Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
76
II
1
1
1
1
III
1
1
1
1
IV
1
1
1
1
Барлығы
4
4
4
4
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің жіктелуі
Қателер:
-
қате оқу (әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, сөздерді, әріптерді
тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);
-
мәтінді толығымен мағыналық кідіріс жасамай оқу;
-
дауыстап оқығанда, сөздің айтылу ырғағы мен анықтығын бұзу;
-
белгіленген оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын
түсінбеу;
-
мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі
ойды бөліп көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінгенін
білдіретін мәтіндегі сөздер және сөйлемдерді таба алмау;
-
мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу;
-
жатқа айтуға дайындалған мәтінді шала білу; бірсарынды оқу; мәнерлеп
оқи алмау.
Кемшіліктер:
-
дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу
анықтығының шамалы бұзылуы;
-
оқылған мәтінді белгіленгеннен көбірек уақытта түсінуі;
-
шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік;
-
мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкердің мінезін
көрсетуде мәнерлеудің жеткіліксіздігі.
3-
сыныптағы бағалау нормалары:
Оқушыға «5» деген баға егер ол оқыған мәтіннің мазмұнын түсінген;
мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағын сақтаған; өздігінен мәтіндерді
бөліктерге бөле алатын; бастысын бөліп көрсететін, оқытылған мазмұнды
жеткізе алатын, сөйлеу тілін грамматикалық дұрыс қоя білетін, мәнмәтіндегі
сөз мағынасын түсінетін, мәтіннен өздігінен кейіпкерлер мен табиғатты
бейнелеу үшін автор қолданған әрекеттегі тұлға мен сипаттауды сөз бен
сөйлемдерін таба алатын, өлеңді жатқа айтатын және оны мәнерлеп оқыған
жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға мәтінді саналы түрде мәнерлеп оқыған; оқуда
және кішігірім қажет оқиғаларды табуда 1-2 өрескел емес қателер жіберілген;
оқығаннан негізгі мәнін дұрыс түсінген, бірақ анық жеткізе алмайтын, өлеңді
жатқа білген, оны мәнерлеп оқитын, бірақ шамалы қателер жіберген
(қайталаулар, ұзақ кідіріс және тағы басқа) жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын дәйекті түрде
жеткізетін, негізгі ойды көрсетіп, мұғалімнің көмегімен жетелеуші сұрақтары
арқылы мәтінді бөліктерге бөле алатын; мазмұндау барысында мәтіннің
мазмұнын сақтамай қателесіп, оны мұғалімнің көмегімен түзететін; мәтінді
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
77
жатқа айтатын, бірақ оны толық білмейтін; өлең мәтінін бірсарынды оқитын
жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға сөздерді толық оқыған; 6 және одан да көп қате
жіберген; негізгі ойды көрсете алмайтын және қосымша сұрақтар арқылы
мәтінді бөліктерге бөле алмайтын; өлең мәтінін жатқа толық білмейтін сөздерді
нақты айтпайтын жағдайда қойылады.
4-
сыныптағы бағалау нормалары:
Оқушыға «5» деген баға әдеби сөздерді оқудың барлық негізгі
нормаларын сақтай отырып, жылдам, түсініп, саналы, дұрыс оқыған; дұрыс
ойын дауыс ырғағы арқылы жеткізіп, мәтінді толық, қысқаша және таңдап
айтып беретін; өздігінен қарапайым жоспарларды құратын, оқыған мәтіннің
негізгі ойын анықтай алатын; белгілі тақырыпқа сай (табиғат, оқиға,
кейіпкерлер туралы) әңгіме құрастыра алатын; өлеңді жатқа мәнерлеп айтатын
жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға мәтінді түсіне отырып, жылдам әрі мәнерлі
оқыған, кідірістер мен логикалық екпінді дұрыс қолдана алған, оқығанда және
кідірістер мен логикалық екпінді анықтағанда 1-2 қате жіберген, мәтінге сай
жоспар құрастыра алған, мәтін мазмұнын толық айтқан; өздігінен мәтіннің
негізгі ойын анықтай алған, өлең мәтінін мәнерлеп жатқа айтқан, бірақ шамалы
дәлсіздіктер жіберілген жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға саналы түрде және бірсарынды оқыған,
жеткіліксіз мәнерлеп оқитын, оқуда 3-тен 5-ке дейін қате жіберілген; мәтін
мазмұнын толық және қысқаша жеткізетін, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары
арқылы жоспар құрастыра алатын, мәтінді жатқа айту барысында жіберілген
қателерді мұғалімнің көмегімен түзететін жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға жеке сөздерді толық оқыған, көп мөлшерде
сөздерді және буындарды ауыстырып, тастап кету қателіктерін жіберген, мәтін
мазмұнын жетік меңгермеген, сөздерді толық оқи алмаған, 6 және одан да көп
қате жіберген (ІІ жартыжылдықта), мәтіннің мазмұнын тікелей, қысқаша және
өз қалауынша айта алмайтын, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы
өздігімен жоспар құра алмайтын, жатқа айту барысында өлеңді толық жеткізе
алмаған жағдайда қойылады.
Оқушылардың үйде оқуын бағалауда алдын ала дайындықсыз оқуға
қарағанда жоғарырақ талаптар қойылады.
Сабақ барысында оқу үшін баға оқушының ауызша жауабы мен өз бетімен
оқуы негізінде қойылады. Бағаға оқу көлемі: 3-сыныпта – 1/3 беті; 4-сыныпта –
1/2 беті болуы керек.
Оқушының оқу дағдысын қорытынды тексеру жылына үш рет: кіріс
тексеру, І және ІІ жартыжылдықтың соңында жүргізіледі.
17-
кесте – Оқу техникасының нормасы (минутына оқылатын сөздер саны)
Сыныптар
3-
сынып
4-
сынып
І жартыжылдық
60 сөз және одан артық
75
сөз және одан артық
ІІ жартыжылдық
65
сөз және одан артық
80
сөз және одан артық
Достарыңызбен бөлісу: |