Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбы үшін «Сызу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы



жүктеу 12,18 Mb.
бет65/76
Дата18.12.2017
өлшемі12,18 Mb.
#4524
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбы үшін
«Сызу» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) талабына сәйкес құрылған.


      2. Бағдарлама оқушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыруына, кеңістіктік ой қабілетін және шығармашылық потенциалын дамытуына бағытталған.
      3. Бағдарламаның аяқталу сипаты:
      1) сызба геометриясының негіздері жүйелі түрде берілген, сонымен қатар геометриялық объектерді проекциялау әдістерін;
      2) сызбаны орындаумен, оны рәсімдеу ережелерінен құралған конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандарттарын;
      3) графикалық құрылыс сызу ережелері туралы мәліметтерін;
      4) машина жасау, құрылыс сызу және топографиялық сызудың жалпы мәліметтерінен тұратын техникалық сызу негіздерін беруді қамтиды.
      4. Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай, пәнге оқытудың аса маңызды бағыты графикалық редакторларды (AutoCAD, КОМПАС және т.б.) пайдалану негізінде оқушылардың ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттерін дамыту болып табылады.
      5. Оқыту мақсаттары:
      1) логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
      2) геометриялық білімді негізге алып, тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;
      3) еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді;
      4) функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;
      5) шығармашылық потенциалын және эстетикалық талғамдарын дамыту.
      6. Оқыту міндеттері:
      1) бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
      2) әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды қалыптастыру;
      3) нәрсенің пішінін (түрін) және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
      4) кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпыинтеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;
      5) графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.
      7. Курсты оқыту кезінде графикалық әдістер теориясы мен ақпараттың кескінделуінің өндіріспен, техникалық және көркем-конструкторлық іс-әрекетімен тығыз байланысы болуы қажет. Оқу тапсырмаларының мазмұны мамандардың еңбек іс-әрекеттерінің элементтерін моделдеуі керек, графикалық тапсырмалар нақты бүгінгі күнде қолданыстағы тетікбөлшектер мен құрастыру бұйымдарынан тұруы қажет.
      8. Оқыту барысында әр оқушылардың өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, олардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады.
      9. Түрлі оқу құралдарын (карточка-тапсырмаларды, анықтамалықтарды, плакаттарды, кестелерді, модельдерді, тетікбөлшектер жиынтығын және ақпараттық технологиялық құралдарды) кеңінен пайдалану ұсынылады.
      10. Компьютерлік технологияларды оқыту үшін мектептер графикалық компьютерлік бағдарламалармен, мысалы AutoCAD және т.б. жабдықталуы қажет (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).
      11. Оқыту процесінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
      1) «Геометрия»: жазықтықтағы кеңістіктік фигуралардың кескіндерін сызуда пайдалану, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өлшемдерді орындай білу және тәжірибелік тұрғыдағы әр түрлі геометриялық есептерді шығару;
      2) «Технология»: технологиялық процесті талдау, технологиялық карталарды орындау, болашақ бұйымның сызбасын оқу;
      3) «Физика»: механизмдер және машиналар құрылысымен, автоматтандырылған үдерістермен және олардың жұмыс істеу қағидаларымен танысу; графикалық әдіспен есеп шығару, құрастыру сызбасын бөлшектеуде үлестірме материал ретінде физикалық құралдарды пайдалану;
      4) «География»: физика-географиялық түсініктерді ашу үшін сұлба түріндегі суреттерді және сызбаларды орындау, карта мен жер бетіндегі қашықтықтарды өлшеу;
      5) «Химия»: химиялық үдерістерді (процестерді) зерттеу барысында модельдерді, сұлбаларды, кестелерді, плакаттарды, фотосуреттерді, суреттерді, диаграммаларды және сызбаларды пайдалану.
      16. Типтік оқу бағдарламаға сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 68 сағатты құрайды (аптасына – 2 сағат).

2. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. Кіріспе (1 сағат):


      1) сызу пәні, сызбаның даму тарихынан қысқаша мағлұмат.
      14. Сызбаларды безендірудің негізгі ережелері және геометриялық салулар (9 сағат):
      1) сызу аспаптары мен жабдықтары, сызба аспаптарымен тиімді жұмыс істеу әдістері;
      2) сызба сызықтарының түрлері;
      3) пішімдер, масштабтар, сызба қаріпі;
      4) сызбаға өлшемдерді түсіру;
      5) өзара параллель және өзара перпендикуляр түзулерді салу, кесіңдіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу;
      6) түйіндесулер;
      7) лекальді және циркульді қисық сызықтар туралы түсінік, эллипс пен сопақшаны құру.
      15. Проекциялау әдістері (8 сағат):
      1) проекциялау түрлері, центрлік проекциялау және параллель проекциялау әдістері, олардың қасиеттері;
      2) бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау;
      3) түзу және қисық сызықты, жазық фигураны (көпбұрышпен шеңберді) проекциялау;
      4) аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұмат, көпбұрыштардың және шеңбердің аксонометриялық проекциялары, аксонометриялық проекция түрін таңдау;
      5) техникалық сурет туралы түсінік.
      16. Геометриялық денелер мен моделдердің проекциялары (12 сағат):
      1) геометриялық денелер, көпжақтардың проекциялары, айналу денелерінің проекциялары;
      2) денелер пішінін құрастыратын беттерді, төбелерді, қырларды және жасаушыларды сызбада табу;
      3) кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары;
      4) геометриялық денелерді деңгейлік жазықтықпен қию, тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары;
      5) геометриялық денелер тобының проекциялары, геометриялық денелердің өзара қиылысуы (жеке жағдайлары).
      17. Кескіндер - көріністер, қималар және тіліктер (12 сағат):
      1) проекциялау әдістері туралы мағлұматты қорыту, күрделі геометриялық денені қарапайым кеңістіктік фигураларға – призмаға, пирамидаға, цилиндрге, конусқа және шарға ойша ажырату, нәрсенің геометриялық элементтерінің орналасуы мен пішінінің өлшемі туралы түсінік;
      2) негізгі көріністердің сызбада орналасуы;
      3) нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша, оның үшінші көрінісін құру;
      4) қосымша және жергілікті көріністер;
      5) тіліктер туралы түсінік, тіліктерді сызбада белгілеу, қарапайым тіліктер: горизонталь, вертикаль және көлбеу тіліктер;
      6) көріністің бөлігін тіліктің бөлігімен біріктіріп сызу, жергілікті тіліктер;
      7) күрделі тіліктер: сатылы тілік және сынық тілі;
      8) қималар, тілік пен қиманың арасындағы айырмашылығы, қабаттасқан және оңашаланған қималарды орындау ережелері, қималарды белгілеу;
      9) тілік пен қиманы орындағандағы шарттылықтар мен жеңілдіктер.
      18. Біріктірулер (6 сағат):
      1) біріктірулер туралы жалпы мағлұмат;
      2) ажырайтын біріктірулердің түрлері: бұрандалы, шпонкалы, тісті (шлицті), штифті, олардың арнауы және сызбада кескінделуі;
      3) бұранда туралы жалпы мағлұмат: адымы, профилі, бұранданың элементтері;
      4) сыртқы және ішкі бұранданың шартты кескіндері;
      5) бұрандалы біріктірулер: болттың, винттің және шпильканың көмегімен біріктіруді кескіндеу;
      6) ажырамайтын біріктірулер (пісірмелі, дәнекерлеу, желімдеу), пісірмелі біріктірудің шартты кескінделуі және белгіленуі.
      19. Құрастыру сызбасы (8 сағат):
      1) құрастыру сызбасы туралы жалпы мағлұмат, құрастыру сызбасындағы кескіндер, спецификацияның арнауы, спецификацияның толтырылу реті, құрастыру сызбасына тіркеу ретінің нөмірлерін түсіру;
      2) құрастыру сызбасында пайдаланылатын кейбір шарттар мен жеңілдіктер;
      3) бөлшектеу туралы түсінік, тетікбөлшектердің сызбалары және эскиздері, тетікбөлшектердің сызбаларына қойылатын талаптар, өлшемдерді түсіру, материалдарды белгілеу;
      4) қарапайым тетікбөлшектердің эскиздерін орындау, алдын-ала орындалған эскиз бойынша тетікбөлшектің сызбасын құру.
      20. Құрылыс және топография сызбаларының элементтері (6 сағат):
      1) құрылыс сызбаларының ерекшеліктері;
      2) ғимарат сызбанұсқасының, қасбетінің және тілігінің сызбасы;
      3) құрылыс сызбаларындағы масштабтар және өлшемдер;
      4) есік және терезе ойықтарының, санитарлық-техникалық жабдықтардың шартты белгілері;
      5) қарапайым құрылыс сызбасын оқу;
      6) топографиялық сызудың элементтері, топографиялық шартты белгілер, қарапайым топография сызбасын оқу.
      21. Графикалық редакторындағы жұмыс негіздері (4 сағат):
      1) компьютерлік графикалық бағдарламалар туралы түсінік, графикалық бағдарламаға кіріспе;
      2) сызбаны рәсімдеу: пішімдер, сызба сызықтарының түрлері, қаріптер, масштабтар, өлшемдерді түсіру;
      3) қарапайым геометриялық салулар, компьютерлік графикалық бағдарламада жазық фигураның сызбасын орындау;
      4) екі өлшемді және үш өлшемді моделдерді құру туралы негізгі мәліметтер.
      22. Қорыту (2 сағат):
      23. Міндетті графикалық жұмыстар тізімі:
      1) сызықтар түрлері және қаріптер;
      2) шеңберді тең бөліктерге бөлу және түйіндесулер;
      3) көпжақтардың проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, аксонометриялық проекциясы мен жазбасын құру;
      4) айналу денелерінің проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, изометриясы мен жазбасын құру;
      5) ойығы бар қиық моделдің кешенді сызбасы;
      6) геометриялық денелер тобының сызбасы (бақылау жұмысы);
      7) моделдің кешенді сызбасын көрнекі кескіні немесе аксонометриялық проекциясы бойынша құру;
      8) моделдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін құру;
      9) қарапайым немесе күрделі тілікті (таңдауы бойынша) қолданып, тетікбөлшектің сызбасын құру;
      10) қималарын орындап тетікбөлшектің сызбасын салу;
      11) бұрандалы біріктірулердің сызбасы (болтпен, винтпен және/немесе шпилькамен біріктіру);
      12) тетікбөлшектің эскизін көрнекі кескініне немесе құрастыру сызбасына қарап салу (өлшемдерін қою);
      13) тетікбөлшектің сызбасын эскизі бойынша немесе конструкциясын жарым-жарты өзгерту арқылы салу;
      14) ғимарат сызба-нұсқасының және қасбетінің сызбасы;
      15) қажетті тіліктерімен техникалық суреті (алдыңғы 1/4 қиылған) орындалған тетікбөлшектің сызбасын салу (бақылау жұмысы).
      24. Ескертпе: графикалық жұмыстар А4 немесе А3 пішіміне (оқытушы қарауына) орындалуы қажет.

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      25. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.


      26. Пәндік нәтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі тиіс және меңгеруі тиіс.
      27. 9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:
      1) КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі) стандарттарының сызба дайындауына қоятын негізгі талаптарын: пішімдер, сызба сызықтары, сызба қаріптері, өлшем қоюдың негізгі ережелерін;
      2) жұмыс орнын ұйымдастырудың және сызба құралдарын пайдаланудың тиімді ережелерін;
      3) қарапайым геометриялық құрылымдар әдістерін: өзара параллель және перпендикуляр түзулері, кесіндіні, бұрышты және шеңберді тең бөліктерге бөлу, түйіндесулер мен сопақшаны салуды;
      4) проекциялаудың негізгі әдістерін: тік бұрышты және аксонометриялық проекцияда жазық және кеңістіктік фигураларды салуды;
      5) геометриялық денені деңгей жазықтығымен қиғанда пайда болатын қимасын салу және геометриялық денелері беттерінің өзара қиылысу сызықтарын тұрғызу әдістерін;
      6) көріністер мен тіліктерді, қималарды орындаудың негізгі ережелерін;
      7) қарапайым тетікбөлшектің эскизін және сызбасын орындау жүйелілігін;
      8) ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер түрлерін, бұранданың шартты кескінделуін және белгіленуін, болтпен, винтпен біріктірудің кескінделуін;
      9) құрастыру сызбасының ерекшелігін, спецификацияның арнауын, құрастыру сызбасын оқу және бөлшектеу ретін;
      10) құрылыс және топография сызбаларының ерекшеліктерін, олардың машина жасау сызбаларынан айырмашылығын;
      11) компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды білуі тиіс.
      28. 9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:
      1) сызбасы мен көрнекі кескіні, қарапайым жазбасы бойынша нәрсенің пішінін талдауды;
      2) моделдің және тетікбөлшектің комплексті сызбасындағы (эскизіндегі) басты көрінісін, көріністердің тиімді санын таңдауды;
      3) қарапайым моделдің және тетікбөлшектің комплексті сызбасында керекті көріністерді, тіліктерді және қималарды салуды;
      4) қарапайым құрастыру бұйымның сызбасын оқу және тетікбөлшектерінің сызбасын орындауды;
      5) қарапайым құрылыс және топография сызбаларын оқуды;
      6) компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды;
      7) өмірде, тұрмыста және адамның кәсіптік жұмысында графиканы пайдалану мысалдарын келтіруді;
      8) шығармашылық мазмұны бар есептер шығарғанда алған білімдерін пайдалануды меңгеруі тиіс.
      29.Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, КҚБЖ стандарттарының талаптарын құрметтеуді;
      2) белсенді азаматтық ұстанымын, елінің игілігіне еңбек жасауға дайындығын көрсете білуді;
      3) салауатты өмір салтын ұстану, жұмыс орнын және жұмыс пен демалыс режимін тиімді ұйымдастыру дағдыларының қалыптасуын;
      4) адамдар арасындағы қатынастың биік мәдениетін таныту, этикалық нормаларды сақтау, оқытушыларды, өз жолдастарын қадірлеуді;
      5) тұлғаның шығармашылық потенциалын жетілдіруге әсер ететін белсенділікті және жағымды эмоционалды сезінушілік тәжірибесін көрсетуді;
      6) өздігінен білім алуға және жасампаз еңбекке дәлелділігі мен шығармашыл еңбектенуге қабілеттілігін айқындауы тиіс.
      30. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:
      1) сызбаны орындау және оқу барысында игерген білімдерін тәжірибелік іс-әрекеттің басқа түрлерінде;
      2) әр түрлі әдістермен алынған ақпаратты талдай, жөндей, жинақтай және пайдалануды;
      3) жобалау және құрастыру әдістерін шығармашылық есептер шығарғанда пайдалануды;
      4) қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды;
      5) курс шеңберінде дамыған байланыс қабілеттіліктеріне және көптілді мәдениеттілігіне иеленуді, техникалық терминологияны қолдануы тиіс.

Қазақстан Республикасы  


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына     
48-қосымша        

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына үшін
«Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.
      3. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.
      4. Оқыту мақсаты:
      1) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
      2) физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
      3) салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
      5. Оқыту міндеттері:
      1) денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
      2) дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
      3) дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
      4) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
      5) тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
      6. Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
      7. Мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі:
      1) дене шынықтыру сабақтары;
      2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары;
      3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;
      4) спорттық үйірмелерде шұғылдану;
      5) дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары) болып табылады.
      8. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, бағдарламада оқушыларды гендерлік қағида (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту қарастырылған. Оқу процесін ұйымдастыруда аталған жағдайды ескерген дұрыс.
      9. Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады:
      1) «Орыс тілі», «Қазақ тілі»: дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын терминдер бойынша сөз қорын толықтыру;
      2) «Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «бірқалыпты және бірқалыпты емес сырғу», «қуат» туралы түсініктерді оқу-жаттығу үдерісінде қолдану;
      3) «Алгебра», «Геометрия»: биіктік, ұзындық, жылдамдық, арақашықтық және уақытты өлшеу; ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіруді есептеу;
      4) «Биология»: адамның тірек-қимыл аппараты, қанайналым және тыныс алу жүйесі, бұлшықет жұмыстары мен қажудың пайда болуы туралы түсінік;
      - жүктеме кезіндегі жүректің қысқару жиілігі туралы;
      - шылым шегі мен алкогольдік ішімдіктер ішудің адам ағзасына тигізетін теріс әсері туралы материалдарды қолдану;
      5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыстың пайда болу тарихы;
      - қазақтың ұлттық спорт түрлерінің пайда болу тарихы;
      6) «География»: бағыт тұстарын білу, жергілікті жерлердегі түрлі белгілер және карта бойынша бағдар алу біліктілігі;
      7) «Музыка»: дене шынықтыру сабағында музыкалық әуендерді қолдану;
      - жаттығуларды спорттық құралдармен және құралдарсыз әуенмен орындау кезінде екпін, әуен және динамиканы кешенді қолдана білу біліктілігі;
      8) «Бейнелеу өнері», «Сызу»: дене жаттығулар көрсету үшін бейнелі суреттерді қолдану; адам денесін әсемдік тұрғысынан қарастыруды қалыптастыру;
      9) «Технология»: еңбексүйгіштікті және ұзақ мерзім жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу.
      10. Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-9 сыныптар – аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат).
      11. Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бөлімімен аяқталады, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі білім беру курсын аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.
      12. Бағдарламалық талаптар үш түрлі аспектімен бағаланады: пәндік, тұлғалық, жүйелік-әректтер нәтижелерімен.

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. Төмендегі бөлімнен тұрады:


      1) тақырыптық жоспар:
      1 кесте

Бағдарлама түрлері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3

4



Базалық

1. Жеңіл атлетика

5

-

-

5

10

2. Спорт ойындары

8




8

7

23

3. Гимнастика

-

12

-

-

12

4. Шаңғы дайындығы

-

-

8

-

8

5. Ұлттық ойындар

2

2

-

-

4

6. Жүзу

-







4

4

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

15

14

16

16

61

Вариативті

1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

3

-

4

-

7

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:

3

-

4




7

Оқу жылы бойынша сағаттар саны ()

18

14

20

16

68

      14. Білім негіздері:
      1) ежелгі Олимпиада ойындары туралы тарихи мәліметтер, дене тәрбиесі және адамды дене шынықтыру тұрғыдан мақсатты жетілдіру;
      2) жарақаттанудың алдын алу, денсаулықты нығайту;
      3) денсаулықты нығайтуға бағытталған түзету гимнастикасы;
      4) мектептегі дене шынықтыру сабақтарының гигиеналық маңызы және ұйымдастыру негіздері.
      15. Жеңіл атлетика:
      1) жоғары және төмен сөрелер, үдете жүгіру, 30 м және 60 м жылдам жүгіру, 10-12 мин бір қалыппен жүгіру. 1000 м (қыздар) және 2000 м (ұлдар) қашықтыққа жүгіру, уақыт есептеледі;
      2) 7-9 адыммен жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру;
      3) 7-9 адыммен жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру;
      4) шағын допты 10-15 м қашықтықтан нысанаға лақтыру, шағын допты алысқа лақтыру;
      5) жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, допты нысанаға лақтырудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.
      16. Спорт ойындары:
      1) баскетбол, ойыншының тұру қалпы, баскетболшының тұру қалпында аяқты аяққа тіркестіре оң (сол) қапталмен, арқамен және алға қозғалу, доппен және допсыз орындалатын бұрылулар, секіріп тоқтау, допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау, допты бір орында еденнен серпіп тұрып бағыт пен жылдамдықты өзгерте доппен қозғалу, бір орында тұрып допты лақтыру, баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар, қорытындылау ойыны;
      2) волейбол, ойыншының тұру қалпы, адымды тіркестіре, алдымен және арқасымен алға қозғалу, бір орында тұрып екі қолмен допты жоғарыдан беру, бір орында тұрып допты төменнен екі қолмен қабылдау, тордан 3-6 м қашықтыққа орналасып, допты төменнен ойынға қосу, қорытындылау ойыны;
      3) футбол, ойыншының тұру қалпы, адымды тіркестіре, алға және артқа, оң жақ және сол жақ бүйірмен қозғалу, бағытты және жылдамдықты өзгертіп жүгіру, бір орында тұрған және домалап бара жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және алқымның, үстердің орта бөлігімен соғу, допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату, тік бағытпен, бағытты және жылдамдықты өзгерте отырып доппен қозғалу, қақпашының ойыны, футбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар;
      4) қол добы (Гандбол): ойыншының тұру қалпы, адымды тіркестіре, алға және артқа, оң жақ және сол жақ қапталмен қозғалу, допты екі қолмен қағып алу, жүгіріп келе жатып допты беру, секіріп, допты бір қолмен сермей лақтыру, допты еденнен екі қолмен кезектестіре серпіп қозғалу, қақпашының ойыны, гандбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар.
      17. Ұлттық ойындар, тарту және итеріп шығару секілді әрекеттерден тұратын жекесайыс түрлері, «Кім жүйрік», «Балапандар», «Қаршығалар мен қарлығаштар».
      18. Гимнастика:
      1) саптық жаттығулар, қозғалыс кезінде орындалатын саптық жаттығулар, жүру түрлері: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтеріп, жартылай, толық отырып;
      2) ажырау және қосылу арқылы бір колоннадан екі колоннаға сап құру, қиғаштап, қарама-қарсы бағытпен және жыланша жүру;
      3) жалпы дамыту жаттығулары: саппен жүріп келе жатып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары, дұрыс мүсінді (дене бітімін) қалыптастыруға, тепе-теңдік пен назар салу сезімін дамытуға ықпал ететін жаттығулар, спорт құралдарымен және спорт құралдарынсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары;
      4) түзету гимнастикасының жаттығулар кешені.
      19. Акробатика:
      1) жүрелей отырған қалыптан алға және артқа аунау, жауырынға тұру, статикалық элементтерден құрылған жаттығулар («көпір», «шпагат», «қарлығаш»);
      2) акробатикалық элементтерден құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар, гимнастикалық кедергілерден өту;
      3) кермеде орындалатын жаттығулар (ұлдар): асылып тұрып бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріле аударылып түсу – таяну қалпын қабылдау; таяну қалпынан аяқты артқа сермеп, оңға бұрыла секіріп түсу (керме сол жақта), кермеде тартылу;
      4) түрлі биіктіктегі сырық (қыздар): төменгі сырықта орындалатын жаттығулар, асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріліп аударылып түсу – таяну қалпын қабылдау; таяну қалпынан сол аяқты артқа сермеп, оң аяқпен солға бұрыла секіріп түсу, төменгі сырықта тартылу;
      5) арқанға өрмелеу: үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м);
      6) тепе-теңдік жаттығулары: бөренемен жүру түрлері: аяқтың ұшымен (қол жанында), тізені биік көтеріп (қол белде), аяқты аяққа тіркестіре қозғалу (қол белде), аяқты айқастыра тоқтап, бір орында бұрылу, жылдам жүріп келіп ырғу және жұмсақ төсенішке түсу;
      7) гимнастикалық кіші аттан таянып секіру: жүгіріп келіп тізені бүгіп секіру (серіппе мен кіші аттың арақашықтығы 30-35 см; биіктігі қыздар үшін 100 см, ұлдар – 110 см);
      8) ырғақты гимнастика: жалпы дамыту жаттығуларын әуенмен орындау (8-10 кешенді жаттығу).
      20. Шаңғы дайындығы:
      1) алма-кезек екі адымды жүріс, бір мезгілді бір адымды жүріс, дөңге «шырша» тәсілімен көтерілу, шаңғышының төмен тұру қалпынан еңіске түсу;
      2) «Соқа» тәсілімен тежелу, аяқты көтере адымдап бұрылу, шаңғымен 2000 м қашықтықты жүріп өту.
      21. Дала жарысы, қар жоқ аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына жүргізіледі, жазық далада жүру және жүгіру, тауға қарай және таудан жүгіріп түсу, 1000 м жүгіру;
      1) қазақтың ұлттық ойындары: төменгі сыныпта сыныптарда үйретілген материалдарды қайталау, ұлттық-мәдени бағыттағы ойындар мен жаттығулар: «Тоғызқұмалақ» ойыны.
      22. Жүзу:
      1) етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзуді үйренуге арналған арнайы жаттығулар, шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіру, етпеттеп және шалқалап кроль жүзу тәсілімен қысқа қашықтықтарды жүзіп өту, тұғырдан (түмбеден) және суда орындалатын сөрелер (старт);
      2) суда өткізілетін ойындар және ойын түріндегі жаттығулар.
      23. 5-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері:
      2 кесте



Қорытынды жаттығулар

ұлдар

қыздар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1

60 м жүгіру (с)

10,0

10,6

11,2

10,4

10,8

11,4

2

2000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

3

Ұзындыққа секіру (см)

340

300

260

300

260

220

4

Биіктікке секіру, см

110

100

85

105

95

80

5

Доп лақтыру (150г), м

34

27

20

21

17

14

6

Биік кермеде тартылу (рет)

6

4

3

-

-

-

7

Асылып жатып аласа кермеде тартылу (рет)

-

-

-

15

10

8

8

Арқанға өрмелеу (м)

5

4

3

4

3

2

9

Шаңғымен 1 шқ жүгіру, (мин, с)

6,30

7,00

7,40

7,00

7,30

8,10

10

Шаңғымен 2 шқ жүгіру

уақыт есептелмейді

11

Жүзу (м)

25

12

12

25

12

10

12

Қарсыз аудандарда 1500м жүгіру (мин, с)

8,50

9,30

10,00

9,00

9,40

10,30

      24. 5-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
      3 кесте
      ұлдар

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

төмен

орташадан төмен

орташа

орташадан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,6

6,5

6,4 – 5,9

6,0 – 5,3

5,2 -4,9

4,8

Бір орыннан ұзындыққа секіру

153

132

133-142

143 – 163

164 – 173

174

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

366

259

260- 312

313 – 419

420 – 472

473,0

3х10 м қайталап жүгіру

9,3

10,0

9,9 – 9,7

9,6 – 9,0

8,9 – 8,7

8,6

Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен)

17,6

13,0

14,0–15,0

16,0-20,0

21,0 – 22,0

23,0

      25. 5-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
      4 кесте
      қыздар

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

төмен

орташадан төмен

орташа

орташадан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,8

6,5

6,4 – 6,2

5,9 – 5,3

5,2 -5,0

4,9

Бір орыннан ұзындыққа секіру

146,0

124

125 -135

136 – 156

157 – 167

168

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

325,0

212,0

213 - 271

272 – 386

387 – 440

441,0

3х10 м қайталап жүгіру

9,7

10,6

10,5 – 10,2

10,1 – 9,3

9,2 – 9,0

8,9

Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен)

16,0

11,5

12,0 – 13,5

14,0 - 18,0

18,5 – 20,0

23,5

жүктеу 12,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау