Таңғы ас міндетті болуы қажет
Таңғы ас бүкіл жұмыс күніне әсер етеді. Таңертең тамаққа дейін жарты сағат бұрын газдалмаған жылы таза су ішу қажет (бір-екі стақан). Таңғы ас үшін аса оңтайлы нұсқа – сан алуан ботқалар, сондай-ақ, таңғы асқа жұмыртқадан тағам (күніне 2 жұмыртқадан және аптасына 4-6), көкөніс салатымен, майсыз қаймақ пен жеміс/жидек қосылған ірімшікпен.
Тағамға қатынасты өзгерту қажет
Әрбір тағам өнімінің калориямен өлшенетін энергетикалық құндылығы бар. Бірақ, барлық калориялар бірдей емес. Майлы бөлішкеден, қанттан, кондитер өнімдерінен, чипсіден, жүгері үлпектерінен алынатын калориялардың организмге пайдасына қарағанда зияны көп. Бұл өнімдерді
«бос калориялы» атайды, себебі, олардың негізінен, қоректік емес, энергетикалық құндылығы басым.
Жармалар, көкөністер, жемістер, бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар, балық секілді табиғи, тұтас өнімдерден алатын калориялар – оң әсер етеді, себебі, құрамында алуан түрлі қоректік заттектері бар.
Қанттарды тұтыну тәбетті бақылауға әсер етеді. Адамдар өздері байқамастан, оны артық тұтынады, ал технологиялық өңделген өнімдерде қант жасырын түрінде көп болады. Семіздікке шалдыққан адамдардың көпшілігі осы өнімдерді ұнатады. Осындай тағамды тұтынбау салмақты азайтуға көмектеседі.
Тез сіңетін көмірсуларға толы тағам (тазартылған қант, ұсақ тартылған ұн, картоп-чипсілері, тазартылған күріш, жүгері және күріш үлпектерінен дайын астар) қандағы глюкоза мен инсулиннің деңгейін күрт арттырады, ал бұл диабеттің, семіздіктің, жүрек ауруларының, қатерлі ісіктің қаупін арттырады. Адамның қалыпты тіршілігіне көмірсулар қажет болғандықтан, қандай көмірсуларды адам тұтынуы тиіс деген сұрақ туындайды.
Қандағы глюкоза мен инсулиннің деңгейінің күрт артуынан болатын жоғарыда аталған аурулардың алу үшін глюкоза қанға асықпайтын түрде, баяу және біртіндеп түсуі қажет.
Тұтас дақылдарда, көкністер мен жемістерде, бұршақ тұқымдастарда болатын күрделі көмірсуларды баяу көмірсулар деп атайды, себебі, олардың қорытылуында қандағы глюкоза деңгейі баяу көтеріледі, демек, инсулин баяу жылдамдықпен өндіріледі және осылай қанға өтеді. Сондықтан, осы өнімдер организм үшін көмірсулардың басты жеткізушілері болуы тиіс және адамның рационының негізін құрауы қажет.
Ақуыздың негізгі көзі ет болуы дұрыс емес, ақуыздың көзін сүт және балық өнімдері, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар, дән-тұқымдары мен жармалары құрағаны жөн, себебі, ет өнімдерінің молшылығы жүрек- қантамыр және онкологиялық аурулардың қаупін арттырады. Заттектер алмасуы салауатты болуы үшін қаныққан жануар майларын (сүт майын қоса), мүмкіндігінше, азырақ тұтыну қажет. мысалы, сары май мен қаймақты – тәулігіне 30 грамнан асырмай, еттің көрінетін майын алып тастап, құс етін терісіз тұтыну қажет, себебі еттің өзінде жасырын майдың жеткілікті мөлшері болады. Еруі нашар, жануар майларын шамадан тыс көп тұтыну семіруге және қан тамыры қабырғаларында «нашар» холестериннің жинақталуына апарады, денсаулыққа кері салдарын тигізеді. Керісінше, қанықпаған өсімдік тектес майлардың (алғашқы суық сығу әдісімен алынған), балық және жылқы майының денсаулық пен сымбат үшін оң әсері мол. Бұл орайда денсаулық үшін омега-3 майларының (балық өнімдерінің майлары, сора (кендіршөп) және соя майлары) пайдасы аса зор.
Достарыңызбен бөлісу: |