Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 19
Premier Support қызметтерімен байланысты жеткізілетін материалдарды (мыс., қолдау
көрсету мүмкіндігіне шолулар, жұмыс жағдайы тексерістері, жұмыс орындары,
семинарлар, қатерлерді бағалау бағдарламалары және т.б.) пайдалану бойынша
ұсыныстарды алдын ала құжатқа тіркеп отыру.
қолдану және жұмыс әрекеттеріңізді Microsoft технологияларының жоспарланған және
ағымдағы қолданысқа енгізілуімен бірізді етуге көмектесу.
қолдау қызметкерлеріңіздің техникалық және жұмыстық дағдыларын жақсарту.
Тағайындалған Microsoft технологиялары үшін ортаңыздың теңшелімі, апатты жағдайда
қалпына келтіру, желі топологиясы және т.б. үшін қолдау көрсету мақсатында
тұтынушыға арналған құжаттаманы жасауда және жүргізуде қолдау және көмектесу.
3.4.3 Арнайы қолдау
Арнайы қолдау: арнайы қолдау Microsoft қолдау көрсету туралы саясатында,
http://support.microsoft.com/lifecycle
, анықталғандай қолдану мерзімі аяқталған таңдаулы өнімдер
мен қызмет бумаларына шектеулі, үздіксіз қолдау ұсынады. Арнайы қолдауы сатып алынған өнімдер
(мен нұсқалары) және/немесе қызмет бумалары Жұмысқа тапсырысыңызда көрсетіледі.
Арнайы қолдау бағдарламасына төленетін ақылар сіз Арнайы қолдау алғаш қолжетімді болған күні
тіркелгендей есептеледі (мыс., Windows Server 2003 SP2 үшін Арнайы қолдау 2015 жылғы 15 шілдеде
қолжетімді болған болса, бірақ 2015 жылғы 13 қазанға дейін тіркелмесеңіз, бағдарламаңыз үшін ақы
2015 жылғы 15 шілдеден бастап есептеледі). Арнайы қолдауға тіркелу ақылары қайтарылмайды
және оны Стандартты арнайы қолдау және Маңызды арнайы қолдау бағдарламалары арасында
тасымалдау мүмкін емес.
Қызметтерге тән алғы шарттар мен шектеулер:
Сізде Арнайы қолдау қызметтеріне немесе жылдам түзетуге тапсырыстар бойынша
қолдау көрсету үшін жеткілікті Проблемаларды шешу бойынша қолдау сағаттары
бар қолданыстағы Premier санатты келісім болуы керек. Егер Premier Support санатты
келісіміңіздің мерзімі бітсе немесе күші тоқтатылса, Арнайы қолдау қызметінің күші де
сол күні тоқтатылады.
Арнайы қолдау алмас бұрын, Жұмысқа тапсырысыңыздағы тізімде берілген тіркелген
өнімдердің ең жаңа қызмет бумасын орнатып, пайдалануыңыз керек.
Тізімделген өнімге (өнімдерге) арналған реттелетін қолдау көрсетуге қатысу және
қауіпсіздік бюллетеньдері мен жаңартуларына кіру мақсатында құрылғы/дана санынан,
тоқсан сайынғы орналастыру кезеңдерінен және көшіруді аяқтау күнінен тұратын толық
көшіру жоспарын қамтамасыз ету қажет. Осы көшіру жоспарын қамтамасыз етпеуі
реттелетін қолдау көрсету жеткізілімдеріне кіру мүмкінсіздігіне әкелуі мүмкін.
Арнайы қолдау мағынасының аясында, «құрылғы» дегеніміз — тұтынушы нақты бір
өнімнің қауіпсіздік жаңартуын қолданғысы келетін кез келген физикалық немесе виртуал
құрал-жабдық. Құрылғылар саны физикалық құрылғылар санына емес, қауіпсіздік
жаңартуы немесе жылдам түзету қолданылатын мәртелер санына тең болуға тиіс.
Жалпы құрылғы/дана санына қолдау орны қосылған болса, жұмыс тапсырмада
белгіленген қолдау орнында арнайы қолдау жеткізілімі қолжетімді болады.
Жазбаша түрде басқаша келісілмесе, Арнайы қолдау тіркелген өнімдердің ағылшын
тіліндегі нұсқасын ғана қамтиды. Егер екі тарап та ағылшыншадан басқа тілдегі қолдауға
Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 20
келіссе, қолдау көрсету мерзімдері аударуға мүмкіндік беру үшін ұзартылуы мүмкін (бұл
үшін локализация ақысы алынуы мүмкін).
Тіркелу ақысына кіретін қауіпсіздік жаңартулары сатып алынған Арнайы қолдау түріне
және тіркелген өнімге қарай төмендегідей анықталады:
o
Стандартты арнайы қолдау: Қолдау көрсету мерзімдері 2010 жылғы 1 қаңтарға
дейін бітетін өнімдерге қолдау көрсетеді, Microsoft корпорациясының
қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы (MSRC) «Аса маңызды» немесе
«Маңызды» деп анықтаған қауіпсіздік тұрғысынан осал жерлер де қамтылады.
o
Стандартты арнайы қолдау: Қолдау мерзімдері 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін
бітетін өнімдерге қолдау көрсетеді, MSRC «Аса маңызды» деп анықтаған
қауіпсіздік тұрғысынан осал жерлер жаңартулары қамтылады. MSRC «Маңызды»
деп бағалаған осалдықтар үшін қауіпсіздік жаңартуларын қосымша ақыға сатып
алуға болады.
o
Маңызды арнайы қолдау: MSRC «Аса маңызды» деп бағалаған осалдықтар
үшін қауіпсіздік жаңартуларын әр жаңарту, әр құрылғы үшін қосымша ақыға
сатып алуға мүмкіндік береді. «Маңызды» деп бағаланған қауіпсіздік
жаңартулары қамтамасыз етілмейді.
Арнайы қолдаудың ең қысқа мерзімі — бір тоқсан. Тұтынушылар келесі есепшот
ұсынылатын күннен кемінде 14 күн бұрын хабарлай отырып әр тоқсан сайын Арнайы
қолдаудан бас тарта алады.
Қауіпсіздікпен байланысты емес жылдам түзетулер (мыс., уақыт белдеуі немесе жазғы
уақыт мәселелері бойынша) де қосымша ақы үшін ұсынылуы мүмкін.
Сіз белгілеп, атаған контактілер үшін қауіпсіздік жаңартуларына және қауіпсіздікпен
байланысты емес жылдам түзетулерге (қолжетімді болса) кіру мүмкіндігін сұрауға
болады. Осы белгіленген контактілерге енгізілген кез келген өзгертулер жайлы
хабарлауға келісім бересіз. Алдын ала жазбаша келісімсіз қауіпсіздік жаңартулары мен
жылдам түзетулерді филиалы болып табылмайтын үшінші тараптарға таратуға болмайды.
Арнайы қолдауға қосымша мүмкіндіктер, функциялар немесе дизайн өзгерістерін, не
болмаса кепілдік бойынша қолдау сұрау мүмкіндігі кірмейді.
Жылдам түзетулер үшін жіберген сұрауларыңызға жауап беру үшін коммерциялық
тұрғыдан ақылға қонымды күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, сіз қауіпсіздік жаңартуын
немесе жылдам түзетуді, соның ішінде Аса маңызды және Маңызды қауіпсіздік
жаңартуларын жасау немесе қауіпсіз емес ұсыну мүмкін болмайтын жағдайлар болуы
мүмкін екенін мойындайсыз.
Проблемаларды шешу бойынша қолдау үшін берілетін барлық сұраулар тағайындалған
байланысатын тұлғаларыңыз тарапынан телефон арқылы жіберілуі керек.
Егер Microsoft корпорациясынан тікелей реттелетін қолдау көрсетілімі сатып алынса,
қауіпсіздікпен байланысты емес жылдам түзетулерін және Microsoft қауымдық
лицензиялау немесе Microsoft қызмет провайдері лицензиясы келісімімен алынған
тізімделген өнімге (өнімдерге) қоса тізімделген өнімге (өнімдер) қолданбалы қауіпсіздік
жаңартуларын қолдануға болады.