Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
283
Кіріктірілген сабақтардың негізіне білім беру мазмұнының басты
элементтерін бөлуге мүмкіндік беретін, жүйені құрайтын идеяларды,
түсініктерді, оқу әрекетінің тәсілдерін дамытуды қарастыратын пәнаралық
байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге
мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу
уақытын босатады.
Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқытудың мұғалімдер мен
білім алушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:
− білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде
тұтастай игеру;
− білім алушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір
пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарды білім, білік дағдылар негізінде
кешенді игеруге
бағыттау;
− ұжымдық оқыту әдісін тиімді қолдану және білім алушылардың
коммуникативтік
дағдыларын дамыту;
− жоғарғы сынып білім алушылары өзінің білімін кіші жастағы сынып
білім алушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану.
Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыруда тиімді
педагогикалық технологиялар: деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, ұжымдық
оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды қолдану, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан
ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.
Шағын жинақты мектепке электронды оқыту жүйесін енгізу жеке және
өздігінен оқытуды кеңінен қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұжымдарда
педагогикалық
әрекеттегі
қиындықтарды
жоюға
мүмкіндік
береді.
Қашықтықтық технологияларды қолданатын электронды оқыту бейіналды
дайындық пен бейінді оқытудың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру
үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Физика, химия және биология бойынша
виртуалды зертханаларды пайдалану арқылы, мұғалімдер аталған пәндерді
меңгеруге қажетті оқу жабдығының жеткіліксіздігі мәселесін шеше алады. Бұл
бағытта физика, химия, биология, математика және жаратылыстану пәндерінен
bilimland (www.bilimland.kz) білім беру платформасының виртуалды зертхана
жұмыстарын пайдалану ұсынылады.
Сандық білім беру ресурстарын (бұдан әрі – СБР) базасын техникалық
талаптары сәйкес келетін процессорге немесе ноутбукке орнатуға болады.
Сондай-ақ, педагог әрекеті ақпаратты жаңғырту емес, білім алушыны оқу-
танымдық
процесте
психологиялық-педагогикалық
қолдаушы,
ұйымдастырушы рөлінде болады. Мұғалімнің көмекшісі рөлінде оқу
материалын өздігінен игеру дағдылары мен іскерліктерін меңгерген білім
алушы да бола алады.
Шағын жинақты мектептегі оқыту процесі келесі принциптерге
құрылады: нәтижелілік, үздіксіздік, кіріктірілу, икемділік, жеке тұрғыдан қарау,
вариативтік, өзінділік, интерактивтік, ынтымақтастық және т.б. Мұғалімге
көрсетілген мәселелерді шешуде баға жетпес көмекті электронды ресурстар
және әртүрлі жас ерекшеліктердің өзара сабақтастығының барлық аспектілерін