Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет116/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
279 
-  діни,  рухани  маңызды  мәселелер  бойынша  әртүрлі  ой-талқы  жасау, 
пікір-таластыра  білу,  осы  саладағы  маңызды  оқиғалар  мен  құбылыстар, 
тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу; 
-  өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық 
деректер нұсқасында  тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі. 
 Оқыту барысында мұғалім оқушыда экстремистік, террористік діни топтар 
және 
ағымдар 
идеологиясы 
мен 
тәжірибелеріне 
қарсы 
имунитет 
қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
280 
6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
 
Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда «Білім 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы,  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080  қаулысымен  бекітілген  Білім 
берудің  тиісті  деңгейлерінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарты,  «Жалпы  білім  беру  ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі  орта  және 
жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы 
17  қыркүйектегі  №375  бұйрығы  (3-қосымша)  (бұдан  әрі  –  Үлгілік  қағида) 
басшылыққа алынады.  
«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  шағын  жинақты 
мектепті  білім  алушылар  контингенті  шағын,  біріктірілген  сынып 
жиынтықтары  және  оқыту  сабақтарын  ұйымдастырудың  арнайы  формасы  бар 
жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.  
Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық) 
қызметі    Үлгілік  қағидаларға    және  өзінің  жарғысымен  үлгілік  оқу 
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.  
«Жалпы  білім  беру  ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы 
орта  білім  беру)  түрлері  бойынша  қызметінің  үлгілік  қағидаларына  сәйкес, 
шағын жинақталған мектепте:  
жекелеген  пәндерді  оқыту  кезінде  және  сыныпта  10-16  білім  алушы 
болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі;  
-  сыныптарды бір сынып-жиынтыққа қосу және біріктіру кезінде әртүрлі 
жастағы білім алушылар саны 10 адамнан аспауы тиіс;  
- сыныпты 3-10 адам аралығындағы және одан артық адамға толықтыруға 
рұқсат етіледі;  
- үш  немесе  төрт  сыныпты  біріктірген  кезде  оқыту  сабақтарын 
ұйымдастырудың сырғымалы кестесі қолданылады;  
- бірінші  және  бітіруші  сынып  білім алушыларын  біріктіріп  оқытуға  жол 
берілмейді.  
-  түрлі  жастардағы  оқыту  әдістемелерін  қолдану  кезінде  2-ші  және  3- 
сыныптарды; 3-ші және 4-сыныптарды, немесе 2-ші және 4- сыныптарды; 5-ші 
және  6-сыныптарды,  6-шы  және  7-сыныптарды;  7-ші  және  8-сыныптарды 
біріктіруге рұқсат етіледі.  
       Шағын  жинақты  мектептегі  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  дамытушы 
педагогикалық орта  құруды  талап етеді,  оның негізінде  әртүрлі  жастағы  білім 
алушылардың  өзара  өнімді  іс-қимылдарын  және  өз  білімін  жетілдіру  идеясын 
жүзеге  асыруға  болады.  Шағын  жинақты  мектеп  өзінің  білім  беру  әрекетінде 
келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:  
- білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;  
 
-  бір  пәндік  және  бір  тақырыптық  ұстанымдарға  негізделген  кіріктіре 
оқыту сабақтарын ұйымдастыру;  
- біріктірілген сыныптар үшін өзгермелі сабақ кестесін құрастыру;  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
281 
- даралап және саралап оқыту;  
-  оқу  процесінің  технологиясы  мен  мазмұнын  бейімдеу  және 
вариативтілігі;  
- білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;  
-  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  мәдени  орталықтардан  шалғай 
орналасқандығын ескеру;  
-  білім  алушылардың  оқу  барысындағы  бір-біріне  өзара  көмектесуі  және 
ынтымақтастығы.  
Өз  кезегінде,  түрлі  жастағы  топтарда  сабақты  ұйымдастыру  келесі 
қағидаттарға негізделеді:  

 
түрлі жастағы білім алушыларды оқыту құралдарын, оқыту мазмұнын, 
тапсырмаларды кіріктіру және саралау;  

 
өзара оқыту;  

 
әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара әрекеттерін басқару;  

 
балалардың психологиялық қорғанысын қамтамасыз ету;  

 
оқу сабағындағыбілім алушылар құрамының жас ерекшеліктік ауқымын 
оңтайландыру.  Білім  алушылардың  тиімді  өзара  әрекеттестігі  үшін  кеңес 
берілетін жас ерекшелік ауқымы – 3-4 жастан артық емес.  
Сыныптарды  біріктіру  екі  есе  дайындалуды,  сондай-ақ  екі  сабақ 
жоспарын  бір  жоспарға  біріктіруге  және  сабақ  барысында  барлық  білім 
алушылардың  толық  әрекеттілігін  қамтамасыз  етуге  негізделген  арнайы 
жоспарлауды  талап  етеді.  Бұл  жағдайда  білім  алушылардың  өзіндік  жұмысы, 
сондай-ақ топтық немесе жұптық жұмысы сабақтағы білім алушылар әрекетінің 
міндетті және жүйелі түріне айнала отырып, мұғалімге бір немесе екінші білім 
алушылар тобына кезек-кезек көңіл бөлу мүмкіндігін ұсына отырып, маңызды 
мәнге ие болады.  
Бұл  жұмыстар  бағдарламаның  талаптары  мен  білім  алушылардың 
қабілетіне қарай, олардың  мүмкіндіктерін ескере отырып, саралап жүргізіледі. 
Әртүрлі  жастағы  білім  алушыларға  өзіндік  жұмыс  ұйымдастыру  оқу 
материалының  мазмұнын  тиянақты  саралауды  талап  етеді.  Әр  сыныптың 
бағдарламасына сәйкестік деңгейін, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере 
отырып, қосымша үлестірме материалдар әзірленеді.  
Шағын  жинақты  мектептің  ерекшелігі  –  сабақтың  барлық  кезеңдерінде 
жүргізілуі  мүмкін  күн  сайынғы  білім  алушылардың  өзіндік  жұмысына 
негізделеді.  Бір  сабақтағы  өзіндік  жұмыстар  саны  реттелмейді.   Жаңартылған 
білім  мазмұнына    көшу  барысында  білім  алушылардың  өз  бетінше  білім  алу 
қабілеттерін арттыру маңызды орын алады. Өздігінен білім алатын, жан-жақты 
ізденетін,  өмір  жолын  өзі  болжай  алатын  тұлғаны  қалыптастыруда    өзіндік 
жұмыстардың құрылымын, мұғалім ізденіске бағыттайтын жетекші позициясын 
ұстанатын, жүйеленген дамытушылық бағыттағы іс-әрекетке айналдыру қажет. 
Сонымен  қатар,  бастауыш  мектеп  білім  алушыларының  өзіндік  жұмысы 
үшін  уақыт  шектеулері  белгіленген:    2-сыныптағы  жазу  сабағында  –  20 
минуттан  артық  емес,  3-ыныпта  –  25  минуттан  артық  емес;  2-сыныптағы 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау