3.20-сурет – Полиэтилен және полиэтилен регенераторынан дайындалған бұйымды термиялық престеу әдісі
Ұсынылған әдістің жаңалығы қыздыру кезінде балқу температурасынан аспайтын температураға дейін қыздыру кезінде қордағы төмен қысымды полиэтиленді (ТҚПЭ) жылудың артық көлемін пайдалану кезінде желімдеуші компонент ретінде жоғары қысымды полиэтиленді (ЖҚПЭ) қолданудан тұрады [71].
3.19-суретте компоненттердің біріне желімделген жылудың артық көлемі болған кездегі пресстеу процесінде бұйымды желімдеу жолымен алынатын блок-сызба берілген.
3.20-суретте аталған әдіспен, бірақ компоненттердің температуралық сипаттамаларынан нашар емес, температуралық сипаттамаға ие толықтырғыштың жоғары температуралы компоненті болған кезде бұйымда алу үшін қондырғының блок-сызба берілген.
3.19-суреттегі қондырғы ұсақ ұнтақты немесе ұсақ жоңқалы төмен қысымды полиэтиленді (ТҚПЭ) шанаптан 1, жоғары қысымды полиэтиленді (ЖҚПЭ) шанаптан 2 тұрады. Бұйым үшін сандық, сонымен қатар жүргізілетін процесті жүзеге асыру үшін арасалмақты ұстап тұруға мүмкіндік беретін екі сыйымдылықты синхронды мөлшерлегішке 3 ие. Полиэтилен үлесін балқу температурасына жақын температураға дейін қыздыратын қыздырғыштарға 4 және 5 ие. Қыздырудан кейін полиэтилен компоненттері қыздырылған пресс-формаға 6 төгіледі, оның ішкі бетінің температурасы жоғары қысымды полиэтиленнің (ЖҚПЭ) балқу температурасынан аспайды. Пресс-формаға төккен кезде полиэтилен еркін ағында тегіс араластырылады.
3.20-суреттегі қондырғы толықтырғышы бар шанаптан 7 тұрады. Одан өзге, шанап мөлшерлегіштен 8 тұрады, мұнда төмен балқитын компоненттің қажетті үлесі өлшеніп алынады.
Бұйым келесі жолмен алынады: компоненттер шанаптан 1 және 2 (3.20-сурет) екі сыйымдылықты мөлшерлегішке 3 беріледі, мұнда үлестер төмен қысымды полиэтиленнің термоаккумулирлеуші қасиеті есебінен жоғары қысымды полиэтиленді балқытуға қажет төмен және жоғары қысымды полиэтилендер көлемінің арасалмағында бұйым алу үшін қажет көлемде өлшенеді. Әрбір компонент мөлшерлегіштен 3 өзінің қыздырғыштарына 4 және 5 беріледі, мұнда оның балқу температурасынан аспайтын температураға дейін қыздырылады. Қыздырғыштан 4 және 5 компоненттер қыздырылған пресс-формаға 6 төгіледі. Одан соң пресс-форма 6 салқындатылады және дайын өнім алынады.
Осылайша толықтырғыштың болуы кезінде операциялар кезеңі жүзеге асырылады, мөлшерлегіште 3 тиісті көлем өлшенген соң ғана жоғары балқитын полиэтилен мен толықтырғыш араластырылады және бірлесіп қыздырылады.
Зертханалық зерттеулер нәтижесі, регенерацияланған полиэтиленді (жалпы қалалық қоқыста полиэтиленнен жасалған бұйым қалдықтары) үлкен механикалық жүктемелерге (температуралық режим мен қысым кезінде түсірілетін күш және т.т.) ұшырамаған қайталама бұйымдарды алу кезінде пайдалануға болады. Аталған әдісті кеңінен енгізу қайталама шикізатты өздігінен қамтамасыз ету есебінен шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды (қоқысты) сұрыптау мен өңдеу кезінде қамтамасыз етіледі және ірі техникалық-экономикалық әсер береді. И, Е, К, В, М маркалы материалдарды қолдану жолымен тозған металл құбырларын жабу кезінде жаңа материалдарды пайдалану.
Экструзия әдісімен пластикалық полимерді төсей отырып полимер жабынын түсірудің әдісі және бұрамдық ішінде қуыс орталық каналы бар бұрамдықты экструдерді жабуды осындай әдіспен түсіру құрылғысы белгілі (Э. Фишер «Экструзия пластичных масс», М, «Химия», 1970, 201-208-б. қараңыз).
Аталған әдістің кемшілігі материалдың көтеріңкі шығыны, бұрамдық ішінде қуыс орталық каналы бар бұрамдықты экструдердің қажеттілігі болып табылады.
Сақиналы мундштук арқылы экструдирленетін, орталық тесігі арқылы құбырды немесе сымды өткізетін 5-50% жоғары молекулярлы олефин ерітіндісі (полиэтилен немесе полипропилен) арқылы құбыр немесе сымға полимерлі жабынды түсіру әдісі белгілі (ЕПВ(ЕР) В29С47/02, №281209, 1988 өтінімін қараңыз). Экструзиядан кейін экструдерден ерітіндінің қалдықтары жойылады. Әдістің кемшілігі олефинмен еритін ерітіндінің болуы және оның жабудан кейін жойылу қажеттілігі болып табылады.
Болат құбырларды пластикпен жабу қондырғысы белгілі (Жапония (JP) В29С63/18.47/02 қараңыз). Қондырғы цилиндрлік экструдионды бастиектен тұрады, оның орталық тесігі арқылы құбыр өткізіледі, экструдирленген бастиектен шығар жерде бірден эластикалық шығыршық балқыған біліктің етегін қысады, пластиктің беті салқындатылады.
Қондырғының кемшілігі экструдирленген басиектен шығар жерде құбырдың жоғарғы бөлігінде балқытылған біліктің болуы болып табылады.
Өнертабыстың мақсаты металл құбырларын термопластикпен қаптамалау әдісі және оны жүзеге асыру құрылғысы.
Алға қойылған мақсатқа, алдымен металл құбырдың сыртқы беткі қабатын қолданылатын термопластиктің балқу температурасынан біршама жоғары температураға дейін жоғары жиілікті токпен қыздырумен, одан кейін құбырды ұнтақ тәрізді термопластик қабаты арқылы тасымалдаумен қол жеткізіледі, мұнда қыздырылған бетке термопластиктің бөлшектері жабыстырылады, құбырдан шығар жерде ұнтақ қабатындағы жабысқан бөлшектер сыртқы жағынан инфрақызыл сәуле жылуымен немесе жоғары жиілікті электр тогымен балқытуға ұшыратылады. Қыздырғыштан шығар жерде балқытылған термопластикасы бар құбырдың беті тасымалданатын құбырды қамтитын цилиндірлік бастиекте айналатын болып орнатылған адгезияға қарсы жабынмен қапталады [70].
3.21-сурет – Металл құбырларды термопластикпен сыртқы қаптау әдісі және оны жүзеге асыру қондырғысы
Достарыңызбен бөлісу: |