жиынтық бағалау.
|
4.3.2.2 Градустық өлшемі бойынша бұрыш, тік бұрышқа тиісті екі қабырғасы бойынша тікбұрышты үшбұрыш, тікбұрышты сызғыштың көмегімен түзуге перпендикуляр түзу сызу
|
1
|
|
|
|
|
Өзіңді тексер
|
4.3.2.2 Градустық өлшемі бойынша бұрыш, тік бұрышқа тиісті екі қабырғасы бойынша тікбұрышты үшбұрыш, тікбұрышты сызғыштың көмегімен түзуге перпендикуляр түзу сызу
|
1
|
|
|
|
|
Қорытындылау
|
4.2.2.1 Қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу
4.2.2.2 39+490:k=46, 230·а+40=1000:2 түріндегі теңдеулерді шешу
4.2.1.3 Айнымалысы бар өрнектердіқұру және есептер шығару барысында қолдану
|
1
|
|
|
|
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау.
|
4.4.3.2 - заңдылықты немесе ережені өзі таңдап, сандар/ сандар тобы тізбектерін құру
|
1
|
|
|
|
|
Қорытындылау
|
4.3.2.3 - кеңістіктік геометриялық фигуралардың (пирамида, цилиндр, конус) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру
|
1
|
|
|
Жаратылыстану
Түсінік хат
«Жаратылыстану» оқу пәнінің оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген)
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мақсаты – әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі туралы білім негізін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.
Оқу пәнінің бағдарламасы келесі міндеттерге жетуге бағытталған:
1) зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін қалыптастыру;
2) техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу; 3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған жаратылыстану-ғылымдық тұрғысынан маңызды және өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу біліктерін меңгеру;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану- ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушының сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы бойына сіңіруге негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты бағдары болады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
|
Оқу пәнінің атауы
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
1-қосымша
|
11-қосымша
|
Апталық
|
Жылдық
|
Апталық
|
Жылдық
|
4
|
Жаратылыстану
|
2
|
72
|
1
|
36
|
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
«Жаратылыстану» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден құралады:
1) «Мен зерттеушімін»: зерттеудің өз пайымдауы негізінде анықталған өзекті бағыты, зерттеу әдісін таңдау, бақылау мен эксперименттің артықшылығы мен кемшілігі, нәтижені білім алушы таңдауы бойынша көрсету;
2) «Жанды табиғат»: қоректік тізбек, өсімдік – қоректік тізбектің маңызды буыны, өсімдіктің тіршілік циклі, тозаңдану негізінде тұқым түзілу, тұқым таралу жолдары (өздігінен, жел, су, жануарлар, адамдар арқылы таралу), жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер, өсімдіктерді қорғау жолдары, өз өлкесінің жануарлары, бунақденелердің тіршілік циклі (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек бунақденелі), жануарлардың қоректену ерекшеліктері, өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар, симбиоздық байланыстар, қоректік тізбек құрылымы, тіршілік ортасына байланысты қоректік тізбек модельдері, жойылу шегінде тұрған жануарлар, Қазақстанның Қызыл кітабы, Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құру мақсаты, Қазақстанның ұлттық саябақтары мен қорықтары;
адам, зәр шығару жүйесі мен оның рөлі, жүйке жүйесі, оның адам ағзасындағы рөлі;
3) «Заттар және олардың қасиеттері»: заттардың қасиеттері, заттарды қасиеттеріне байланысты қолдану, құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу, адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану, ауаның ластануы, ауаның ластануының табиғи және жасанды көздері, ауа тазалығын сақтау, ауаны тазарту жолдары, ауаның орын ауыстыруы, желдің пайдасы мен зияны, табиғаттағы су айналымы, атмосферада жауын-шашынның түзілуі, судың ластану көздері (тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылық), судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру, түрлі заттардың судағы ерігіштігі, пайдалы қазбалар (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ), пайдалы қазбаларды қолдану, Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындары, пайдалы қазбаларды қорғау және үнемді қолдану;
4) «Жер мен ғарыш»: жер бетінің ірі элементтері, ғарыш денелері (астероидтар, кометалар, метеориттер, жұлдыздар, галактикалар), жердегі тіршілікке ғарыштың әсері, жердің орбита бойынша қозғалысы, жыл мезгілдерінің ауысуы, жыл мезгілдерінің сипаттамасы;
5) «Табиғат физикасы»: Архимед күші, Архимед күшін болжау, Архимед күшінің судағы заттарға әсері, көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігі, жарықтың қасиеттері, шағылу, жұтылу, белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсері, түрлі материалдардың жылуөткізгіштігі, түрлі материалдардың электрөткізгіштігі.
«Жаратылыстану» пәнін оқытудың ерекшеліктері:
пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады.
пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады.
білім алушыны зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер жасау арқылы тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының басты ерекшелігі - зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің оқу мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |