Жаңа буынның спорт нысаны



жүктеу 2,75 Mb.
Pdf просмотр
бет9/20
Дата09.01.2020
өлшемі2,75 Mb.
#26086
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

мен бір вагон үйшікпен жаңа биография бастал-

ды – Қазақстанның жаңа астанасының құрылы-

сы күтіп тұрды.

«Базиске» қалай келдіңіз? қандай қызмет-

тен бастадыңыз?

– «Базисте» 2006 жылдан жұмыс істей баста-

дым.  Ойда-жоқта  кезінде  бірге  прораб  болып 

жұмыс  істеген  әріптесімді  кездестіріп  қалдым. 

«Базис»  туралы  содан  естідім,  менің  таңдауым 

да сол болды. 48 жылғы еңбектің 9 жылы – аса 

көп емес. «Базисте» жүріп салған алғашқы ны-

саным «Лукоил» болатын, кейін Канада елшілі-

гі,  «Изумрудный  кварталдың»  «Б»  блогы  –  сол 

кездегі Астанадағы ең биік ғимарат, әуежайдағы 

президенттік аңғар. Қазір ЕХРО-ның халықара-

лық  тақырыптық  көрме  павильондары  құрылы-

сы жөніндегі басқарушы директорымын. 

Бүгінде ол астанадағы ең жауапкершілік-

ті нысанның бірі болар?

–  Мерзімі  жөнінен  жауапкершілігі  жоғары. 

Егер құрылыстың технологиялық тізбегінде қан-

дай да бір мәселе шешілмеген болса құрылыста 

іркіліс пайда болады. Бір жыл құрылыс кезінде 

бізге тек ТК бөлімі бойынша атқарылған жұмы-

стар жөнінен сызбалар ғана берілді, қалғанының 

барлығы – әдемі суреттер, ал, уақыт болса өтіп 

жатыр.  Бар  мәселе  шетелдік  фирмалар  әзірлеп 

жатқан жобалық құжаттамада.

Мәселен, «Базистің» жобалаушылары Алек-

сандр  Якубовичтің  тікелей  қатысуымен  9  ай 

ішінде  оқушылар  Сарайын  жобалап,  салып 

шықты. Ал бұл ғимарат инженерлік жүйелердің 

бір  шаршы  метрге  шаққандағы  көлемі  жөнінен 

EXPO нысандарынан анағұрлым күрделі. 



Ендеше  біздің  жобалаушыларымыздың 

деңгейі шетелдік әріптестеріне қарағанда ай-

тарлықтай жоғары болғаны ғой? 

– Мәселе жобалау жүйесінде кімнің анағұр-

лым  білікті  болғандығында  емес,  мәселе  жоба-

лау жұмыстарын ұйымдастырудың қаншалықты 

дұрыс  жолға  қойылғандығында.  Біздің  жобала-

ушыларымыз анағұрлым әмбебап, қазіргі тілмен 

айтқанда бағдарламаны меңгеріп қана қоймаған, 

олардың  өз  көзқарастары  бар.  Батыстық  жоба-

лаушылардың тәжірибесі көп болуы да мүмкін, 

бірақ,  оларда  біздегілердікіндей  жан-жақты  қа-

рау жоқ. 

Мүмкін мәселе Батыстықтардың тар шең-

берлі мамандық иелері болуында шығар?

 

– Тар шеңберлі мамандар бізде де бар. Бірақ, 



біздің  жобалаушыларымыздың  өз  ойлары  бар. 

Жасы  менен  кішілерде  дәл  осылай  екендігінде 

дау  жоқ  (күледі).  Біздің  көнекөз  жобалаушыла-

рымыз да өз стандарттарынан ауытқысы келмей-

ді. Мұның ешқандай да пайдасы жоқ. 

астанада құрылысшы ретінде сізге ұнай-

тын қандай да бір ғимарат бар ма?

  

–  Жарты  ғасырға  жуық  уақыт  ішінде  көп-



теген  нысандар  салғаным  соншалық,  олардың 

қайсысының  ұнайтынын  айта  алмаймын.  Мен 

құрылыс процесінің өзін ұнатамын. Мен үшін ең 

бастысы – нысанды кейін сені мазаламайтындай 

етіп сапалы салып тапсыру. 

ал «Базис» салған нысандардан қайсысы 

ұнайды? 

– Біздегі нысандардың барлығы да әсем, аста-

на  өмірінің  айнасы.  Маған  барлығынан  бұрын 

«Триумф Астаны» тұрғын үй кешені ұнайды. Бұл 

ерекше  әсер  қалдыратын  ғимараттардың  бірі. 

Маған  Мәскеуді  еске  түсіреді  (бұл  менің  кеңес 

заманына  қатысты  ностальгиям  болса  керек). 

Қазір ғимаратты жан-жағынан жаңа ғимараттар 

жауып жатыр. Бұл – көрініске кедергі келтіреді. 

Маған  қалыпты  айшықты  қасбетті,  жер  бедері 

әдемі, аса биік емес – ең биігі 4 қабатты үйлер 

ұнайды. Мен Нью-Йоркқа барғанымда бетон мен 

шыныдан салынған ғимараттар еңсемді езіп тұр-

ды. Мұның несі жақсы?



Марапат уақытында келуі тиіс 

Валерий  павлович,  былтыр  «қазақстан-

ның құрметті құрылысшысы» атағын иелен-

діңіз. Бұл құрылысшы үшін ең жоғарғы шен 

бе?

– Бұрын құрылысшыларды «Қажырлы еңбе-

гі үшін» Ленин медалімен марапаттайтын. Мен 

бұл  медальді  Ортамашта  шебер  болып  жүрген-

де  алғанмын.  Біреулер  медалін  әлі  күнге  дей-

ін  сақтап  жүр.  Мен  үшін  оның  құны  болмады, 

себебі,  оны  ол  кезде  қап-қабымен  тарататын. 

Балама  бергенмін.  Ол  оны  жоғалтып  алыпты. 

Мені  бірнеше  мәрте  «Еңбек  сіңірген  құрылыс» 

марапатына ұсынды, құжаттарды Мәскеуге келі-

суге  аттандырады,  олар  кері  қайтатын.  Маған 

«Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағын 

берген кезде қатты қуана қойған жоқпын, себебі, 

мен бұл марапатты 20 жыл бұрын алуым керек 

болатын.  Мұндай  марапатты  кәсіби  өсіп,  да-

муға ынталануы үшін уақытында және орнымен 

жастарға беру қажет деп есептеймін. 

Бүгінгі  күні  сізді  еңбегіңізді  бағалайтын-

дай марапаттың қандай түрі қуанта алар еді?

 

– Бұл туралы ойланбаппын. Менің бар ойым 



құрылыс мерзімі, жұмыс көлемі, жауапкершілік 

жайында.  Сондықтан,  марапат  туралы  ойлауға 

уақыт жоқ. Мысалы, спортшы жүгіріп бара жа-

тып,  команданы  ұятқа  қалдыратынын  түсінді. 

Әрине,  ол  мұндай  сәтте  марапат  туралы  ойла-

майды. Оның бар ойы мәреге жету болады. Мен 

де солай. Құрылыста жұмыс бастан асып жатқан-

да марапат туралы қалай ойлайсың? Оның үсті-

не  жас  ұлғайған  сайын  құндылықтар  да  өзгере 

береді.  



Балаларға деген шексіз махаббат 

Валерий  павлович,  ал  сіз  үшін  қазір  не 

нәрсе құндылық саналады?

 

– Менің үлкен ұлым 44 жаста, қызым 39-да, 



кіші ұлым 12-де. Менің марапатым – солар. Әке 

ретінде оларды шексіз жақсы көремін. Олар мені 

жақсы көреді, құрметтейді, бәлкім қорқатын да 

шығар.  Үлкендері  отбасылы.  Кіші  ұл  сабақты 

үздік  оқиды,  спортшы.  Астанада  қоян-қолтық 

ұрыс  бойынша  жарыстарда  медальға  ие  болды. 

Мектебінде үздік шахматшы, жүзуден өтетін сай-

ыстарда  медальдармен  марапатталды,  ағылшын 

тілін үйренуде, бағдарлама жасауға машықтанып 

жатыр.  Ол  -  ақылды,  сұлу,  күшті.  Әке-шешем 

маған бере алмағанның барлығын соған сіңіргім 

келеді. Балам да сенімімді ақтап жатыр. Тек бе-

стік қана болсын деп одан талап етпесем де жыл 

сайын сыныбының үздігі атанады. Балаларым – 

менің қазынам. 

өзіңізді неше жастағыдай сезінесіз? 

–  Денсаулығым  сыр  бермей  жүрсе  кәрілікті 

сезіне бермеймін. Оның үстіне айналамдағылар-

дың барлығы жастар, жұмысым да жаңа.  

Құрылыс  алаңындағы  жұмысты  қалай  ұй-

ымдастырсаң, жұмыс та солай жүреді



Валерий павлович, біз кеңестер одағы тұ-

сында еңбек еткен, жасы елуден асқан дәрігер-

лер  мен  мұғалімдерге  сенім  артуға  дағдыла-

нып кеткенбіз. құрылыста да солай шығар? 

– Құрылысшы – бұл оңай мамандық емес. Ол 

адамнан білімнен басқа мамандығына деген сүй-

іспеншілік  пен  жауапкершілікті  де  талап  етеді. 

Егер адам өзінің мамандығын сүймесе, құрылы-

ста жұмыс істеп қажеті жоқ, себебі, бұл ұйымда-

стырушылық  қабілетті,  бүкіл  ақыл-ойды  қажет 

ететін үнемі өзгеріп отыратын процесс. 

Дәрігер,  мұғалім,  құрылысшы,  архитектор 

–  таңдаулы  мамандықтар  деп  есептеймін.  Мы-

салға, зауыттың стационарлы өндірісін алайық – 

шебер мен цех бастығы барлығы жолға қойылған, 

олардан ешқандай әрекетті талап ете бермейтін 

орынға  күн  сайын  келеді  де  отырады.  Ол  жер-

де  технологиялық  қайта  жарақтандыру  жоспар 

бойынша  жүргізіледі,  технологиялар  ауысады, 

осы процесстерге қатысу үшін жаңа білім талап 

етіледі. Тұлға мен адамның ұйымдастырушылық 

қабілеттері  маңызды  емес.  Ал  құрылыста    бар-

лығын адам өзі ұйымдастыруы керек. Алаңдағы 

жұмысты қалай ұйымдастырсаң, құрылыс та со-

лай жүретін болады. 

Мамандықты  нысанды  өткізгенде  ғана  сүй-

меу  керек,  құрылыс  процессі  жүріп  жатқанда 

сүю керек. Егер барлығы ойдағыдай жүріп тұр-

са, бұл ләззат сыйлады. Ендігі құрылыссыз өмір 

сүре  алмайтын  боласың  –  оянғанда  да,  ұйқыға 

кеткенде  жұмыс  жайын  ойлайсың.  Көңіл-күйің 

де соған байланысты – құрылыстағы күнің сәт-

ті  өтсе  –  көңіл-күйің  де  көтеріңкі,  егер  сәтсіз 

болса – көңіл-күйің болмайды. Шынын айтқан-

да,  құрылысшыларда  сәттілік  күн  сайын  бола 

бермейді. Құрылыс туралы ойдан бірден арылу 

– жұмыс пен жеке өміріңді бөлек айырып қарау 

– мүмкін емес. Егер барлығын үйге кіре берісте 

тастап кететін болсаң – онда сен құрылысшы да, 

басшы да емессің. 

сонда  сіз  үшін  құрылысшы  мамандық 

емес, өмір салты болғаны ғой? 

– Ия. Бұл менің өмір салтым.  



сіз өте мейірімді және адал адамсыз. Жұ-

мыста да сондай шығарсыз? 

–  Мен  үйде  балаларыма  мейірімдімін. 

Құрылыстың  табалдырығын  қалай  аттаймын  – 

өзгеремін. Нысанға келгенде барлығынан өзінің 

бүкіл  міндеттерін  барынша  орындауын  талап 

етесің. Бірақ мен ешкімді материалды түрде жа-

заламаймын және ешкімге кек сақтамаймын. 

Бұл сөз жоқ мейірімділік!

–  Білмеймін.  Балаларды  немесе  қарттарды 

ренжіткенді  суқаным  сүймейді.  Ал  егер  өндірі-

сте жас босбелбеулер әлденені орындамай жат-

са, ашығын айтқанда, тұмсығынан пергім келіп 

кетеді. Жұмысқа немқұрайлы қарауға төзбеймін. 

Барлығы  тап  бір  өмірлеріндегі  алғашқы  және 

соңғы нысан секілді бір деммен жұмыс істеу ке-

рек деп есептеймін. 

Валерий Павлович, құрылысшылар Күні қар-

саңында  осы  салаға  жаңа  ғана  келіп,  алғашқы 

қадамдарын енді ғана жасап жатқан жастарға не 

айтар едіңіз?

–  Осы  мамандықты  таңдап  алғандарын 

мақтан тұтсын! Құрылысшылардың барлығы да 

фанат бола алмайды. Адам әр түрлі, кез-келгені 

басшы бола бермейді, екінің бірі супер-құрылыс-

шы  бола  алмайды,  бірақ,  жауапкершілік  пен 

адалдық  болмаса  құрылыстан  аулақ  жүрген  аб-

зал. Мен бұған сенімдімін. Өз жұмыстарыңызды 

жақсы көріңіздер! 

13

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ  




жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау