Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов



жүктеу 12,46 Mb.
бет34/40
Дата05.03.2018
өлшемі12,46 Mb.
#11306
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
3.22-сурет – Металл құбырларды термопластикпен сыртқы қаптау және оны жүзеге асыру қондырғысы
3.21-суретте әдісті жүзеге асырудың кезеңділігі және оны жүзеге асыру қондырғысы элементерінің жағдайы берілген, мұндағы балқу элементі инфрақызыл сәулелегіш, 3.22-суретте жоғары сапалы электр өрісінің балқитын элемент-конденсаторы болған кезде әдісті жүзеге асырудың сол кезеңділігі мен қондырғы элементтерінің жағдайы көрсетілген.

Термопластикалық материалдан жасалған пленкамен металл құбырларды 1 сыртқы қаптамалау әдісін жүзеге асыруға арналған қондырғы кіріс тасымалдайтын және шығыршықтың орталықтандырушы жағдайынан (көрсетілмеген), жоғары жиілікті тербеліс генераторынан қоректендірілетін (көрсетілмеген) салқындататын индуктордан 2, шанаптың көлік тесіктерін жабатын диафрагмаларды 4,5 реттейтін термопластиктен (еркін жатқан немесе жалған сұйытылған) алынған ұнтағы бар шанаптан 3, қыздырғыштан 6 және қаптамалайтын қондырғыдан 7 тұрады, ол еркін айналатын, серпімді бекітпелердегі (көрсетілмеген), қолданылатын термопластик материалы немесе осындай жабынға ие адгезияға қарсы шығыршықтан 8 (тікелей цилиндрлік немесе конустық немесе бүйір бетін түзетін доға тәрізді) тұрады. Пластифицирленген беті (термопластикалық пленкамен қаптамаланған) салқындатқышта (көрсетілмеген) салқындатылады, ал шығыс тасымалдайтын шығыршықтар (көрсетілмеген) дайын бұйымды жойып, келесі құбырлар үшін жұмыс кеңістігін босатады.

Қондырғы келесі түрде жұмыс атқарады. Құбыр 1 алдын ала тотықтар мен кірден тазартылып дайындалып, фосфотталып тасымалданатын және орталықтандырылатын шығыршықтармен (көрсетілмеген) тесік арқылы қолданылатын термопластиктің ұнтағы бөлшектерін ішінара қалдыру мен жабыстыруға жеткілікті температураға дейін құбырдың сыртқы бетін қыздыратын индукторға 2 беріледі.

Одан кейін қыздырылған құбыр ұнтақ тәрізді термопластиктен тұратын тесік арқылы шанап 3 қабырғасына жеткізіледі және шанаптың қарама-қарсы қабырғасындағы тесік арқылы шығарылады. Кіріс және шығыс шанаптың тесіктері берілген диаметр құбырына реттелген ашылатын диаграммалармен 4, 5 автоматты түрде жабылады. Шанаптағы 3 ұнтақ тәрізді термопластика балқып, құбырдың бетіне жабысады, ол өзінің қозғалысымен шанаптың 3 шығыс тесігі арқылы шекаралас қабаттағы ұнтақтың бөлігін тартады. Ұнтақтың осы бөлігі төменге қарай жинайтын сыйымдылыққа немесе көлік науасына (көрсетілмеген) төгіледі және одан әрі пайдалану үшін шанапқа қайтарылады.

Термопластиктің бөлшектері жабысқан құбыр рефлекторы бар жылу қыздырғыш немесе цилиндрлік жоғары жиілікті конденсатор 6 арқылы қозғалады, мұндағы инфрақызыл сәуле немесе жоғары жиілікті электр өрісі термопластиктің жабысқан бөлшектерін ішінара балқыта отырып пластикалық күйге дейін қыздырады. Қыздырылған және ішінара балқытылған термопластик қыздырғышқа шығар жерде, цилиндрлік қаптамалайтын құрылғыда 7 қатты бекітілген еркін айналатын шығыршықтармен 8 құбыр бетіне дөңгелетіп кіргізіледі.

Құбырдағы бұрау сәтін жою үшін қаптамалайтын құрылғының құбыры бір-бірінен кейін орналасқан және құбырдың бетін өзара қарсы қаптамалайтын екеу болуы мүмкін.

Пластификацияланған құбыр салқындатқышпен (көрсетілмеген) салқындатылады және келесі құбыр үшін орын босата отырып дайын бұйымды алып тастайды.

Алдын ала талдау тек Қарағанды облысы бойынша полиэтилен қалдықтарының жыл сайынғы көлемінің жылына 1,5 т. жоғары болып келетінін көрсетті.

Металдан жасалған тозған құбырларды маркалы (Д1, В, В1, И1) материалдармен ішкі жабу кезінде жаңа материалдарды пайдалану.

Инновациялық технология өлшегіш ұзындықтағы металл құбырдың ішкі бетіне пластмассадан жабын түсіру әдісіне жатады.

Ұсақ түйіршіктелген полимерден тұратын термопластикалық шайыр қоспасынан бұйым дайындау әдісі белгілі (Жапония (JP), №52-32656 өтінім, В29 С11/00, В29 F3/00, Сумимото К.К. қараңыз), мұндағы аталған қоспадан жасалатын бұйымды термопластикалық шайырды жұмсарту температурасы мен оның аққыштығы температурасы арасында температуралық өңдеуге ұшыратады.

Түйіршіктерді пайдалана отырып, бұйымды іске асыру процесінде түзілетін біртекті зат түзбейтін термолпластикалық шайыр түріндегі байланыстырушы элементтің болуы кемшілігі болып табылады (3.23, 3.24).

Құбыржол бұйымдарын дайындау әдісі белгілі (Германии (ДЕ), №3326387 өтінім, В29 С65/64, 47/20 қараңыз), мұнда экструдермен алдын ала ұнтақ немесе түйіршіктен стренга алады және қалдық механикалық кернеумен формалайды. Алынған бұйымды металл құбырға қойып, үрмелейді және қыздырады. Қалдық кернеуді алу арқылы қыздыру әрекетімен пластмасса құбыр металл құбырға престеледі.

Пластикалық материалдан жасалған қолданылатын дайындаманы алдын ала дайындау мен процестің екі сатылығы кемшілігі болып табылады, мұндағы пластикалық материал екі рет қыздыруға ұшыратылады.



Өнертабыстың мақсаты құбыр бойынша тасымалданатын затпен жанасқаннан пластмасса жабынының қабатын оқшаулау салдарынан металл құбырдың тоттанушылық төзімділігін арттыру болып табылады.


жүктеу 12,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау