алғашқы жарысты өткізбек. Жоспар бойынша,
әкімшілік блок пайдалануға күзде беріледі, ал,
қыста егер қала жылумен және электр қуатымен
қамтамасыз етсе мұз айдыны іске қосылады.
Барлық «темір тұлпарға» орын табылады
Автоәуесқойларға Мұзды аренаның ұнай-
тыны анық. Себебі, бірегей ғимаратта қызмет
ететін қызметкерлерге де, спорт нысанына кел-
ген әрбір қонаққа да автортұрақтан орын табы-
лады.
– Мұзды аренаның А блогында қызмет көр-
сететіндер үшін 112-ден астам жерасты тұрағы,
Б блогы бойынша 55 шамасында орын болады.
Негізгі асфальтталған ашық тұрақ нысанның ба-
тыс жағында орналасады және аумағы төрт гек-
тар болады – дейді өндіріс жөніндегі атқарушы
директордың орынбасары Сергей Чакалов.
Мұзды арена ірі халықаралық шаралар өт-
кізуге және он екі мың адамға шақталғандықтан
автокөлік қоятын орынның ыңғайлы болуы
үлкен маңызға ие. Сондықтан, Чакаловтың ай-
туынша, Мұзды аренаға өз көлігімен келген әр-
бір адам ешқандай қиындықсыз тұрақтан орын
таба алады.
Жаңа жұмыс орындары пайда болады
Нысан тек техникалық тұрғыдан ғана жан-
жақты ойластырылмаған. Ғимараттың әр шар-
шы метрі белгілі бір қызметті атқаратын бо-
лады. Мұзды аренаның жертөлесінде барлық
техникалық жайлар шоғырланған. Мұнда мұз
алаңын салқындатуға арналған қондырғы ора-
тылған арнайы зал бар, көптеген вентиляци-
ялық камералар, ағымдық қондырғылар, насос,
жылу пункттері мен тұрмыстық техникалық
жайлар қарастырылған. В блогында кір жуатын
орын мен тағы басқалар жұмыс істейтін бола-
ды. Спорт кешенінің құрылысы көптеген жаңа
жұмыс орындарының пайда болуына ықпал
етеді. Бұл өз кезе-
гінде азаматтардың
экономикалық әл-а-
уқатының артуына
септігін тигізбек.
Бұл нысан Ала-
тау ауданының да,
қаланың да да-
муына жаңа серпін
бермек.
Көптеген
отбасы балаларын
осында
әкелетін
болады. Олар дене
ш ы н ы қ т ы р у - с а -
уықтыру кешеніне
келіп, күрес, бокс
үйірмелеріне қаты-
са алады. Балалар
үшін бұл спортпен
айналысудың кере-
мет мүмкіндігі бол-
мақ. Осынау біре-
гей спорт кешенінің
арқасында келешекте Қазақстанда ҚХЛ деңгей-
індегі өз хоккей командасы өсіп шығуы да әбден
мүмкін.
Мұзды арена Алматының (кезіндегі Медеу
мұз айдыны секілді) көрікті орындарының бірі-
не айналмақ. Ол қаламызды тағы бір жаңа дең-
гейге көтермек. Ал, «Универсиада 2017» Мұзды
аренада өтетін бірінші ауқымды шара болмақ.
Бұл өз кезегінде оны тек Қазақстанда ғана емес,
сонымен бірге, шет мемлекеттерде де танымал
етпек.
Спорт кешенінде екі бассейн – бабаларға ар-
налған 10 метрлік және ересектерге арналған 25
метрлік бассейн болады.
Шаралар кезінде ғимаратта бірнеше мей-
рамхана мен дәмхана жұмыс істейтін болады.
Олар күнделікті жұмыс істеуі де мүмкін. Бұл -
ғимаратты пайдаланушы мекеменің шешіміне
байланысты. Ғимаратта дәмхана да, кеңсе де
жасауға мүмкіндік бар.
Мадоннаны да, Элтон Джонды да күте
аламыз
Құрылыс әлемдік стандарттар мен талап-
тарға сай салынуда. Мұзды арена әлем Чемпи-
онаты мен Олимпиада ойындары деңгейіне сай
келетін жаңа техникамен жарақталады. Нысан
аумағы үлкен болғандықтан мұнда жоғары дең-
гейлі спорт жарыстарын ғана емес, сонымен
қатар, танымал әншілердің концерттерін де
өткізуге болады. Себебі, бірегей спорт нысаны
қауіпсіздік жүйесімен қатар қазіргі заманғы
технологиялық концерттік құрылғылармен жаб-
дықталған.
– Мадонна, Элтон Джон және басқа да
әлемдік деңгейдегі жұлдыздар барлық табы-
нушыларын сыйдыра алатындай үлкен концерт
залы болмағандықтан Алматыға келуді қала-
майтын. Арнайы заманауи концерттік құрылғы
орнатылған Мұзды арена салынып біткеннен
кейін Алматыға әлемдік ауқымдағы барлық
жұлдыздардың келуіне болады – дейді Констан-
тин Козлов.
Айтпақшы, «Базис» компаниясы қазірдің
өзінде жоғары деңгейдегі қондырғыларды жет-
кізуші мекемелермен алдын ала уағдаласып,
алғашқы келісім-шарттарды да бекітті. Мұзды
аренада «JBL Professional», «Meyer Sound» және
басқа да белгілі әлемдік брендтердің өнімдері
қойылады. Қазірдің өзінде нысанды инженерлік
желілермен жарақтауда. Көптеген санитарлық
торап, душ бөлмелері, гардеробтар және басқа
да қосалқы жайлар болады. Сантехникалар,
электр қондырғылары, интернет, телефон , тех-
нологиялық қондырғыларды орнату ісімен ком-
паниямыздың мамандары айналысатын болады.
Авторлық дизайн және тартымды
интерьерлер
Монолиттік жұмыстар бойынша бригада-
лардың орнына әрлеушілер бригадалары келу-
де. Нысанның көптеген келушілердің алдында
қандай кейіпте болатындығы дәл осыларға бай-
ланысты.
– Қазір біз гипсокартон және бояу жұмыста-
рын жүргізіп жатырмыз. Қабырғаларды сыла-
удамыз, бағаналарды, төбені, аралықтарды тү-
зетудеміз. Бірінші қабатта 13 200 шаршы метр
гипсокартон аралық болады. Еденді цемент
және құммен тұтастаудамыз. Оның аумағы 9
000 шаршы метр болмақ. Жарты жыл ішінде үл-
кен жұмыс атқарылды. Тамыз айында В блогын
толығымен аяқтаймыз, Б блогын қазан айында
аяқтауға тиіспіз, А блогын – келесі жылдың ма-
усым айында бітіреміз – дейді ҚМБ-2 әрлеу уча-
стогының бастығы Жанарбек Әлменбаев.
Келушілер мен спортшылар авторлық ди-
зайны бар, мінсіз қабырға, төбе мен едені бар
кең ғимараттың куәсі болмақ.
– Мұзды арена дизайнерлік тұрғыда безен-
діріледі. Мұнда қиыстырылған қабырғалар бо-
лады. Қайсыбірін гранитпен қаптаймыз, енді
біріне тұсқағаз жапсырамыз, келесісіне деко-
ративті сылақ жүргіземіз. Қабырға да, еден де,
төбе де қиысатын болады. Негізінен бұл дизай-
нерлік шешімдері мен қызықты жарықтанды-
руы бар аспалы төбе болады – дейді Жанарбек
Әлменбаев.
Айтпақшы, Мұзды аренадағы барлық әрлеу
жұмыстары ҚМБ әрлеу жұмыстары жөніндегі
директоры Анна Денисовна Жүсіпованың жіті
бақылауымен жүргізіліп жатыр. Оның бригада-
лары қазір Б және В блоктарында дизайнерлік
шешімдерін іске асыруда. Оларды биыл жазда
пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Келісім шарт бойынша нысанды 2016 жыл-
дың қазан айында пайдалануға беру жоспар-
ланып отыр. Алайда, жаңа нысанды тексеріп,
сынақ жарысын өткізуі тиіс «Универсиада 2017»
өткізу жөніндегі Дирекцияның өтініші бой-
ынша келесі жылдың жазының соңына таман
компаниямыз үлкен мұз аренасын іске қосып,
(Соңы. Басы 18 бетте)
20
BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015