Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
216
4.1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ 1,2-СЫНЫПТАРЫНА АРНАЛҒАН
ОҚУ ПӘНДЕРІ МАЗМҰНЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
Сауат ашу
«Сауат ашу» пәні – бастауыш білімнің негізін құрайтын аса маңызды
пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің
құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық, сондай-ақ
одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.
Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім
алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне және әр
кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі реттей
алады.
І
жартыжылдықта
оқу
жылдамдығын
тексермеуге
болады.
ІІ жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына
25 және одан артық сөзді құрайды.
Ескерту: Шылау, одағай, еліктеу сөздер,
қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша алған білім, білік,
дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.
1-сынып білім алушылары:
1) 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық
тәсілмен тұтас оқу;
2) 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас
оқу;
3) сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
4) есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз)
жатқа жазу;
5) жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
6) баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
7) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-
10 сөз);
8) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау
арқылы жазу;
9) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем)
жұмыстарын орындай алуы керек.
Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны әрбір оқу пәні бойынша бастауыш
мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша
әдістемелік
құралда реттеліп, ұсынылған.
56-кесте – Жиынтық
бағалаудың рәсімдер саны
Пән/Сынып
Жиынтық бағалау рәсімдері
І
тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ
тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ
тоқсандағы
ЖБ саны
ІV
тоқсандағы
ЖБ саны