Бірінші балаларды қорғау Күні бізде «Бала-
лық шақтың бойтұмары» атты сауықтық бағдар-
лама көшеде өтті. Спорттық блок, барлық үй-
ірмелер жұмыс істеді. Мұның барлығы біздің
педагогтарымыздың күнделікті еңбегінің арқа-
сында мүмкін болып жатыр. Біз барлық жалпы
білім беру мектептерімен жұмыс істейміз.
Демек, Оқушылардың шығармашылық са-
райы Астананың барлық балаларын тартатын
орталық болғаны ғой?
– Ия. Бұған қоса, жазғы демалыс кезінде
Астанаға еліміздің аймақтарынан көптеген бала
келеді және олар міндетті түрде Оқушылардың
шығармашылық сарайын көріп кетеді.
ата-аналар үшін паркингтер мен бала-
лардың қауіпсіздігі де маңызды. сіздерде бұл
жағы қалай?
– Бізде екі үлкен де ыңғайлы паркинг бар.
Мұндай паркинг тіпті, министрліктерде де
жоқ (жымияды). Ғимараттың орналасқан жері
өте ыңғайлы – ата-аналар көліктің кез-келген
түрімен келе алады.
Балалардың қауіпсіздігіне үлкен көңіл
бөлеміз. Барлық жерге бейекамералар қойылған,
барлық қабатта күзет бар, әр бөлімде қауіпсіздік
қызметі жұмыс істейді. Бізде қауіпсіздік техни-
касы жөніндегі инженерлер бар, әр кабинетте қа-
уіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқама ілулі тұр.
Біз таңертеңнен кешке дейін тәртіпті қадағалай-
мыз, балалардың өмірі мен денсаулығына бар-
лығымыз – техникалық қызметкерлерден бастап
басшылыққа дейін жауап береміз.
арналған біздікіндей залдың көп болғанын қа-
лаймын. Мемлекет педагогтарды қамқорлығына
алса дұрыс болар еді. Олардың білгенін үйре-
туге ынталандырса, – дейді Тәңірберген Қайы-
ржанұлы. Ол өзінің жас кезінде Кеңестер одағы
тұсында барлық секциялардың, үйірмелер мен
спорт залдарының тегін болғанын еске салды.
Сөз соңында Әубәкіров «Компанияларыңыздың
құрылысшыларының балаларға пайдасы бар
осындай бірегей нысандарды көбірек салуын
шын жүректен тілеймін» деген тілегін жеткізді.
Біз педагогтарымыздың біліктілігіне үлкен
көңіл бөлеміз. Егер адам тек диплом иесі ғана
емес, сонымен қатар, оның үйірме ашып, жұмыс
істей алатынын көрсек, ондай мамандарды жұ-
мысқа қабылдап, еңбек пен шығармашылыққа
барлық жағдайды жасаймыз.
Жыл сайын барлық оқытушылар біліктілікті
арттыру курстарынан өтеді және 17 – 20 маман
өз категориясын арттырады. Педагогтарымызды
оқыту тек Алматы мен Астанада ғана жүргізіл-
мейді, шетелде де оқытылады. Мәселен, менің
өзім жақында ғана Парижде болдым, педагог-
тардың тағы бір тобы біліктілігін Болгарияда
арттырды. Біз әрдайым шетелдегі білім беру се-
минарлары мен курстарын қарап жүреміз және
педагогтарымызды білімін жетілдіруге, оқыту-
дың жаңа әдістемелерін үйреніп, келгеннен соң
енгізуі үшін (оқушылар Сарайы есебінен) сонда
жібереміз. Білім Басқармасының қолдауымен
бізде шетелдік, ресейлік және қазақстандық са-
рапшылардың қатысуымен халықаралық семи-
нарлар өтеді.
Балалардың ерекше ықыласпен келуінің бір
себебі бізде кәсіби білікті мамандардың жұмыс
істейтіндігінен де болса керек. Бұл балаларға,
ата-аналарға да ұнайды.
Автордан:
Оқушылардың шығармашылық сарайының
қабаттары мен залдарын аралағанда ол өне бой-
ына қан жүгіріп тұрған тірі организм іспетті әсер
қалдырады. Бір топ бала планетарийге асығып
барады, онда тек қызық қана емес сонымен қа-
тар танымыңды арттыруға болады. Құрылғылар
бейнені, дыбысты дәл береді, өзіңді ғарыштағы-
дай, судағыдай, ормандағыдай, салмақсыздық
жағдайындағыдай сезінуге мүмкіндік береді,
тіпті, алып акула шыныны «сындырып» жатқан-
дағы қорқынышты да сезінуге жағдай жасайды.
Балаларға планетарийге барған қатты ұнайды.
Екінші топ футболға, баскетболға жүгіріп бара-
ды, үшінші топ бассейнге сүңгуге әзірленуде,
төртіншілері татамиге шығуға дайындалуда,
бесіншілері қолына бояу алып астананың шу-
аққа шағылысқан нысандарының әдемілігін жет-
кізуге әзір … Шынын айтқанда, осынау ертегіге
бергісіз жерден кеткіміз келген жоқ. Бірақ, бұл -
үлкен мұзтаудың беті ғана. Барлығын қамту үшін
бір аптаның өзі аздық етеді. Сөз соңында баскет-
бол жаттықтырушысының «Осындай нысандар
көп болса» деген тілегін қайталағымыз келеді.
Барлық жағынан да бірегей
Оқушылардың шығармашылық сарайындағы
барлық үйірмелер мен секцияларды қамтып, бір
мақалада айтып шығу мүмкін емес. Сондықтан,
залдарды көктей өтіп біз директордың оқы-
ту-тәрбиелеу жұмыстары жөніндегі орынбаса-
ры Қымбат Мұқанқызы Іргебаеваның бөлмесі-
не беттедік. Шығармашылық Сарайы мен оған
келушілер жайында айтып беруін өтіндік.
қымбат Мұқанқызы, оқушылар сарай-
ында қанша үйірме жұмыс істейді?
– Бізде 116 үйірме жұмыс істейді, олардың
әрқайсысына балалардың бірнеше тобы мен пе-
дагогтар қатысады. Бюджеттік те, ақылы да негіз
қарастырылған. Көпбалалы және аз қамтылған
отбасы балалары, ерекше қажеттіліктері бар
балалар, мүмкіндігі шектеулі ата-аналардың
балалары (мүгедектер) тегін оқиды. Қалалық,
республикалық және халықаралық байқауларға
қатысып, жүлделі орын алған талантты балалар
да тегін білім алады.
Нанотехнология үйірмесі, биотехнология
орталығы жақсы жұмыс істейді. Бізде ғылым
докторлары сабақ береді. Жас ғарышкер мек-
тебі бар. Ол балаларға өте ұнайды. Онда ұлттық
ғарыш орталығының үш ғарышкері – Мәскеуде
ғарыш саласын зерттеген Мұсабаев, Әубәкіров,
Айымбетовтер дәріс оқиды. Бассейн мен спорт
блогынан өзге каратисшілерге арналған зал, үл-
кен теннис корты, жеңіл атлетикалық манеж бар.
Қазірдің өзінде кабинеттер жетіспейді.
Бізде «Жазғы демалыс Академиясы» жұмыс
істейді. Осы жобаның аясында бірінші маусым-
нан шілденің ортасына дейін «Балалық шақтың
қаласы» лагері жұмыс істейді. Сіз оларды таңер-
тең көрдіңіз – олар жаттығу жасап жатты, кейін
асханаға беттеді. Қазір мектеп жанындағы ла-
герьлерден 300 бала кірді, олар мұнда екі жарым
сағат болады. Біз оларға планетарийге экскурсия
ұйымдастырамыз, бірі хореографияға, вокалға,
енді бірі – керамика сабағына барады. Таңертең-
нен кешке дейін барлығы да бос жүрмейді.
Жаттықтырушы-оқытушы құрамы қандай?
– Бізде қосымша білім беретін 175 педагог
еңбек етеді, олардың арасында ғылым кандидат-
тары, ғылым докторлары, әлем, Азия, Еуропа
чемпиондары бар. Ресей мен Қазақстан Республи-
касының суретшілері одағының мүшелері де бар.
сіздерге балалар неше жастан бастап
келе алады?
– Біз оқушылар Сарайы болсақ та, ата-ана-
лардың өтінішімен балаларды 5 жастан қабыл-
даймыз. Олар мектепке дайындыққа, көркем
гимнастикаға барады, балет студиясында дәріс
алады. Бізде жаңа жобалар көп. Солардың бірі –
біздің Сарайымызда осыдан үш күн бұрын ғана
спорттық бал биінен өткен «Silk Way» (Жібек
Жолы) бүкіләлемдік фестивалі. Оған әлемнің
20 елінен балалар қатысы. Фестиваль Астана
қаласы әкімдігі мен білім Басқармасының қол-
дауымен өтті. Тағы бір жоба –«FIESTALONIA
– Қазақстан» фестивалін біз Испаниядағы әріп-
тестерімізбен бірлесіп өткіземіз.
Егер ғылым туралы айтатын болсақ – «Хи-
мик-зерттеуші» үйірмесі нәтижелі жұмыс істеп
келеді. Балаларымыздың тек қаланың деңгейінде
ғана емес, республика бойынша да көзге түскен
жаңа жобалары, ғылыми жұмыстары бар. Біз бұл
жұмыстарды ғылыми кеңеске жібердік.
олар қандай жұмыстарды ұсынды?
– Оқушыларымыз Қазақстанның шөптерінен
иіссу, сабын, қағаз жасап шығарды.
Енді ғылыми кеңестің шешімін күтіп отыр-
мыз.
қымбат Мұқанқызы, шығармашылық
сарайында бір мезетте қанша бала білім ала
алады?
– Күн сайын егер ешқандай шара өтпесе төрт
мыңға жуық (3 880) бала білім алады. Бұдан
бөлек бізде 300 орындық көпфункционалды зал,
400 орындық театр залы бар, жеңіл атлетикалық
манежге 500 бала сыяды.
(Соңы. Басы 7 бетте)
біздің жетістіктеріміз
9