Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
211
жоспарының соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа
мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне және
оқушылардың жеке ерекшеліктеріне назар аудару ұсынылады. Сабақты
жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік
береді. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият
іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған
немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия)
жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды
басшылыққа алуына болады:
– сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу
жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа
алу қажет;
– орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру
ұсынылады;
– мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай
толықтырылып отырады.
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды,
олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын,
зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді.
Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған
мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды
анықтап, әзірлеуі қажет:
– тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;
– саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспарланады?
Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда?
Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?
– метапәндік
байланыстар;
– денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының
құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.
Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың өздерінің
оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі
тиіс.
Осыған байланысты сабақты жоспарлау бойынша барлық жұмысты
оқытудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, жүзеге асыру ұсынылады.
Сондықтан, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру аясында озық
тәжірибелерді, оқыту мен оқудағы, бағалау жүйесіндегі жаңа технологиялар
мен әдістерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің
тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы әртүрлі сандық білім беру ресурстарын,
мектепаралық желілік өзара іс-қимылды, мектепаралық оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын, «мұғалімдермен алмасуды», мектептегі пәндер бойынша
оқытуда жаңа технологияларды қолданудың шеберлік сабақтарын пайдалануды
кеңейту қажет.
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
212
байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған
бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық
пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен
байланысқан. Сондықтан мұғалім қысқа мерзімді жоспар әзірлеуде ортақ
тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың
сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.
Бастауыш мектептің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының
мазмұны шынайы өмірмен тығыз байланысты, практикаға бағытталған және
байқампаздық, білуге құмарлық, ақпаратпен жұмыс істей білу, өз көзқарасын
білдіру сияқты қасиеттердің дамуына ықпал етеді.
1, 2-сыныптардың білім алушылары үшін «патриотизм», «адамгершілік
құндылықтар жүйесі» сияқты ұғымдар әзірге абстрактылы сипатта болады. Ал
«Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған әлем», «Саяхат», «Салт-
дәстүр және ауыз әдебиеті» деген тақырыптар оларға жақын және түсінікті.
Оқушылардың өз отбасы, үйі, ата-анасына деген махаббаты, достық
туралы
әңгімелер және кез келген саяхат туған үйінен басталатынын түсінуі, көп
жағдайда оқушының өзін-өзі отбасы мүшесі ретінде айқындауын қамтамасыз
етеді және адамгершілік бағдарларды қалыптастырады.
Ортақ тақырыптар әр тоқсанға екі-екіден тең бөлінген. Мұғалім әрбір
ортақ тақырыпқа бөлінетін сағат санын білім алушылардың дайындық
ерекшеліктеріне байланысты өзі өзгертеді.
55-кесте – 1,2-сыныптардың оқу бағдарламаларындағы ортақ
тақырыптар
Тоқсан
Ортақ тақырыптар
1-сынып
2-сынып
I
Өзім туралы
Өзім туралы
Менің мектебім
Менің отбасым
және достарым
II
Менің
отбасым
және
достарым
Менің мектебім
Бізді қоршаған әлем
Менің туған өлкем
III
Саяхат
Дені
саудыңжаны сау
Салт-дәстүр
жәнеауыз
әдебиеті
Салт-дәстүр және
ауыз әдебиеті
IV
Тағаммен сусын
Қоршаған орта
Дені
саудың жаны сау
Саяхат
Оқу бағдарламаларда күтілетін нәтижелер оқу мақсаттарының жүйесі
түрінде тұжырымдалған, олар оқу пәнінің мазмұнын анықтау үшін негіз болып
табылады.
Бағалау критерийлері бар оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелері
мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы
хабардар етуге мүмкіндік береді.