Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 4,8 Kb.
Pdf просмотр
бет25/61
Дата21.11.2017
өлшемі4,8 Kb.
#1247
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61

 
 
 
 белгіленеді. 
нормативтік құқықтық актілерінде
      6. Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік 
қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру шарттары Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекіткен 
 негізінде айқындалады. 
Үлгілік ереженің
      7. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын
) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қараудың 
және келісудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган 

белгілейді
      8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде айқындалған 
еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік 
құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.
      127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу
      Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің тарифтік 
ставкасын (лауазымдық айлықақысын) негізге ала отырып кемінде біржарым есе мөлшерде ақы төлеу 
жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің тарифтік 
ставкасын (лауазымдық айлықақысын) негізге ала отырып қызметкердің белгіленген тарифтік 
ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
      
Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      128-бап. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы 
                төлеу
      Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге 
алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.
      129-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу
      Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге 
алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.
      130-бап. Әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде 
                еңбекке ақы төлеу
      Қызметкер әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне неғұрлым жоғары 
біліктілік жұмысы бойынша ақы төленеді. 
      Жоғары біліктілік қызметкеріне өндіріс сипатын ескере отырып оған тағайындалған разрядтан
төмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған 
біліктілік (разряд) бойынша жүргізіледі.
      131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының 
                кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің 
                міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу
      1. Бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен қатар басқа немесе 
осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін 


өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы 
төленеді. 
      2. Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі) және уақытша 
болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін берілетін қосымша ақылар мөлшерлерін 
қызметкермен келісе отырып белгілейді.
      
Ескерту. 131-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      132-бап. Жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезінде 
                еңбекке ақы төлеу
      Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезеңінде
қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуі мүмкін.
      133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
      1. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен 
талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің орташа жалақысының елу 
процентінен кем емес мөлшерде белгіленеді. 
      2. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.
      134-бап. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері
      1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде 
бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек 
шартында, ұжымдық шартта көзделеді. 
      2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының
құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде 
ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті 
жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті. 
      3. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың 
қарсаңында жүргізіледі. 
      4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу 
жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны 
төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және 
төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін 
есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады. 
      5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды 
төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      135-бап. Жалақы төленетін орын
      Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше 
көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге тиіс.
      136-бап. Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу


жүктеу 4,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау