Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет85/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
204 
шығармашылық  түрде  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  дайын  тұлға  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Оқыту мақсаты:  
 өз  денсаулығына  ықтиярлықпен  қарау,  оны  нығайту  мен  ұзақ  мерзім 
сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу
 физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын
 салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылықпен қолдану. 
Оқыту міндеттері: 
  денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту
  базалық  спорт  түрлерінің  техникалық-тактикалық  іс-қимыл  әдістерін 
жетілдіру; 
  денсаулығын  ұзақ  мерзім  сақтау  және  нығайту  қажеттілігіне,  өз 
денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;  
  дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 
мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау; 
  тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 
ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау. 
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 
(ақпараттық  компонент),  «Дене  бітімін  жетілдіру  және  шеберлік»  (әрекеттік 
компонент). 
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан алуан 
түрлерін  қолдануға  және  оқытудың  заманауи  әдістері  мен  педагогикалық 
технологияларын  енгізуге  бағдарлайды.  Вариативті  компонент  мектептің 
тұрған  орны,  материалдық  базасы  мен  аймақтың  орналасу  ерекшеліктерін, 
мұғалімнің  мүмкіндіктері  мен  оқушының  қызығушылықтарын  ескеру 
қажеттілігіне  негізделгендіктен,  оқу  материалдарын  жергілікті  білім  беру 
мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді. 
Бағдарламалық  талаптарды  ескеріп,  әрбір  оқушының  жеке  мүмкіндіктері 
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке 
талаптар  қойып  (қорытынды  тапсырмалар),  талаптардың  өзіндік  шкаласын 
құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың  жылдық  үлгерімін  бағалауына 
болады.  Дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің  барлық  кезеңдерінде 
оқушылардың  даму  деңгейлерінің  жеке  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары: 
 мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс 
дағдысына  байланысты  ұсынылып  отырылған  бағдарламаның  кез  келген 
бөлімін    өзінің  материалдарымен  толықтыруға  (немесе  түзетулер  енгізуге) 
құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында
 мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
205 
мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 
  оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 
бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 
 дене  тәрбиесі  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады:  
 а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері;  
 ә)  Президент  сынамалары  нормативтерін  орындау  нәтижелері 
(мұғалімнің таңдауы бойынша). 
«Шаңғы  дайындығы»  және  «Жүзу»  тараулары  бойынша  сабақтарды  толық 
мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру 
ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі  бойынша  бұл 
сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және  гимнастикамен 
(ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.  
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
барлық  қажетті  медициналық  құжаттардың  ұсынуымен,  медициналық 
тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.  
Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 
ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2017-2018  оқу  жылында 
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017); 
-  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздеріне  25  жыл                             
(1992-2017);  
- «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017 жылғы 
маусым-қыркүйек). 
Оқушылардың  дене  шынықтыру  бойынша  үй  тапсырмасын  орындаулары 
оқу  процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып  саналады.  Дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда,  үй  тапсырмасы  сабақта  алынған  білімді  бекітуге 
және  тереңдетуге,  сабақта  қарастырылған  тақырыптарға  қызығушылықтарын 
қалыптастыруға  (қозғалыстарды  қайталау,  гимнастика  жасау  және  т.б.) 
мүмкіндік  береді.  Үй  тапсырмасын  тұжырымдау  барысында  оқушылардың 
жеке және гендерлік жас ерекшеліктерін ескеру қажет. 
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz). 
Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:  
10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 
 
Алғашқы әскери дайындық 
Алғашқы  әскери  дайындық    (бұдан  әрі  –  АӘД)  меншік  түрі  мен 
ведомствалық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 
беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау