Жаңа буынның спорт нысаны



жүктеу 2,75 Mb.
Pdf просмотр
бет8/20
Дата09.01.2020
өлшемі2,75 Mb.
#26086
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Валерий  Павлович  Смагиннің  еңбек  өтілі  жарты  ғасырға  жуық  (48  жыл).  Оның  мансабы  шапшаң  шарықтаулар 

мен күрт құлдыраулардан тұрады. Смагин құрылыс алаңында – бағыныштылардан қызметтік міндеттемелер мен 

тапсырмалардың  мүлтіксіз  орындалуын  талап  ететін  ымырасыз  кәсіби  басшы.  Үйде  Валерий  Павлович  жақсы 

жар және қамқор әке. Ол өз кәсібіңді сүймесң, құрылыста істеп керегі жоқ деп есептейді. Қазір Валерий Павлович 

Астанадағы  филиалдың  басқарушы  директоры,  ЕХРО-ның  халықаралық  тақырыптық  көрме  павильондарының 

құрылысын  басқарады.  Былтыр  Валерий  Павлович  Смагин  «Қазақстанның  құрметті  құрылысшысы»  атағына  ие 

болды. Құрылысшылар Күні қарсаңында BN-ге осындай бірегей адаммен тілдесу құрметі бұйырды. 

ЕгЕр МаМандығыңды сүйМЕсЕң, 

құрылыста ЖұМыс істЕп қаЖЕті Жоқ 

Мүмкіндіктер бірдей, нәтиже әртүрлі 

Валерий  павлович,  балалық  шағыңыз 

қалай өтті және неліктен құрылысшы маман-

дығын таңдадыңыз?

 

– Менің әкем құрылысшы, жүк тасушы бол-



ды,  ал,  анам  бүкіл  деревняның  киімдерін  тігіп 

беретін.  Өзім  Шамалған  стансасында  дүниеге 

келдім.  Ағам  еліміздің  Президентімен  бір  сы-

ныпта оқыған, кейін Ивановский мен Алексеевка 

селоларының арасында орналасқан Қызылтопы-

рақ ауылына көштік. 

Әулетімізде  алты  бала  болды,  жастайынан 

әрқайсысының қора тазалау, малға шөп салу, су 

әкелу секілді міндеті болатын. Қыста ағаш кесіп, 

пеш  жағатынбыз,  көктемде  бақшада  жер  қаза-

мыз,  картофель  егеміз,  жазда  шөп  орып,  малға 

азық  дайындайтынбыз.  Әке-шешеміз  кешкі 

9-дан 10-ға дейін серуендеп келуге рұқсат берсе 

ол үлкен сый болатын біз үшін. Каникул кезін-

де мектепке киетін киім алуға қажет ақша табу 

үшін  орман  отырғызуға  баратынбыз.  Көптеген 

отбасылары секілді бізде де екеуара бір киім бо-

латын – баланың бірі мектептен келгеннен кейін 

пимасы мен фуфайкасын шешетін, оларды келесі 

бала киіп екінші ауысымға оқуға кететін. Ата-а-

нам балалардың барлығы жоғары білім алса деп 

армандайтын. Білім тегін болатын. Егер студент 

жақсы  оқыса  оған  14  сом  стипендия  төлейтін. 

Мен сегіз сыныпты бітірдім де 15 жасымда жүк 

таситын поезбен Петропавлға барып (жолаушы-

лар  вагонына  билет  сатып  алуға  ақша  болма-

ды)  құрылыс  техникумына  түстім.  Оқудан  тыс 

күреспен  және  шаңғы  спортымен  айналыстым. 

Спортта  айтарлықтай  жетістіктерім  болды, 

әскерге дейін Қазақстанның жасөспірімдер құра-

масында болдым. 

Алты  баланың  барлығы 

да  жоғары  білім  алды.  Үл-

кен ағам мен әпкем спортқа 

кетті, ағам – Смагин Альберт 

Павлович – шаңғы бойынша 

ұлттық құраманың ҚР Еңбек 

сіңірген  жаттықтырушысы. 

Оның шәкірттері – Олимпи-

ада жүлдегерлері мен КСРО 

чемпиондары.  Мені  де  сол 

жаттықтырды.  Екі  әпкем 

мұғалім  болды  –  бірі  мате-

матик,  екіншісі  –  орыс  тілі 

мен  әдебиетінің  оқытушы-

сы.  Қарындасым  екеуміз  – 

құрылысшымыз. 

Еңбек  жолыңыз  қалай 

басталды? 

–  Техникумды  аяқтаған-

нан  соң  мені  әскер  қатары-

на  шағырды.  Онда  жүріп 

КАММ  (кіші  авиация  мамандары  мектебі) 

бітірдім  де  мобилизациялаудан  кейін  Степно-

горск қаласына келіп Ортамашқа жұмысқа тұр-

дым. Сол жылдары Ортамаш (КСРО орта машина 

жасау  министрлігі)  «мемлекет  ішіндегі  мемле-

кет»  еді  –  мұнда  жаңа  технологиялар,  ғылыми 

жобалау  институттары,  қуатты  өндірістік  бір-

лестіктер секілді алдыңғы қатарлының барлығы 

жинақталған еді. Ортамашқа тек үздіктерді ғана 

алатын,  біз  сонда  жұмыс  істейтінімізді  мақтан 

ететінбіз.  Бізге  тең  келер  ешкім  жоқ  деп  есеп-

тейтінбіз. Мұндағы жүйе қатаң, жартылай әске-

ри жағдайда еді. Алайда, кез-келген адам – өзін 

көрсете алатын. Барлығы адамның өзіне байла-

нысты болды. 

Жұмысты шеберліктен бастадым, кейін про-

раб,  участок  бастығы,  ҚМБ  бастығы  болдым, 

одан  кейін  мені  құрылыс  Басқармасы  бастығы-

ның  орынбасары  етіп  тағайындады.  Кеңестер 

Одағы құлағанға дейін осы қызметті атқардым. 

Облыстық  комитет  хатшысы  Целиноградтың 

құрылыс тресттерінің бастықтарын Степногорск 

қаласының  құрылысына  экскурсияға  жиі  әке-

летін.  Кешенді  құрылыс  пен  жаңа  технология-

лар  қазіргі  заманғы  қаланы  қатаң  академиялық 

стильде    салуымызға  мүмкіндік  берді.  Бүгінгі 

күні  инфрақұрылымды  қайта  қалпына  келтіру-

ге  қаражаттың  жоқтығынан  осы  стильден  айы-

рылып қалғанымыз өкінішті-ақ. Бізге тек шұжық 

пен май алуға ғана емес, құрылысты қалай салу-

ды үйрену үшін де келетін (Күледі). 

Валерий  павлович,  барлығы  құрылысқа 

бірдей мүмкіндіктермен келеді. алайда, біре-

улер мансап сатысымен жоғары көтеріледі де, 

енді  бірі  белгілі-бір  кезеңде  тоқтайды.  сіздің 

көзқарасыңыз бойынша, адамдардың жоғары 

нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін қоға-

ушы күш не? 

–  Барлығы  адам  жұмыс  істеп  жатқан  жүйе 

мен  жағдайға  және  оның  мінезіне  байланысты. 

Жұмыс істеу - бір бөлек, өз еңбегін көрсете алу 

-  бір  бөлек.  Адамның  Қалалық  комитет,  Облы-

стық  комитет  және  тағысын  тағылар  секілді 

мансап  жолымен  жүруге  итермелейтін  инсти-

туттармен  қандай  қарым-қатынас  орнатқаны  да 

маңызды  еді.  Менің  олармен  қарым-қатынасым 

жақсы  болмады,  себебі,  мен  оларды  өндіріске 

кедергі  келтіреді  деп  есептедім.  Мен  ресмилік-

ті ұнатпайтынмын, қызметім үлкен болғанымен 

көп жайларды қабылдамадым. Әрқашан бірінші 

орынға өндірісті қоятынмын, қалғандары кедергі 

келтіретін.  Қалалық  комитеттің  бірінші  хатшы-

сымен ерегісетінмін, сөзін тыңдап бітірмей кетіп 

қалатынмын, себебі, уақытым жоқ болатын. Бұл 

кімге ұнасын? 

Мен Ортамаштағы ең жас ҚМБ бастығы бол-

дым,  ҚМБ  Степногорск  қаласын  салып  жатты, 

5  000  жұмысшым  болды,  алайда,  35  жасымда 

мансабым төмендеді (мансап жолым 29 жасымда 

басталған – жеті жыл ішінде жыл сайын мансап 

сатысымен жоғарылап отырдым). Отыз бес жа-

сымда  мені  құрылыс  басқармасы  бастығы  қыз-

меті мен партия билетінен айырды. Бір жылдан 

кейін  партияға  қайта  қабылдандым  да  екі  жыл 

ішінде  прораб,  ЖМК  бастығынан  Қазақалтын 

комбинатының  құрылыс  жөніндегі  директоры-

ның орынбасарлығына дейін көтерілдім. 



Ешқашан салың суға кетпесін! 

кеңестер одағының ыдырауы сізге қалай 

әсер етті?

–  Одақтың  құлауымен  бірге  көптеген 

адамдардың мансабы да аяқталды. Алғашқылар-

дың  бірі  болып  ірі  акционерлік  қоғам  құрдым, 

ол кеніштерді салуға қатысты басты мердігерлік 

жұмыстарды атқарды, түсті металлургия Мини-

стрлігінде  фабрикаларды,  шахталарды  жаңғы-

ртты.  Барлығы  жақсы  жүріп  жатты,  жылдан 

жылға жұмыс көлемі артып жатты, акционерлер 

дивиденд алатын, бірақ, ақыры банкротттықпен 

аяқталды, себебі, барлығы бір-ақ түнде шетелдік 

басқаруға берілді, үшінші тараптың, яғни, менің 

Акционерлік  қоғамымның  мүддесі  ескерілген 

жоқ. Осылайша, бір түннің ішінде барлығы біре-

удікі  болып  шыға  келді.  Мойнымда  қарыздар 

ғана қалды.  

Құрылыспен  қатар  мен  көмір,  мрамор,  гра-

нитпен  айналыстым.  Таскөл  кенішінен  алына-

тын  мрамор  италия  желісінде  өңделетін.  Оны 

Қазақстанға  бірінші  рет  мен  алып  келген  едім. 

Кейін ол да бір сәтте біреуге бұйырды. Қарыздар 

12

BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015




жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау