Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
99
жылдамдықтарын тексеруі бойынша ұсынымдамалар берілген. Төменде
берілген ұсынымдамаларды 6, 8, 9-сынып білім алушыларының оқу
жылдамдықтарын дамыту барысында қолдану ұсынылады.
6, 8, 9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар:
1) мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу;
2) оқу барысында сөзді бұзбай, автордың айтатын ойын дұрыс жеткізу.
30-кесте – 6, 8, 9 – сыныптарға арналған оқу нормативтері
Сынып
Сөз саны
Таңба саны
6-сынып
105-110
720-780
8-сынып
120-130
840-900
9-сынып
130-155
900-1080
6, 8, 9 -сыныптарда оқу жылдамдығын тексерудің ерекшеліктері.
Оқу жылдамдығын тексеруге арналған мәтіндер төмендегі талаптарға сай
болуы қажет:
нақты сюжеттік негізінің бар болуы;
күрделі емес құрылымда құрылған сөйлемдерден тұруы қажет;
мәтіндер диалогтерден, өлең жолдарынан, түсініксіз сипаттаулардан
болмауы керек ;
оқушыларға таныс сөздерден тұруы қажет;
мүмкіндігіне қарай эмоционалдық қарым-қатынастан бейтарап болуы
керек.
Оқу жылдамдығына талдау жасау барысында:
оқу тәсілі;
оқу қарқыны;
оқу сауаттылығы;
түсініп оқуы;
мәнерлеп оқуы ескеріледі.
Оқу жылдамдығын тексеруге таңдалатын мәтіндер бала танымына
жақын, етене таныс, күнделікті қарым-қатынас жасап отырған ортаға
байланысты таңдалады. Мәтіндер қызғылықты, қоршаған орта мен табиғатты
терең тануға ықпал ететін, дүниетанымын кеңейтетін, ұлттық рухты көтеретін,
батырлыққа, ерлікке жетелейтін, баяндалатын іс-әрекет пен оқиғалар сабақтаса
байланысқан, бірін-бірі толықтыратын болып келу жағы қарастырылады. Оқу
жылдамдығын тексеру барысында мына төмендегі материалдарды пайдалануға
болады:
1) жыл мезгілдері және олардың бір-бірінен өзгешеліктері, ерекшеліктері;
2) білім алушылардың өз бастарынан кешкен оқиғалары;
3) оқыған кітаптары, естіген әңгімелері, көрген кинофильмдері;
4) қоршаған орта мен табиғатты бақылаудан алған әсерлері мен ой-
пікірлері;
5) балалардың еңбек әрекеттері, ойындары;
6) отбасы, ауылы, туған өлкесі;
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
100
7) үй жануарлары және олардың қасиеттері;
8) жабайы аңдар және құстар;
9) түрлі кәсіптер туралы;
10) туған елдің тарихы, ұлы ойшылдары мен ақын-жазушылары, билері
мен батырлары т.б.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау
және ұйымдастыру кезінде 2017-2018 оқу жылында аталып өтілетін
мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
15 тамыз - жазушы, әдебиеттанушы, ғалым, сыншы, филология
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің туғанына 90 жыл (1927-1984)
5 қазан - Ұлт азаттық қозғалысының басшысы, атақты батыр Сырым
Датұлының туғанына 275 жыл 100 жыл (1742);
4 мамыр - әйгілі жырау, дана би, абыз, қазақ ауыз әдеби
шығармашылығының көрнекті өкілі Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына
350 жыл (1668);
25 маусым - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің
жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл(1893 -
1937);
15 тамыз - ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ҚазКСР
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбековтің туғанына 90 жыл
(1928-1994);
28 қазан -қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт
Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл(1893-1920);
Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан Сері (Ақжігіт)
Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 175 жыл (1843).
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
ресми сайты;
2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар
сайты;
4.
http://abai.kz
- ақпараттық-танымдық сайт;
5.
http://u-s.kz
- ұстаздар сайты;
6. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;
7.
http://sabak
- сайт творческих учителей Казахстана;
8.
http://ojarovaroza.ucoz.kz
- қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің
портфолиосы;
9. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік
сайт;
10. http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты;
11. http://u-s.kz/publ/ - ұстаздар сайты;
12. http://sabaq.kz - ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;
13. http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
101
14.
http://oqu-zaman.kz
- ұстаздар мен білім алушыларға арналған қосалқы
білімді сайт;
15.
http://tarbie.org
- ұстаздар сайты;
16.
http://kazbilim-edu.kz
- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі
сабақтарында тиімді пайдалану;
17. http://bilimtime.kz - ұстаздарға арналған сайт.
«Абайтану» курсы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін,
мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы
жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз
кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта
даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын
жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия
сайтына (
www.nao.kz
) орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану»
курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі
орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен
жүргізу ұсынылады.
Курс жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау,
сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.
Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)
Основная цель обучения русскому языку в 6,8,9 классах - формирование
коммуникативной компетенции учащихся путем использования языкового и
речевого материала в контексте общения, умения пользоваться русской речью
при параллельном владении родным и английским языками; воспитание на
основе тематического содержания речевого материала языковой личности,
придерживающейся активной гражданской позиции, ориентирующейся на
нравственно-духовные ценности казахстанского общества, проявляющей
толерантное отношение к другим культурам, готовой к сохранению и
приумножению природного богатства, ведущей и пропагандирующей здоровый
образ жизни, стремящейся к созидательному труду, обладающей
технологической культурой.
Введение обновлённых стандартов обучения есть необходимое условие
для формирования гражданской позиции, духовной и культурной жизни
личности, чьи потребности и интересы находятся в соответствии с
Достарыңызбен бөлісу: |