Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
198
қамтып отыру тиіс.
Халықаралық маманданырылған «ЭКСПО-2017»көрмесін өткізу елдің
дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу үшін маңызды
болып саналады.
Білім алушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің
қажетті элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ
барысында алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға
деген тұрақты қызығушылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады. Үй
тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:
– үй тапсырмаларын оқулық параграфтарын жаттап алуға және
тапсырмаларды орындауға ғана пайдалануға болмайды. Шығармашылық,
эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және
жаттығуларды көбірек
қолдану қажет;
– үй тапсырмаларына оқушылардың өз оқу әрекеттерінің нәтижелеріне
өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма
элементтерін қосу;
– үй тапсырмасына мазмұны және орындалу түрі бойынша түрлілігімен
ерекшеленетін тапсырмалар беру;
– үй тапсырмасының көлемін анықтау барысында оқушылардың жеке
және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.
Білім саласы пәндерінің қолданбалы курстары немесе таңдау
курстарының тақырыптары мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға
байланысты өзгертілуі мүмкін:
Биология: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер»,
«Әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің эволюциясы», «Тамақтану және
денсаулық», «Экологиялық этика», «Биология және денсаулық», «Әлемнің
заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді заттар»,
«Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Менің
денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасушаның жұмбақтары», «Тұқым
қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биология проблемалары», «Жасушалар
және ұлпалар», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы»,
«Заманауи микробиология» «Нанотехнологияларға кіріспе», «Биотехнология
және қауіпсіз орта» .
География: «Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық
модельдері және әдістері», «Картографияның математикалық модельдері және
әдістері»,
«Қазақстан
географиясын
оқу
барысындағы
жобалық
технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді
моделдеу», «Дүниежүзілік энергетика және саясат», «Қазақстанның
энергетикалық әлеуетін дамыту», «Еліміздің бүгінгі жасыл энергетикасы»,
«Медициналық экология», «Медициналық география», «Жобалық есептер мен
тапсырмаларды шешу әдістері», «География, тарих, өнер: қиылыстар және
өзараәрекеттесу», «Адамзаттың жаһандық проблемалары және апаттар қаупін
азайту» .
Физика: «Мектептің физикалық практикумы: бақылаулар, эксперимент,
модельдеу», «Физикада жаңалықтар қалай ашылады», «Математикалық
модельдер және физикадағы әдістер», «Күрделілігі жоғары физикалық