істерін асқақтата дәріптейді.

Қай заманда болсын адамзат алдында тұрған ұлы міндеттердің ең бастысы өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып,М.Дулатов : «Бастауыш мектепте алған тәрбиесінің әсері күшті,сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да,оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып,баяндап оқытқанда,жас баланың ойына,қанына ,сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады » деген болатын.

.

Халық қашанда батырлар жырын тәрбиелік мәні бар құралдың бір есебінде пайдаланған.Батырдың елін,жерін жаудан қорғаудағы үлгі берерлік ерлік ісін жас ұрпаққа өнеге,тәлім- тәрбие ретінде ұсынудың мәні зор.



Ұлт мүддесін қорғайтын азаматтарды тәрбиелеу мемлекетіміздің рәміздерін насихаттауда маңызы өте зор.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану бағытындағы нұсқаулықты басшылыққа ала отырып мектепте түрлі жұмыстар жүргізілуде.



  • Мектепте стандартқа сәйкес Мемлекеттік Ту орналасқан.

  • Мектептегі 32 мұғалім Әнұранды жатқа біледі.

  • Мектепте Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу және насихаттау мақсатында «Біздің байтақ Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы, «Қазақстан рәміздері» шығармалар байқауы.Шығармалар байқауының жеңімпазы 10 сынып оқушысы Елеуова Айзаданың шығармасы ерекше деп танылып,аудандық байқауға ұсынылды. «Елтаңбасымен еңселі,Туымен тұғырлы» атты суретшілер байқауы болды.Нәтижесінде оқушылардың ел рәміздерін құрметтеуге деген жауапкершіліктері күшейді,эстетикалық тәрбие берілді.Байқаудың нәтижесі қорытындыланып,8 сынып оқушылары әндер байқауының жеңімпазы деп танылды.Суретшілер байқауында көрмеге ұсынылған 6 сынып оқушысы Сағымбаев Оспанның ши қамыстан жасалған Тудың бейнесі аудандық байқауға ұсынылды.

  • Мектепте әр аптаның дүйсенбі күні бірінші сабақты Әнұранмен бастау дәстүрге айналды.

  • Мектепте желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне байланысты 10 күндік болып өтті.

  • «Әнұранды өзгерту керек пе?» деген тақырыпта 9-11 сыныптар дебат өткізілді.

Жыл бойына жүргізілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану жөніндегі іс-шаралар мектепте өз дәрежесінде өтті.Алдағы уақыттарда рәміздерді насихаттау,қолдану мектепте өз жалғасын табады.

Құқық тәрбиесі - өмір талабы
Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді.

1991 жылы желтоқсанда КСРО ыдырап,құрамындағы одақтас республикалар егемендік алды.Біздің елімізде де Қазақстан Республикасы деп жарияланып өз алдына дербес мемлекет болды.Қазақстанның егемендігі туралы Декларация,мемлекет тәуелсіздігі туралы заң,Конституциямыз қабылданды.Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат ҚР-ның 1995 жылы қабылданған Конституциясы .Оның негізгі ережесі адамгершілікке баулуға,адамдардың жағдайына,ұлтына,мүліктік жағдайына,қызметіне ,жынысына т.б. белгілеріне қарап кемсітуді жоюға бағытталады.

Барлық қабылданған заңдардың көпшілігі жеке адамға туғаннан бастап қатысты.Заңдарда нәрестелерді ,мектеп жасына толмағандарды, жұмыскерлерді, кедейлерді, жұмыссыздарды, т.б.

қорғайтын құқықтық нормалар бар.Демек,заң адамның өмірін,денсаулығын,бостандығын қорғап,ар-намысына қол сұғушылықтан қорғайды.Осыдан мынадай тұжырым шығаруға болады: әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу керек.

Сондай – ақ, заң адамға міндеттер жүктейді: Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Барлық жерде белгіленген тәртіп бар,соны сақтау керек.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.Оларды мүлтіксіз орындау қажет.

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу» мақсатында оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және көтеру мақсатында мектепте бірқатар жұмыстар атқарылды.

«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау» апталығының ашылу салтанаты мектеп жиынында хабарланып,оқушылардың сабаққа қатысуы басты назарда ұсталынды.Кезекшілік графигіне баса назар аударылды.Оқушылардың оқулықтарын түгел әкелуі,күнделіктерін әкелуі және тазалық жұмыстары тексеріліп тұрды.Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау мақсатында түнгі рейд ұйымдастырылды.Түнгі рейдке жауапты мектептің АӘД пәні мұғалімі тағайындалды.Түнде көшеде жүріп ұсталған оқушы болған жоқ.Жасөспірімдер арасында үгіт насихатжұмыстары жүргізілді.Ауылдық учаске инспекторы А.Кенжеболатовтың қатысуымен басқосу болып өтті.

Қиын оқушылармен түзету жұмыстарын мектеп психологы жүргізіп отырды.5-6 сынып оқушыларынан «Қылмыс дегеніміз не?» тақырыбында сауалнама алынды.Жоғарғы сынып оқушыларынан «Заң бұзушылық дегеніміз не? » тақырыбында сауалнама жүргізіліп мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жасөспірімдер арасында жиі кездесетін заң бұзушылықтың кейбір тұстарына терең тоқталып кең көлемде мағлұматтар берілді.

Оқушылардың сабақтан тыс уақытта іс-шараларға,үйірмелерге,сенбіліктерге қатысуы қадағаланып мониторинг жасалды.





Сыныбы

Іс-шараға қатысу көрсеткіші

1

1 сынып

100 пайыз

2

2 сынып

100 пайыз

3

3 сынып

100 пайыз

4

4 сынып

98 пайыз

5

5 сынып

100 пайыз

6

6 сынып

94 пайыз

7

7 сынып

80 пайыз

8

8 сынып

90 пайыз

9

9 сынып

78 пайыз

10

10сынып

75 пайыз

11

11сынып

91 пайыз

Көгалдандыру және тазалық айлығыда қатар келуі себепті мектеп оқушылары бұл іс-шараға бір кісідей атсалысты.Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.Атап айтқанда футболдан,волейболдан жарыстар болып өтті.Жеңімпаз сыныптарға орындар белгіленіп мақтау қағаздары берілді.Мұғалімдер арасында бірлестік аралық волейболдан жарыс болып өтті.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылық және заң» атты 9-10 сынып аралығында дебат болып өтті.Дебатта оқушылар құқық бұзушылық пен заңның біздің елімізде қаншалықты әділ екендігін екі топ өз көзқарастарымен фактілер келтіру арқылы баға берді.Нәтижесінде 9 сынып оқушыларының «Әділет» фракциясы өздерінің Қазақстанда әділ заң бар деген аргументтерімен жеңіске жетті.Дебат оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып саяси көзқарастарын кеңейтті.

Мектепте «Сенім» жәшігі ұйымдастырылып ілінді.

Апталық қорытындысында ерекше көзге түскен сынып жетекшілері мен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Білім бастауы – нәтижелі тәрбие
Болашақтың иесі – жас ұрпақ.Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.Мектептегі тәрбие мен білім – егіз ұғымдар.Мектепті білім тірегі десек,ұстаз – оның жүрегі.мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар,саналы да тәрбиелі ,саяси – экономикалық сауатты,адамгершілік қасиеттері мол,зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп,еңбек етеді.

Сыныптағы тәрбие моделінің идеясы – бұл ынтымақтастық педагогикасы.

Осы мақсаттарға жету үшін сынып жетекшісі оқушымен,оқушының ата-анасымен ,басқа да пән мұғалімдерімен ынтымақтасуы керек.Яғни,ынтымақтастық дегеніміз – оқушы мен ұстаз бір – бірінің жан дүниесін түсініп,ортақ іс - әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы.

Қарым-қатынас жүйесінде ең маңыздысы: мұғалім –оқушы қатынасы.Бұл қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.Педагогикалық тұрғыдан қарағанда тәрбиеленушіге нәтижелі ықпал ету үшін тәрбиеленушінің мұғалімді қабылдауы ғана емес,мұғалімде тәрбиеленушіні қабылдауы қажет.Мұғалім міндетті түрде ықпал ету обьектісін ғана көріп қоймай,жасалған ықпалдың нәтижесін де көре білуі тиіс.

Ұстаздың ата-аналармен ынтымақтасуы дегеніміз – балаға үйде де,мектепте де бірдей талап қою деген сөз,яғни ата-аналарды педагогикалық,технологияның дербес әдістері негіздерімен таныстырып,өз баласын сүюді үйрету.Ол үшін балаларды жаман-жақсы деп бөлмей,ата-анаға өкпе-арыз айтпай,оқуда,тәрбиеде балаға жәрдем керек болса,бірлесіп,аяғынан нық тұрғызуға көмектесу.

Демек,әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы олардың ата-аналармен тығыз байланыста болуы керек.Мысалы,ата-аналармен пікірлесе отырып,оқушылардың танымдық қасиеттерін анықтау үшін сауалнама жүргіздім.

Сауалнама жауаптарынан ата-ана мен балалардың қарым-қатынасын аңғаруға болады.

Сонымен қатар,әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап,оның оқуға ынтасын арттыруда ынтымақтастық педагогикасының берері мол.

Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейін,әрқайсысының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтау мақсатында алуан түрлі зерттеулер,тест,рейтинг,мониторинг,сауалнамалар жүргізу де пайдалы.

Тәрбие - өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы.Еңбекке тәрбиелеу,патриоттық,эстетикалық,адамгершілік, құқықтық, эколо-

гиялық,экономикалық дене тәрбиесі т.б.Тәрбие жұмысының барлық бағыттағы тақырыптарын таңдауда оқушының жас ерекшеліктері мен сыныптың деңгейлік мүмкіндіктері ескерілген.

Сонымен бірге өз іс-тәжірибемде халықтық педагогиканың асыл мұраларын кеңінен пайдалануға ұмтыламын.

Халқымыз өзінің кең жазира даласына,табиғатының таңғажайып әсем көрінісіне,оны мекендеген жануарларға,басқа да табиғи байлықтарға деген мақтаныш сезімін көркем образды сөздерімен,өнегелі істерімен,ынта-ықыластарымен астастырып бала жанына сіңіре білді. «дәстүрге арқа сүйемегеннің,көсегесі көгермейді», - дейді ата – бабамыз.Бүгінгі күнде тәлім-тәрбиенің ордасы-мектеп екені белгілі.

Адам – қанша білімді бола тұра,тәрбиесіз болса,ол елінің өркендеуіне,ғылымға пайда әкелмейді.

Тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқу үлгірімін арттыруға әсер етеді.Сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен,сынып ұжымымен бірлесе отырып,оқу міндеттеріне саналы қарауды тәрбиелейді.Оқушыларының қалай оқитынына күнделікті бақылау жасайды,сабақтарға қатысады,өз сыныбының пән мұғалімдерімен біріге отырып,оқу сапасын арттырудың жолдарын белгілейді.

Тәрбие беру мен білім беру – ажырағысыз ұғым.Білім бермей тұрып,тәрбиелеуге болмайды,ал берген әр білімнің тәрбелік ықпал жасайды.

Тәрбие дегеніміз – тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгертуге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.

«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дегендей,бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінің алғашқы күнінен басталады.Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтары алмайды.Әғни,елдің ер-азаматын тәрбиелеу,ең алдымен,отбасына жүктеліп отыр.

Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі кезең болғандықтан,бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауға талап етіп отыр.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер,қаз тұрар,қанат қағар ұясы,алтын бесігі. «Бірінші байлық – денсаулық,екінші байлық-ақ жаулық»,яғни,үй болу,некелесу дейді халық.Алайда,өмірде болып жатқан тұрмыстың бұзылуы мен экологияның бүлінуі секілді әлеуметтік,экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызуда: отбасы табысы азайып,отбасы құрамы өзгеріп,толымсыз отбасылар көбейді,ата-аналардың ажырасуы орын лапы,отбасында тәрбиеленетін балалар саны азайды,т.б.Осының барлығы қоғамдағы адамдар арасында қалыптасқан құндылық бағыттарын өзгертіп,бала тәрбиесіне нұқсан келтіріп отыр.Сондықтан,мұндай кезеңде отбасындағы бала тәрбиесіне басым назар аудару,оның тиімді жолдарын іздестіру көкейкесті мәселе болып отыр.

Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы.Сондықтан,балаға өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ адамгершілік сезімдерін сіңірудің орны бөлек.Бұл халқымыздың салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асырылады.Жастайынан бойға сіңген мінез басқа бір зор күш әсерінен болмаса,есейгенде де сақталады.Жастайынан бойға сіңген мінез басқа бір зор күш әсерінен болмаса,есейгенде де сақталады.Салт-дәстүрлер дүние есігін ашқан сәбилік шақтан-шілдехана,бесікке салу тойынан басталып,бүкіл өмір бойы адамға рухани азық беріп,тәрбиелеп өтеді.

Бала тәрбиесінде ата-аналар мектеппен тығыз байланыс орната отырып,барлық дәстүрлерді отбасында ұйымдастыра білсе,үлкен тәрбиелік жұмыстарды атқарған болар еді.ата-аналар отбасында балалармен бірлесе отырып,баланың өзіне батырлар жырын оқытып,пікірлесіп,аңыз-әңгімелерден үзінділерді айтқызып,жаңылтпаш айтысып,ой өрісін кеңейтіп,тілін шығарып,жұмбақ айтысып,санамақ,мақал-мәтел айтудан жарыстырып,озған балаға құрмет көрсетіп,шешендік сөздерді жаттатып,ұлттық дәстүрді талап ете білу керек.

Отбасында тәрбие беруде этнопедагогика жадығаттарын мүмкіндігінше әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы бере отырып,төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады.


  • баланың танымдық қабілетін жетілдіру;

  • балаға рухани,мәдени білім мен ғылым құндылықтарын игеруге жағдай жасау;

  • ұлттық тәрбие арқылы адами қасиеттерін қалыптастыру

  • ізгілікке,адамгершілікке тәрбиелеу

  • елжандылыққа тәрбиелеу

  • шығармашылық қасиеттерін ояту

  • өнерге баулу

  • данышпандық,көрегендік қасиеттерінің дамуына жол ашу,т.б.

«Сүтпен біткен мінез,сүйекпен кетеді» деген мақал,ең алдымен,тәрбие мәселесіне қаншалықты терең мән берілетінін көрсетеді.

Отбасындағы тәрбие – азаматтық –адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі .отбасындағы бабалардың жақсы істері ,ел шежірелері,ардагерлері туралы,т.б. әңгімелер,ел қастерлейтін орындарда балалармен бірге болу сияқты елді,туған жерді сүюге баулитын шаралар, жастарды батылдыққа, ептілікке, мергендікке,

төзімділікке,шыншылдыққа үйрететін ұлттық ойындар,т.с.с. халық педагогикасының даналық үлгілерін заман жетістігі болып табылатын дыбыстық және бейнелік құралдар,бұқаралық ақпарат құралдары ,сыныптан тыс оқыған кітаптары толықтыра түседі.

ХХІ ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтан салмақты орынды иелену және республикада салауатты өмір салтын қалыптастыру , беріліп жатқан тәрбиенің алға өрлеуін нығайту ғасыры.



Мектепте кешенді тәрбие бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда.№40 орта мектепте білім мен тәрбие беретін 184 оқушы бар.


Кештер,

дебаттар,

диспуттар,

кездесулер



Семинарлар

Секция,

үйірмелер






Тәрбие сағаттары

Озат тәжірибені

насихаттау



Сыныптан тыс жұмыстар




Оқушылар мен мұғалімдермен байланыс

Ата-аналар

комитеті

Оқырман


конферен-

циясы



Тәрбие жұмысының негізгі идеясы: Дені сау,адамгершілігі мол,иманды,ақыл – ойы дамыған,эстетикасы және ізгілігі қалыптасқан,еліне,ата-мекеніне сүйіспеншілікпен қарайтын,еліне,ата-мекеніне сүйіспеншілікпен қарайтын,азаматтық жауапкершілігі мол және рухани мәдениеті бай,ғылым мен техниканың озық үлгілерін меңгерген парасатты және сауатты тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбиешінің атқаратын жұмыс жүйесі:

1.Тәрбиенің диагностика нәтижесіне негізделген мақсаты мен міндеттерін белгілеу,тәрбиешімен тәрбиеленушінің даму переспективасын айқындау.

2.Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің мүмкіндігін және қабілетін зерттеу

3.Тәрбиешілер мен оқушылар ұжымындағы өзара қарым-қатынасты зерттеу

4.Мектеп пен қоғамдық ортадағы тәрбиелік шаралар

5.Тәрбие процесінің жағдайларын талдау.

6.Тәрбие жұмысына тұжырым жасау

7.Мектептің тәрбие жүйесінің даму бағдарламасын анықтау

8.Басқару,өзін - өзі басқару

9.Балалардың шығармашылық ұйымдарының бірлестігін құру



10.Дәстүрді қалыптастыру және жаңалықтар ендіру
Қазіргі заманда өркениетті елдер қатарына батыл ену үшін және ұлттық мектептің оның ішінде ауыл мектебінің мәртебесі жайлы көп айтылуда.Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін біздің тәрбиелеп,білім берген балаларымыз ұлттық мәдениетті және халықтық педагогиканы білуі қажет.
жүктеу 319,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау