Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
204
шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Оқыту мақсаты:
өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім
сақтай білу қажеттілігін
тәрбиелеу;
физикалық және психикалық
қасиеттерінің толық дамуын;
салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын
шығармашылықпен қолдану.
Оқыту міндеттері:
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және
негізгі физикалық (дене)
қасиеттерін дамыту;
базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін
жетілдіру;
денсаулығын ұзақ мерзім сақтау және нығайту қажеттілігіне, өз
денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы
мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде
ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім»
(ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік
компонент).
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан алуан
түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық
технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің
тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін,
мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру
қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру
мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке
талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын
құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімін бағалауына
болады. Дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде
оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып,
сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс
дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның кез келген
бөлімін өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге)
құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге
асыру барысында;
мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы