Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет38/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
93 
біртекті  үш  қате  бір  қатеге  саналады  да,  келесі  сондай  қателер  дербес 
есептеледі. 
Диктант  мәтінінде  5-тен  артық  түзету  болса,  бағасы  1  балға  кемітіледі.                  
3  және  одан  артық  түзетулер  кездескен  жағдайда  үздік  баға  қойылмайды. 
Диктантқа  баға  қоярда  түзетілгенімен,  ескерілмейтін  орфографиялық  және 
пунктуациялық қателер: 
1) сөзді тасымалдау; 
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер; 
3) әлі меңгерілмеген ережелер; 
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер. 
Диктантты  бағалауда  қатенің  сипатына  мән  берілген  жөн.  Қателердің 
ішінен  жеңіл  қателерді  яғни  сауаттылық  үшін  аса  маңызды  емес  қателерді 
айырып  алған  дұрыс.  Қателерді  есептеу  барысында  екі  жеңіл  қате  бір  қатеге 
есептеледі.  
Жеңіл қатеге жатады: 
1) ережеге бағынбайтын сөздер; 
2) автор сөзін берудегі тыныс белгілері. 
Ескерту:диктант  мәтінінде  барлық  цифрлар,  оның  ішінде  мезгіл 
көрсеткіштері де сөзбен жазылады; 
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны 
үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады: 
-«5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда; 
-«4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда; 
-«3» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда; 
-«2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын  орындамағанда 
қойылады.  
Ескерту:  қосымша  тапсырмаларды  орындау  барысында  жіберілген 
орфографиялық  және  пунктуациялық  қателер  диктантқа  баға  қою  барысында 
ескеріледі. 
Емлелік қателерді түзету әдістері. Білім алушылардың жазба жұмыстарын 
мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен 
жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске 
асырылады.  Оқу  бағдарламасында  «Қатемен  жұмыс»  түріне  арнайы  сағат 
бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.  
Мұғалімдер  оқушылардың  орфографиялық  қателерін  түзеткенде  негізгі 
ескеретін жағдайлар: 
1) мұғалім  барлық  қателерді  түзетіп,  соңғы  өтілген  тақырыптан  кеткен 
қателердің астын сызып көрсетуге болады; 
2) орфографиялық  қателерді  түзету  үшін  орфографиялық  шартты 
белгілерді  қолдануға  болады.  Мұндай  шартты  белгілер  оқушыларға  таныс 
болуы қажет;  
3) түзетулер  оқушының  жіберген  қателерін  өзі  сезетіндей  дәрежеге 
жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек; 
4) емлелік  қателерді  сызып  тастап,  оған  қажетті  әріпті  үстіне  жазу 
жолымен  түзету  әдісі  оқушылардың  қателерін  түзетудегі  ең  таңдаулы 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
94 
тәсілдердің бірі; 
5) сөздердің  астын  сызбай-ақ,  дәптердің  шетіне  шартты  белгі  қоюға 
болады. Шартты белгі білім алушыға түсінікті болуы тиіс. 
6) Білім алушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп 
жазады. 
«Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі: 
Білім  алушыларда  болуы  тиіс  дәптерлер  саны  туралы  мәліметтер 
ұсынылады. 
 
25-кесте – Білім алушы дәптерлерінің саны 
 
Пән 
Жұмыс 
дәптері 
Жазба жұмыс 
дәптері 
Барлығы 
Қазақ тілі 



 
Дәптер тексеру тәртібі:  
1) 6, 8, 9-сыныптарда жұмыс дәптерлері аптасына бір рет тексеріледі;  
2) 9 - сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада бір рет тексеріледі;  
«Қазақ  тілі»  пәнінен  барлық  дәптерлердегі  жазба  жұмыстарын  мынадай 
тәртіппен орындау ұсынылады: 
-  дәптерге  ұқыпты,  түсінікті  жазу;  көк  сиялы  қаламмен  жазу  және  қажет 
кезінде қара қарындаш пайдалану;  
- дәптер сыртын үлгі бойынша білім алушы өзі толтыруы қажет:  
«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге 
диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады). 
Дәптердегі  барлық  жұмыстар  төмендегі  талаптарды,  ережелерді  сақтай 
отырып жүргізілуі керек:  
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады; 
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің  басынан, 
жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады. 
- үй  жұмысы  сынып  жұмысының  жалғасы  деп  есептелінеді  де,  күн  реті 
жазылмайды; 
- жаттығу  (тапсырма)  сөзі  толық  жазылады,  мысалы:  15-жаттығу 
(тапсырма); 
-  сынып  немесе  үй  жұмысын  орындағанда  тапсырмалар  арасында  жол 
қалдырылмайды; 
- мәтін азат жолдан басталады; 
- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады; 
-  талдау  жасау  тапсырмаларын  орындағанда  жақсы  ұшталған  қара 
қарындашпен орындаған жөн; 
- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.  
Баға тапсырмадан кейін дәптердің сол жақ шетіне нүктесіз қойылады.  
Талдау  жұмыстары  қарындашпен  орындалады  (сөз  құрамына,  сөйлем 
мүшелеріне талдау).  
Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
95 
тиіс.  
Дәптерге  мүмкіндігінше  мұғалімнің  ескертулері  жазылып  отырады 
(Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).  
Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет. 
Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.  
Диктанттан  жіберілген  қателер  жол  бойынша  сол  тұстағы  қызыл  жолға 
көрсетілуі керек:  
- орфографиялық қате – /.  
- тыныс белгілер қатесі – ۷ 
Әдістемелік  бірлестік  отырыстарында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 
мұғалімдерінің  кәсіби  біліктілігін  жетілдіру  үшін  (әдістемелік  бірлестік,  жас 
мамандар 
мектебі, 
педагогикалық 
шеберлігін 
жетілдіру 
мектебі, 
шығармашылық  топ  және  т.б.)  пәнді  оқыту  әдістемесі  мен  теориясының 
келесі мәселелерін қарау ұсынылады: 
1.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру 
үшін  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  жетілдіруде  отандық  және  әлемдік 
тәжірибедегі жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың артықшылықтары; 
2.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  топтық  жұмыстар  арқылы  оқыту 
жолдары; 
3.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  құзыреттілік  тұрғысынан  оқыту 
нәтижелері туралы; 
4.  Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың 
дидактикалық ұстанымдары; 
5.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің  кәсіби  құзіреттілігін 
интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру; 
6.  Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. 
 
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін).  
Мектепте  білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  – 
білім  берудің  басым  мақсаттарының  бірі.  Оның  нәтижесі  білім  алушылардың 
алған  білімдерін  практикалық  жағдайларда  тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу 
процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін 
меңгеруі  болып  табылады.  Білім  беру  нәтижелеріне  табысты  қол  жеткізуді, 
алған  білімін  өмірлік  жағдаяттарда  қолдана  алуын  қамтамасыз  ететін  тиімді 
әдістерді  білім  беру  процесіне  оңтайлы  енгізу  –  мектеп  пен  ұстаз  қауымына 
қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы. 
«Қазақ  әдебиеті»  (оқыту  қазақ  тілді)  пәнінен  оқу  жүктемесінің  көлемі 
төмендегідей белгіленген:  
6 - сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;  
8 - сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;  
9 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.  
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерінен  өткізілетін  жазба  жұмыстарының 
нормалары  
 
 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау